16 Сәуір, 2016

Елбасы тапсырмасына – ерекше назар

266 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
A26J839577«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қатысуымен партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі мен мүшелері, өңірлік филиалдар мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың партия фракциялары басшыларымен отырыс болып өтті. Бейне-конференциялық байланыс режімінде партияның өңірлік филиалдарының өкілдері де қатысқан шара барысында Елбасының 24 наурызда өткен Саяси кеңес бюросында барлық деңгей­дегі фрак­циялар мен жалпы партия­ның алдына қойған 6 нақты қа­дам­ды іске асыру мәселелері талқы­ланды. А.Мырзахметов партия Саяси кеңесі бюросының және Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының алғашқы отырысында партия Төрағасы алға қойған міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асырудың маңызды екенін алға тартты. Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындауда партияның алатын орны ерекше. Сол себепті партия Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы пар­тиялық фракциялардың жұмысын жетілдіріп, олардың өзара байланысын нығайту мәселесіне ба­сымдық беруі тиіс. Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі Гүлмира Исімбаева атап өткендей, фракция жұмысы Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді іске асырудың шеңберінде құ­рылады. Оның айтуынша, бес инс­титуттық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт Жоспары аясында қабылданған 59 заңның жүзеге асуына жүйелі түрде партиялық мониторинг жүргізіліп, оларды халыққа жеткізу, түсіндіру жұмыстары іске асады. Фракция жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында оның құрылымы бекітіліп үлгерген. Сонымен қатар, «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен мемлекеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы айрықша бақылауда. Бұл үшін түйткілді мәселелер мен бөлінген қаражаттың жұмсалу тиімділігін арттыру бойынша фракция отырыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, Сайлауалды бағ­дарламаны уақтылы әрі сапалы іске асыру мақсатында бағ­дарлама бағыттары бойынша пар­тиялық тәлімгерлер жұмысы ұйым­дастырылады. Оған қоса, пар­тия хатшысы Н.Годунованың ай­туынша, партия жанындағы са­­рапшылық топтардың жұ­мы­сы жалғасатын болады. Олар­дың құрамы да Парламент Мәжі­лісін­дегі партия фракциясы құра­мы­ның өзгеруіне байланыс­ты біршама жаңарды. Партия тұрғындардың өзекті мәселелерін анықтау мен шешу бағытындағы жұмысын, оның ішінде партиялық жобаларды іске асыруды жандандырмақ. Демо­кратиялық күштердің жалпы­ұлттық коалициясы, жемқорлыққа қарсы кеңестер мен кәсіпкерлікті қолдау бағыттарындағы жұ­мыс­тар да белсенді жүргізіледі. Партия хатшысы Ф.Қуанғанов өз сөзінде партия үшін аса маңыз­ды бағыттың бірі Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара байланыс­ты орталық және өңірлік дең­гейде қамтамасыз ету екендігін атап көрсетті. Партия аппаратының басшысы Ж.Қожахметовтің айтуынша, бүгінгі таңда фракцияның орта­лық пен жергілікті жер­лер­дегі жұмысы халықтың ағым­дағы мәселелерін шешуге ар­налуы керек. Яғни, бұл үшін де фракция мүшелерінің қоғам­дық кеңестерге қатысуы және екі жақты «кері байланыс» ны­ғайып, қоғамдық қабыл­дауларда қа­былдаулар саны артып, жұрт­шы­лықпен тұрақты кездесулер өткізілуі керек. Осы тақырыпты партия хатшысы Қ.Жұмашев жалғастырып, жергілікті мәслихаттарға жаңадан сайланған депутаттардың алдында ауқымды міндеттер тұрғанын айтты. Сондай-ақ, ол фракция мүшелерінің жұмысы регламент бойынша бағаланып, рейтингісі шығарылатынын жеткізді. Ал «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Ш.Байманов партияның жастар сая­сатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарына тоқталды. Әсіресе, осы бағыттағы мемлекеттік бағ­дар­ламаларға терең талдау жасалатынын атап өтті. Сонымен бірге, шара бары­сында Павлодар облыстық мәс­лихатындағы партия фрак­ция­сының жетекшісі А.Оспанова мен партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлеймен сөз алып, партияның жергілікті құрылымдарындағы жаңа жұмыс бағыттары жайлы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша партия Төрағасының бірінші орынбасары партияның алдында тұрған мақсат-мін­деттерді ойдағыдай жүзеге асыруға барлық мүмкіншіліктері бар екенін айтып, әріптестеріне сәттілік тіледі. Сәулебек БІРЖАН