Қоғам • 14 Қазан, 2020

Халықаралық жүк автотасымалының көлемі 6% артты

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық автотасымалдаушылар биылғы 9 айда халықаралық бағыттарда 10,8 млн тонна жүк тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% көп, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық жүк автотасымалының көлемі 6% артты

Жүк экспорты – 4 млн тоннаны, импорт – 6,8 млн тоннаны құрап, 905 мың тонна транзиттік жүк тасымалданды.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында республика ішінде автокөлікпен 7,3 млрд жолаушы және 2,3 млрд тонна жүк тасымалданды. 

Ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына және пандемияның дамуына жол бермеу мақсатында Үкімет қабылдаған карантиндік шаралардан ішкі жолаушылар айналымы екі есеге азайып, автомобильмен ішкі жүк тасымалы көлемі 8 % төмендеді.

 Үкімет тапсырмасы бойынша төтенше жағдай және карантин уақытында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мынадай шаралар қабылдады:

- ҚХР, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолиямен 117 тұрақты автобус бағыты тоқтатылды;

- халықаралық және транзиттік жолаушылар тасымалына тыйым салынады;

- өңірлерге/өңірлерден жолаушыларды облысаралық және қалааралық тасымалдау тоқтатылды;

- өңірлерде автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтатылды;

-облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне ТЖ режимі кезеңінде өңірлерде автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдауды шектеу жөнінде ұсынымдар жіберілді;

- Ресей және Өзбекстанмен мемлекеттік шекара арқылы өтетін 12 жеке автомобиль өткізу пункті уақытша жабылды.

- шет мемлекеттердің құзыретті көлік органдарына халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдау кезінде санитариялық іс-шараларды сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар жіберілді;

Бұл ретте, халықаралық және республикаішілік қатынаста автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдауға шектеулер енгізілмегенін атап өткен жөн.

Ағымдағы жылдың 31 тамызынан бастап ҚР Үкіметінің шешімімен облысішілік қалааралық автобус тасымалдары қайта жанданды.

Мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік маңызы бар автобус қатынастарын ҚҚС төлеуден босату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауында.

Сондай-ақ, Министрлік автомобиль көлігінде қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірленді. Онда әлеуметтік маңызы бар маршруттарды толық субсидиялауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар көзделген. Аталған шаралар кешенін ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекіту жоспарлануда.

Халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін отандық тасымалдаушылар ағымдағы жылдың соңына дейін ершікті тартқыштарды сатып алу кезінде бастапқы тіркеу үшін алымнан босатылды.

Жалпы елімізде жүк және жолаушылар тасымалы саласында 4,5 мың компания жұмыс істейді. Олардың 17,5 мыңнан астам автокөлік құралы бар.

Соңғы жаңалықтар

Адалдық – ардың ісі

Пікір • Бүгін, 09:55

Демократияның даму көрінісі

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Өсімі жоғары өңір

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Береке белсендіге бітеді

Кәсіпкер • Бүгін, 09:30