Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1489 материал табылды

«Таза Қазақстан» • 15 Қазан, 2024

Жақсылық жаршысы

Мемлекет басшысы ұйытқы болған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында елді мекендердің, ормандардың, саябақтар мен скверлердің аумағын тазарту жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.

Аймақтар • 12 Қазан, 2024

Экономика жанданса, тұрмыс түзеледі

Облыс экономикасының дамуы туралы сөз қозғағанда алдымен ауылдық елді мекендерді ескерген абзал. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, ауылдық округтердің қаржылық, экономикалық мүмкіндігін арттыруға өздерінің бюджеттері ашылғаны белгілі. Бұл республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) бюджеттен кейінгі төртінші деңгейдегі бюджет деп аталды. 2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысында осы бюджетке төрт түсім көзі берілген. Бұлардан түсетін түсім орта есеппен 417 млн теңгеге бағаланған. Ал 2023 жылы төртінші деңгейдегі бюджеттің түсімі 2,9 млрд теңгеге жетті.

Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Ертеңге деген сенім

Референдум күні солтүстікте ауа райы жылымық болғаны­мен, күн бұлыңғыр тартып тұрды. Көшедегі жаяу жүрген қа­раң-құраңның әдеттегі жексенбіден молырақ екеніне қарағанда, жұрттың дауыс беруге барып жатқаны сезіліп тұр.

Қоғам • 02 Қазан, 2024

Академик Аманжол Қошановқа арналған конференция

Тәуелсіздігін алған еліміз жа­ңа экономикалық бағыт­қа, яғни нарықты игеру жолы­на түсуге бет алғанда ға­лым­­­дарымыз оны шұғыл зерт­­­­­теп, өкіметке оңтайлы ұсы­­­­ныс­­тар жасауға ты­рыс­­ты. Соның ішінде академик Аман­жол Қошанов (1934–2021) отан­­­дық экономикалық ғы­лымды қайта құруға, на­рық­қа өтудің ғы­лыми негіз­де­рін қамтамасыз етуге ұм­­­­тылды. Оның ғы­лы­ми ж­е­­тек­­шілігімен бір топ ға­лым «Аралас эко­но­ми­калық қо­­­­­­ғам қа­лып­тас­тыру – Қазақ­стан­­­ның нарық­тық дамуы­ның транс­фор­ма­­циялық ­үл­гі­­сі» атты жаңа бағыт қалып­тастырды.

Жәдігер • 02 Қазан, 2024

Баукеңнің Гданьск музейіндегі мүштігі

Польшаның Гданьск қаласының музейінде қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлына Сталин сыйлаған мүштік тұрғанын естіп, таңғалдық. Ал хабарды жеткізген ауылдасымыз Әбілқайыр Мұстафин «суретін жіберемін, астында поляк және ағылшын тілдерінде жазылған түсінік сөз бар» дегенде, нанбасымызға болмады.

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

Саудадағы салық инфляцияны үдетті

Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің мәліметіне қарағанда, тамыз айында өңірдегі инфляция деңгейі 9,1% болған. Азық-түлік тауарлары – 6,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар 8,5%-ға қымбаттаған. Ақылы қызмет бағасы 14%-ға жеткен.

Өндіріс • 26 Қыркүйек, 2024

Заман сұранысына бейімделген кәсіпорын

Петропавл қаласында КСРО Әскери-өнеркәсіп кешенінің бес бірдей ірі зауыты болғанын бұрын да жазған едік. Бәрі де Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Ресей қалаларынан көшіріліп әкелінген. Соғыс аяқталған соң оларды қайта бұзып, көшіріп әкету одақтың сая­си бағытына да, экономикалық мүддесіне де кереғар болып, елімізде қалдырды. Зауыттар теріскейді басқа халықтармен толтыруға қызмет еткенімен, облыстың экономикасын өрістетуге жол ашты.

Құқық • 25 Қыркүйек, 2024

Қылмысты әшкерелеуге тұрғындар көмектеседі

Қоғамдық тәртіпті бақылау міндеті полицияға жүктелген. Алайда халық полицияға қолғабыс білдіріп, тәртіптің сақта­луына жәрдем берсе ғана полицияның жұмысы тиімді, қоғам­дағы тәртіп нық болады.

Шаруашылық • 21 Қыркүйек, 2024

Жиын-терім берекелі болғай!

Солтүстікте биыл астықтың шығымы ересен. Бірақ соны алу қиынға түсіп тұр. Қыркүйектің ортасына дейін сілбелеп жауын жауды. Егіс алқаптарының түбінде комбайндар тізіліп, күн ашылғанымен, жер құрғамағандықтан қаңтарылып тұрды.

Шаруашылық • 20 Қыркүйек, 2024

Науқан кезінде шаруалар көмексіз қалмайды

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Тайынша ауданы Абай ауылдық округіндегі «Астық STEM» ЖШС егіс алқабында өңірдің фермерлерімен кездесті.