Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1426 материал табылды

Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2023

Бағыты айқын қор

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев Солтүстік Қазақстан облысында болып, қордың қамқорлығын көріп отырған бірнеше ұйымның жұмысымен танысты. Соның ішінде құлағы естімейтін балалардың арнаулы мектеп-интернатына да ат басын бұрды.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2023

Тиімді қарым-қатынас орнатылды

Жуырда Қытайдың Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Иде бастаған делегация Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына жұмыс сапарымен келді. Делегацияның құрамына Үкімет мүшелері және ірі компаниялардың басшылары болды.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2023

Түйткілдің түбіне бойласақ...

2020 жылы жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауда Мемлекет басшысы кәсіби білім берудің маңызына тоқталып: «Кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн», деген еді. Президенттің осы тапсырмасын іске асыру үшін Үкімет жастарды кәсіби білімге ынталандыру мақсатында қаражатты үйіп-төгіп бөлді. Осы бағытта білім алғысы келетін жас буын мемлекеттік грантпен тегін оқытып, жатақханамен тегін қамтамасыз етіліп, шәкіртақы да алып тұратын болды.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2023

Жиын-терімнің жоспары қомақты

Солтүстік Қазақстанның егіс алқаптарында қызу жүріп жатқан орақ науқаны дәнді дақылдар ғана емес, дәнді-бұршақты дақылдарды да жинау үстінде. Сондай-ақ биыл майлы дақылдар мен картоптың және көкөністердің де үлесі қомақты. Жауын-шашынның кей жерлерде құйып өткеніне қарамастан, облыс бойынша жиын-терім жұмыстары қарқынды жүргізіліп отыр.

Аймақтар • 30 Тамыз, 2023

Ауыл мектебіне – арнайы автобус

Жаңа оқу жылының қарсаңында Сол­түстік Қазақстан облысындағы ауыл мектептеріне заманауи үлгідегі 29 ав­то­бус берілді.

Аймақтар • 24 Тамыз, 2023

Солтүстік газға мұқтаж

Парламент депутаттарының қазір демалыста жүргені белгілі. Осы сәтті пайдаланып Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Еркебұлан Мәмбетовке жолығып, әңгімелескен едік.

Шаруашылық • 23 Тамыз, 2023

Орақ науқаны қыза түсті

Еліміздің терістігінде үлкен орақтың басталып кеткеніне біраз күн болды. Бүгінгі таңда барлық егіс алаңының 20 пайызға жуығы жиналды. Егер алдағы күндерде де күн райы қолайлы болса, бүгінгі техникалардың өнімділік қарқынымен бар астықты бір айдың көлемінде жинап алуға болады.

Басылым • 17 Тамыз, 2023

Атасы жақсы қандай-ды...

Елімізге кеңінен танымал азамат, республикалық «Ардагерлер ұйымы» орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, тарих ғылым­дарының докторы Өмірзақ Озғанбаевтың құрастыруымен жуыр­да «Барлыбаевтар ақиқаты» атты жинақ­ жарық көрді.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2023

Жол сапасы жақсарып келеді

Кейінгі жылдары Солтүстіктегі жол сапасының төмендігі туралы аз жазылған жоқ. Зырылдаған шетелдік көліктердің бәрі сапасыз жолдардан санын соққандай тепеңдеп, текіректеп қалып жатады. Бұрынғы әкіміміз Құмар Ақсақалов облыстың барлық шетінде іске қосылып жататын тауарлы-сүт фермаларының ашылуына осы жолдармен үнемі барып жүрсе де, жол сапасын арттыруға соншалықты мән бермеген еді. Жалпы, жолдарды жөнге келтіру күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болуы керек екені белгілі.

Руханият • 15 Тамыз, 2023

Руханият мерекесі

Абай күні Петропавлдағы С.Мұ­қа­нов атындағы ғылыми әмбебап кітапханада кеңінен аталып өтті. Жиналғандар данышпан ақынның мәңгі өлмейтін өлең­дері мен қарасөздері туралы әңгі­мелер мен ғылыми баяндамалар­ды ғалымдар, әдебиетшілер, мек­­теп мұғалімдері, колледж ұс­таз­дары ғана емес, әскери бө­лім­­нің тәлімгерлерінің аузынан қызы­ға тыңдады.