Аймақтар • 23 Тамыз, 2025
Бірлікке қызмет еткендер марапатталды
Петропавл қаласында «Бірлік пен келісім жолындағы – 30 жыл» атты облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы болып, оған ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, «Ассамблея жастары РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, ішкі саясат басқармасы және этно-мәдени бірлестіктер басшылары, ҚХА мүшелері қатысты. Іс-шараға қатысушылар алдымен қаладағы Абай мен Пушкин ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
Зерде • 23 Тамыз, 2025
Жуырда Қызылжарда «Мағжан орталығының» ашылғаны белгілі. Сонда болған бір ерек оқиға осы мақаланы жазуға түрткі болды.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Өткен апта Солтүстік Қазақстан облысының рухани өмірі айтулы оқиғаларға тол болды. Ол Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Туризм және спорт пен Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Түрік мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының басшылары т.б. қатысқан халықаралық жиындар еді.
Шаруашылық • 13 Тамыз, 2025
Былтыр 6,2 млн тонна астық жинап, ел бойынша рекордтық нәтиже көрсеткен Солтүстік Қазақстан облысының диқандарының қарқыны биыл да тәуір. Себебі өңір басшылығы осындай айтулы жетістікке бастайтын мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдаланып жатыр.
Абай • 12 Тамыз, 2025
Солтүстік Қазақстан облысы орталығындағы С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми, әмбебап кітапханада «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты мәдени іс-шара көрмеден басталды.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Петропавлдағы Оқушылар сарайы – қаладағы айтулы білім мен мәдениет ошағы. Онда оқушы балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
Туризм • 11 Шілде, 2025
Көрікті мекенді көруге жол кедергі
Осыдан тура бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде туризмді дамыту туралы арнайы кеңесте: «Бүгінде әлемдік жалпы өнімдегі туризмнің үлесі 9 пайыздан асты. Яғни пандемияға дейінгі деңгейге қайта келді деуге болады. Дүниежүзіндегі жұмыс орындарының шамамен 10 пайызы туризмге тиесілі. Әрбір төртінші жұмыс орны осы салада ашылып жатыр. Көрсетілетін қызметтер бойынша әлемдік экспорттың 30 пайызы, инвестицияның 7 пайызы, салық түсімдерінің 5 пайызы туризм арқылы түседі. Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мол мүмкіндік бар, экологиялық туризмнен бастап бизнес туризміне дейін дамытуға болады», деген еді.
Аймақтар • 09 Шілде, 2025
Ізгілік жолындағы ілкімді қадам
Петропавл қаласында «Уақытпен үндескен үн: Азаматтық қоғам және ұлттық құндылықтар» атты үкіметтік емес ұйымдардың ХІІ Азаматтық форумы өтті.
Аймақтар • 04 Шілде, 2025
Метеорологиялық қызмет биылғы жаздың қалыптағыдан 2-3 градус жоғары екенін айтады. Ыстық күндері қолы бос жанның бәрі, әсіресе балалар, жастар өзен-көлдер жағасына асығады. Солтүстік Қазақстан өңірінде суға түсуге болатын 60 өзен мен жылға, 2 мыңнан артық көл, жүзге жуық қазылған су қоймасы бар.
Заң мен Тәртіп • 25 Маусым, 2025
Тұтынушы құқы қалай қорғалады?
Күнделікті өмірде кездесетін мәселенің бірі – тұтынушы құқының бұзылуы. Маңдай тер, табан ақымен тапқан тиынын санап жүрген көптеген тұтынушы сауда орындары мен интернет арқылы сатушылардың қитұрқы әрекеттеріне ұшырап, зар илеп қалып жатқан жағдай аз емес. Осындай келеңсіздіктерді ескерген Үкімет «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындап, оны Парламент қабылдаған соң, осы жылдың 10 қаңтарында Президент қол қойды.