– жас ғалымның жаһандық жаңалығы
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келген жас маман Бауыржан Айтуов басқаратын InnoDent компаниясы медицина саласында бұрын-соңды болмаған препарат ойлап тапты. Жаңа жабдықтың аты – InnoDent. Ол әлемнің АҚШ, Израиль, Ресей, Қытай мен Жапония сияқты медицинасы жақсы дамыған мемлекеттерінде де жоқ.
Біз сөз етіп отырған InnoDent дәрісі кариесті емдеуге арналған. Дәрі тісті бастапқы кездегі қалпына келтіреді. Бауыржан Айтуовтың айтуынша, InnoDent кариесті ерте сатысында емдеу үшін пайдаланылады, тез әрі ауыртпай емдейді.
Бүгінде елімізде кариестің Кеңес Одағынан қалған медициналық тәсіл бойынша емделіп жатқаны белгілі. Оның кең таралған тәсілі – пломба орнату. Біздің емханаларымызда дәрігерлер жаңа сапалы пломбалық материалдарды пайдаланады. Соңғы кездері кариесті ауыртпай емдейтін қазіргі заманғы стоматологиялық құрал-жабдықтар қолданылады. Қазір, жасыратыны жоқ, адамдардың барлығы кариесті емдеу үшін осы тәсілге жүгінеді. Адамдар тісті тазалап, пломба жасатып алуға үйренген. Оны өзіміз де жасататынымыз жасырын емес. Ал Бауыржан Айтуовтың ұсынып отырған тәсілі мүлдем басқаша. Оның айтуынша, кариесті пломба жасатып емдеу уақытша нәрсе.
– Пломба сапасына қарай бірнеше жыл ғана тұрады. Сондықтан осы күнге дейін кариесті пломба жасатып толық емдеу мүмкін болмай тұр. Ал біздің ойлап шығарған препаратымыз бұзылған эмальді қайта қалпына келтіру жолын ұсына алады. InnoDent дәрісі эмальдің табиғи өсіп-жетілуіне ықпал етеді. Соның нәтижесінде, химиялық препараттар мен акрилді материалдарды пайдаланбай-ақ кариестің кесірінен бұзылған эмальді жаңадан қалпына келтіріп, өсіріп шығаруға болады. Емдеу ұзақтығы – 15 минут. Ем ауыртпай жасалады. Жаңа эмаль бір айда өсіп шығады. Ол үшін жаңа препараттың бір тамшысы жетіп жатыр. Тың технология кариесті хирургиялық әдіссіз емдеп шығуға жаңа мүмкіндік береді. Мұны тіс емдеу саласындағы соны жаңалық десе болады, – дейді ол.
Бауыржан Айтуов бұл жобаны бірінші жылы «Даму» бағдарламасы бойынша жүзеге асырған. Сосын Астанада екі жыл жұмыс істепті. Аталмыш жобаны ғылыми ғана емес, сондай-ақ, бизнестік жоба десе де болады. Мұны ол өзі де жасырмайды. Осы жобаны бизнеске айналдыру үшін алдымен бизнес-жоспар, оның жолдары болу керек дейді. Оның айтуынша, қазір Қазақстан мен Ресейде InnoDent препаратына қызығып жатқан екі-үш компания бар.
«Қазір біздің жұмысымызға, жобамызға қызығушылық танытып жатқан компаниялар табылды. Солар арқылы дәрілерді стоматологияларға жеткізуге тырысамыз. Дегенмен, біздің негізгі мақсатымыз ақша тауып, пайда көру емес. Дәл қазір біз дәрігерлерге жаңа дәріні қолдануды үйретіп, тәжірибе бөлісуді мақсат етіп отырмыз. Содан кейін ғана көтерме сауда арқылы нарыққа шығамыз. Ол үшін біз алдымен ғылыми патент алуымыз керек. Қазір елімізде дәрінің патенті бар. Енді Ресей мен Қытайда патент алсақ, шетелдердің нарығына шыға аламыз. Әсіресе, бізді Қытай қатты қызықтырып отыр. Өйткені, ол үлкен нарық», – дейді ол.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:23
Алматыда биыл 20 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Қоғам • Бүгін, 11:59
Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 11:52
Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі 5 күн бойы өтеді
Елорда • Бүгін, 11:40
2025 жылы Қазақстан спортшылары қандай жетістіктерге қол жеткізді?
Спорт • Бүгін, 11:30
Елімізде тоғыз банк тарату сатысында тұр
Банк • Бүгін, 11:21
Қонақ үйлер заманауи стандарттарға сай жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 11:15
Елімізде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өсті
Туризм • Бүгін, 11:05
Құжаттар мен лицензиялардың мерзімін қалай уақытында ұзартып отыруға болады?
Қоғам • Бүгін, 11:00
Балқаш әуежайының модернизациясы қашан аяқталады?
Оқиға • Бүгін, 10:57
Ішкі жалпы өнімдегі орта бизнестің үлесі қандай?
Бизнес • Бүгін, 10:45
Елімізде 500 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығарылды
Экономика • Бүгін, 10:40
Биыл Қонаев спортшылары түрлі жарыстардан 111 алтын иеленді
Спорт • Бүгін, 10:35
Жұмысшы еңбек адамдары ардақталды
Аймақтар • Бүгін, 10:32