Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6803 материал табылды

Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Таразда “Дұрыс тамақтану” орталығы ашылды

Жаңа орталық Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының базасында ашылды. "Дұрыс тамақтану" орталығының жетекшісі, Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының диетологы Баян Баймұратованың айтуынша, орталықта азаматтарға дұрыс тамақтану бойынша ақпарат беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 14 Қазан, 2020

Халықаралық жүк автотасымалының көлемі 6% артты

Қазақстандық автотасымалдаушылар биылғы 9 айда халықаралық бағыттарда 10,8 млн тонна жүк тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% көп, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 14 Қазан, 2020

"Туған жерім" халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайындағы «Құланшы» заманауи өнер орталығында "Туған жерім" атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауының қорытынды нәтижесі жарияланды. Онлайн өткен шараға қатысушылар ZOOM қосымшасы арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 14 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтан емханаларына COVID-19 анықтайтын зертхана кешендері орнатылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қалалық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, ПТР анализдерін өткізу үшін қалалық емханаларда 9 изотермиялық зертхана кешенін орнату жобасын жүзеге асыруда. Бұл зерттеу көлемін ұлғайтуға және уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Кешендердің жалпы қуаттылығы тәулігіне 1,5 мың зерттеуді құрайды. Тест нәтижелері бірнеше сағат ішінде дайын болады, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда • 14 Қазан, 2020

Елордада жүздеген мектептің санитария талаптарына сәйкестігі тексерілді

Оқу жылының басынан бері Нұр-Сұлтанда барлығы 105 мектеп тексерілді, оның 89-ы мемлекеттік, 16-сы жекеменшік, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Дәріханалардың пандемияның екінші толқынына дайындығы тексерілуде

"Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері пандемияның екінші толқыны жағдайына дәріханалардың дайындығына мониторинг жүргізуде. Жобалық кеңсе менеджері Д. Кенжеғазин Өскемен қаласының орталық көшелерінде орналасқан бірнеше дәріханаларды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 14 Қазан, 2020

"Қазақстан жастары – 2020" ұлттық баяндамасы талқыланды

Нұр-Сұлтанда "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" жобасы аясында "Қазақстан жастары – 2020" ұлттық баяндамасының сараптамалық талқылауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент • 14 Қазан, 2020

Сенат депутаттары агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Бүгінде елімізде азық-түлік өндірісінің көлемі 12%-ға артып, 1 629 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен қатар отандық өндірістің ішкі тұтынудағы үлесі 80%-дан асты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2016-2019 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдерінің экспорты бір жарым есе ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент • 14 Қазан, 2020

Депутаттар химия өнеркәсібін дамытудың жай-күйі мен келешегін талқылады

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті химия өнеркәсібін дамыту келешегінің проблемаларына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • 14 Қазан, 2020

Карантин талаптарын бұзған елордалық бизнес субъектілері жабылады

Елордада мобильді топ карантин режимін сақтауды бақылау бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.