Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының басшылығына жүктелген. Ол 2026 жылдың 19 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, 17 наурыздан бастап қала және аудан әкімдері орынбасарларының төрағалығымен құрылған шақыру комиссиялары азаматтарды мерзімді әскери қызметке қабылдау жұмыстарын бастаған.
Қарулы күштер Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Алмас Исабековтың мәліметінше, 30 маусымға дейін 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мың азаматты әскерге шақыру жоспарланған.
Психологиялық қолдау: Гвардейск гарнизонында әскерилердің тәртібі талқыланды