Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1488 материал табылды

Аймақтар • 20 Қараша, 2023

Тәлімі мол әкелер форумы

Жуырда Петропавлдағы «Digital Urpaq» оқушылар сарайында «Мен сенің өміріңнің жалғасымын...» атты облыстық әкелер форумы өтті. Мұны «Сенімен болашақ» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы мен «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырды.

Қоғам • 13 Қараша, 2023

Ынтымақтастық қарқыны үдей түседі

Қазақстан мен Ресей Федерациясының 500 адамнан артық адам қатысқан өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен жүздесті. Кездесуде екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz. 

Құқық • 07 Қараша, 2023

Жаза қатаң болмаса...

Мемлекеттің қалыпты өмір сүруінің маңызды және міндетті элементтерінің бірі – қоғамдық тәртіп. Мұны қалыптастырмай, қоғамның тыныс-тіршілігін елестету мүмкін емес.

Денсаулық • 07 Қараша, 2023

Жұқпалы дерт дендеп тұр

Суық түссе Солтүстікте тұмауға шалдыққан адамдар көбейеді. Бұл – қалыпты жағдай. Халық оған қарсы күресудің, вакцина алудың жолдарын әбден меңгерген. Бірақ кейінгі жылдары балалар арасында қызылшаның көбеюі медицина қызметкерлерін алаңдатып отыр.

Сайлау • 05 Қараша, 2023

Үш кандидаттан сайлауға түсті

Еліміздегі 45 аудан және облыс деңгейіндегі қала әкімдерін тікелей сайлаудың қанатқақты режіміне Солтүстік Қазақстан облысынан Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандары енгізілген. Жексенбі күні таңертеңнен осы аудандарда дауыс беру басталды.

Аймақтар • 01 Қараша, 2023

Апаттан сақтаудың амалы

Автомобиль жолдарын қақаған қыста күтіп ұстау мен сақтаудың ерекше әдістері бар. Қалың қарды сырып тастағаннан кейін жұқа қар күннің көзімен жіпсіп еріп, шағын ойықтарға құйылады. Ол жерге қатқан мұздың көлемі үлкейіп, асфальтты бұзады. Сөйтіп, бұрынғы ойықтарды үлкейтіп, шұңқырға айналдыруы мүмкін.

Экономика • 29 Қазан, 2023

Өркендеуі баяулаған өңір

Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 айдағы қорытындысы бойынша облыс әкімдігінде болған отырыста есеп берген экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов өңірдің өсіп-өркендеуінде баяулаудың орын алғанын жеткізді. Өткен 9 айдағы көрсеткіш бойынша облыстың экономикалық индикаторы республикалық деңгейде 19 орынға құлдыраған. Егер былтырғы сәйкес мерзімімен салыстырғанда республика бойынша орташа көрсеткіш 104,6 пайыздық өсімді көрсетсе, біздің облыс керісінше 3,7 пайызға төмендеген.

Аймақтар • 15 Қазан, 2023

Өндірістің қуаты мен қарқыны

Петропавлдағы «Қызыл­жар» арнайы эконо­ми­ка­лық аймағына инвес­ти­ция салып, Германия­ның жо­ғары сапалы ауыл ша­руа­шылығы техникаларын шығаруды қолға алған кәсіпорындардың бірі «Reimann» ЖШС. Оның Петропавлда тіркел­геніне бір жарым жылдай уақыт болды. Директоры – Владимир Ковшов.

Аймақтар • 12 Қазан, 2023

Солтүстік Қазақстан облысы: Отын нарқы ойнап тұр

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукиннің айтуына қарағанда, бүгінгі таңда көмірдің бағасы тұрақты емес. Түрлері мен сапасына қарай оның бір тонна­сының бағасы 12 500 теңгеден 20 мың теңгеге дейін құбылып тұр.

Қоғам • 11 Қазан, 2023

Қоғамдық келісімді өнер ұштайды

С.Мұқанов атындағы ғылыми кітап­ханада қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің отандық моделін насихаттау аясында қолға алынған «Қазақтану» жобасы тал­қы­­ланды.