Қылмыс • Бүгін, 12:55

Елорда тұрғыны отбасылық жағдайын сылтауратып, ақша жымқырған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда тұрғыны отбасылық жағдайын сылтауратып, ақша жымқырған

Сот материалдарына сәйкес, декреттік демалыста болған әйел бір жыл бойы өз әріптестерін әдейі алдап келген. Ол отбасында қайғылы жағдайлар болғанын, атап айтқанда анасының қайтыс болғанын және баласының ауыр халде жатқанын айтып, жалған ақпарат таратқан.

Осылайша, әріптестерінің жанашырлығын пайдаланып, олардан қаржылай көмек алған. Сеніп қалған әріптестер бала емдеуге және отбасылық мәселелерді шешуге деп ойлап, оған ақша аударып отырған.

«7-20-25» ипотекасы: Алаяқтар кезекті жеделдетіп беремін деген желеумен халықты алдауға көшті

Нәтижесінде жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Сот үкімінде айыпталушының кінәсін мойындауы, өкініш білдіруі және залалды ішінара өтеуі жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Соның негізінде оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?

Прокуратура азаматтарға қайырымдылық немесе көмек жинау жағдайларында сақ болуды және ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеруді ескертеді.

Соңғы жаңалықтар