Еуразиялық топ құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатының бірінші ұсатып байыту фабрикасында орнатылған гидрожіктеме сынақтан сәтті өтті. Жаңа қондырғының арқасында енді байытылуы қиын шлам қалдықтарын қайта өңдеп, одан қосымша концентрат алуға болады.
2015 жылы бірінші ұсатып байыту фабрикасында «Сетко Қазақстан» компаниясы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өнеркәсіптік гидрожіктеме қондырғысын әкеліп орнатқан болатын. Бұл қондырғы ұсақ түйіршікті материалдарды ірілігі мен қалыңдығына сәйкес бөлшектеп, шикізатты гравитациялық байытуға дайындау үшін қолданылады.
Жаңа өндірістік желі сынақ жұмыстары кезеңінде өзінің тиімділігін танытты. Қондырғы бұған дейін өндірістік қалдық саналып келген байытылуы қиын шлам қалдықтарын қайта өңдеп, қосымша байытуға алғышарт жасайды. Осылайша бұрын су шаю картасына жөнелтіліп келген шлам қалдықтарынан ендігі жерде негізгі компонент – хромды бөліп алуға болады. Өз кезегінде бұл айына қосымша 800 тонна концентрант өндіруге мүмкіндік беріп отыр.
– Осы құрылғы жұмысының нәтижелерін ескере отырып, тағы да бір гидрожіктеме қондырғысын сатып алу жөнінде шешім қабылданды, – деді ұсатып байыту фабрикасының бас технологы Александр Лухменов.
– Бұл Еуразиялық топтың 2016 жылға арналған тауардың өзіндік құнын 10 пайыз төмендету және тиімділікті арттыру жөніндегі бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Тау-кен металлургия саласында қазір қалыпқастан күрделі кезеңде біздің компанияда осындай жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру ерекше маңызды, – деп атап өтті Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Марал Бекеев. – Жоба өндіріс шығындарын төмендете отырып, біздің өнімнің әлемдік металдар нарығында бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді. Шлам қалдықтарынан қосымша концентрат алу, алдымен өнімділікті арттыруға, сәйкесінше жұмсалатын шикізат шығынының үлесін азайта отырып, түпкі өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында кәсіпорынның қуатын арттыратын осындай ішкі резервтер іске қосылуы маңызды болмақ. Бұл кенді тереңірек өңдеуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сондай-ақ, тау-тау болып жатқан өндірістік қалдықтардың да кәдеге жаратылуына қол жеткізеді. Сондай-ақ, экологиялық жағдайды сауықтыруға да алғышарт жасайды. Мұның өзі қазіргідей әр тиын есепте болатын қаржылық күрделі жағдайда кәсіпорынның дағдарысты еңсеруіне мүмкіндік береді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы,
Хромтау ауданы

Президенттің Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды - Руслан Желдібай
Президент • Бүгін, 18:58
Токио бағыты: Қазақстан дипломатиясындағы жаңа маневр
Сұхбат • Бүгін, 17:46
Шымкентте науқастың бүйрегін емдеп, қайта өзіне салды
Шымкент • Бүгін, 17:24
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 16:54
Допинг дауынан кейін Әлімханұлына қатысты шешім шықты
Спорт • Бүгін, 16:33
Балалар құқықтарын қорғау комитеті жаңа алаяқтық туралы ескертті
Қоғам • Бүгін, 16:18
Келесі жылы жұмыссыздар үшін медсақтандыруды әкімдік төлейді
Медицина • Бүгін, 15:51
Алматы қалалық күрес федерациясы 2025 жыл үздігі атанды
Алматы • Бүгін, 15:38
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар
Әлем • Бүгін, 15:20
Президент 21-22 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласына барады
Президент • Бүгін, 14:58
Банктің мобилді қосымшасын бұзған: 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:39
Денсаулық сақтау саласының үздік 7 көрсеткіші аталды
Денсаулық • Бүгін, 14:20
АҚШ Сирияда әскери операция бастады
Әлем • Бүгін, 13:52
Бюджет қаражатын жымқырды: Жетісу облысында мәдениет үйін жөндеу үшін 212 млн теңге рәсімделген
Жемқорлық • Бүгін, 13:19
Қыста мұз қатпай тұрып өзен-көлдерге шыққандар айыппұл төлейді
Қоғам • Бүгін, 12:58