Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
18937 материал табылды

Экономика • 11 Желтоқсан, 2019

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі құрылды

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы шамамен 100 кәсіпорын салалық міндеттерді бірлесіп шешу үшін бірікті және «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі «Qaz Textilе lndustry» өзін-өзі реттеу ұйымын құрды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Экономика • 11 Желтоқсан, 2019

Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезі өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезі өтті. ҚР ИИДМ және «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен өткен жиын мемлекеттің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін біріктіруді көздейді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Парламент • 11 Желтоқсан, 2019

Мәжіліс көші-қон процестерін реттеу бойынша Заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарап, оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2019

Қазақстан Елшісі Латвия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасының Президенті Эгилс Левитске сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент • 11 Желтоқсан, 2019

Қазақстан Президенті «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Үкімет • 11 Желтоқсан, 2019

Үкіметте жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселесі талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2019

Адамның даму индексі бойынша Қазақстан 189 елдің ішінен 50-орынға ие

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) негізгі құжаты - «Адам дамуы жөніндегі есебі 2019» ұсынылды. 

Тағайындау • 11 Желтоқсан, 2019

Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі ақын Қалқаман Сарин Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Facebook парақшасында жазды.  

Руханият • 11 Желтоқсан, 2019

Димаштың Нью-Йорктегі концерті қалай өтті (фоторепортаж)

Нью-Йорктегі 19 мың көрерменге арналған Barclays Center-де Димаштың концерті өтті. Әнші «Arnau tour ENVOY» аясындағы сапарының жаңа бағдарламасымен өнер көрсетті. Әншінің өзі бұрын айтқандай, концерттік бағдарлама көрермендерге қазақтың төл өнерін қазіргі заманғы интерпретациямен таныстырды. Нью-Йорктегі шоудың негізгі тақырыбы «Космос және Әлемнің шексіздігі» болды. 

Қоғам • 11 Желтоқсан, 2019

Аграрлық грантпен ЖОО-да оқыған түлектер ауылда 3 жыл жұмыс істейтін болады

Ауыл жастарына арналған квота бойынша аграрлық жоғары оқу орындарын бітірген түлектер 2020 жылдан бастап ауылдық жерлерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.