16 Сәуір, 2016

Әнші аяғының құны – 35 млн. доллар

420 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
әлемӘлем-жәлем әлем Америкалық 46 жастағы әнші Мэрайи Кери жақында өзін 70 млн. долларға сақтандырды. Соның ішінде ол аяғының құнын мұның тең жартысына бағалаған. Бұған әншінің қазір даңқы дүрілдеп тұрғаны айрықша әсер етсе керек. Осы тұста ол біраз артық салмағын жоғалтып, алдағы тамыз айында болатын үйлену тойына қызу дайындалып жатқан көрінеді. Пысық жігіт пәтеріне сыра ағатын құбыр кіргізген 15-04-16-pivoprovodРесейдің Челябі қаласының тұр­ғыны өзінің пәтеріне сыра ағатын құбыр тартып алыпты. Ас үй­дегі кранның бірінен су ақса, екіншісінен салқындатылған көбікті сусын лекілдей жөнеледі. Жоғары білімді механик Андрей Ермаков осылай өз арманын жүзеге асырыпты. Ол тұрбаны пәтерінің астындағы магазиннен тартыпты. Басында идеяға таңғалған сауда жүйесінің басшылығы жобаны қайта жасап, оны тұрғын үй инспекциясында тіркетіп алған. Қазір айтылған пәтерге мына «ғажайыпты» көрмекші болып келетіндер көп көрінеді. Футболшының шашын алу үшін матч тоқтатылды Сауд Арабиясында «әл-Шабаб» және «әл-Кадисия» футбол командалары арасында өтіп жатқан чемпионат матчы кезінде қақпашы Валид Абдулланың шашын тура алаң үстінде алуға тура келген. Бұл шара кездесу төрешісінің ұйғарымы бойынша жасалған. Ол алаң иелері голкиперінің шашы тым өсіп кеткенін байқаған соң, осындай қадамға барған. Ал исламда ер адамның шашты шамадан тыс өсіріп жіберуі діннің әдебін қорлағандық болып табылады. Жалаңаш конкурсқа қатысқан мұғалім қызметінен кетті 15-04-16-tverkМексиканың бастауыш сыныптарға сабақ беретін 24 жасар мұғалімі жағажайда жартылай жалаңаш тверк көрсеткені үшін қызметімен қоштасуға мәжбүр болды. Кларисса есімді бойжеткен өз жұмыс орнынан 400 миль қашықтықта орналасқан жерге демалуға барғанында жағажайда қан қыздыратын музыканың әуенімен өткен жартылай жалаңаш тверк конкурсына бикини «кәстөмімен» қалай қосылып кеткенін өзі де байқамай қалған. Сымбатты сұлу сол сайыста бас бәйгені иемденіп, 260 доллар ақша алған. Бірақ Кабо-Сан-Лукас курортын дүрілдеткен бұл жеңіс оған өте қымбатқа түскен. Сол сәттер түсірілген видео желіден көрінген бойда өзі де қызметтен қуылып кеткен. 12 жасар бала екі күн Австралия премьері болды «Википедияның» қайта өңделген беттері арқасында 12 жасар бала Австралияның 30-шы премьері болып шыға келді. Мұны Орли Фенелон есімді балақайдың өзі жасапты. Ол сайтта жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын пайдаланып, өз атын Австралия премьер-министрлері онлайн-энциклопедиясы тізіміне кіргізіп жіберген. Осылайша, Фенелон осыншалықты жоғары орынтақта отырған ең жас лауазым иесі атанып шыға келген. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде дайындалды