Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Дәріханаларға апта сайын дәрі-дәрмек жеткізіледі
Нұр-Сұлтан әкімдігінде COVID-19-бен күресу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, балама дәрілердің тізімін кеңейту, дәріханаларға дәрі-дәрмектерді тарату мәселелері талқыланды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілерінің дистрибьюторларымен, фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалардың өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Нұр-Сұлтан әкімдігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, елге дәрі-дәрмектерді сатып алу және әкелу процедураларын жеңілдету, логистика мәселелеріне қолдау көрсетеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 09 Шілде, 2020
Президент жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы өкімге қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Академик Еділ Ерғожин өмірден өтті
Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, химия ғылымдарының докторы, профессор Еділ Ерғожин дүниеден өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда инфекциялық төсек-орын саны 4 есеге артты
Нұр-Сұлтанда пандемия басталғалы инфекциялық төсек-орын саны 1 мыңнан 3 мың 700-ге дейін артты. Осылайша, стационарлар саны 3-тен 13-ке дейін өсті. Соңғы күндері Ұлттық ғылыми медициналық орталық базасында 240 төсек-орынға арналған инфекциялық стационардың жеке блогы ашылды. № 1 көп бейінді аурухана жұқпалы аурулар стационарына толығымен қайта жабдықталған. "Ramada Plaza" қонақ үйі базасында 500 қосымша төсек-орын орналасқан. Қала әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініштер қабылданып жатыр
15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Тестілеу электронды форматта 1 - 15 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Жедел жәрдем шақырған кезде ПТР-тесті қанша тұрады?
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Тағы 988 адам коронавирустан сауығып шықты
Қазақстанда 988 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Ауыл тұрғынының ауласынан 130 түп сора табылды
Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғынынан 130 түп марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Өткен тәулікте 1962 адамнан вирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 1962 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 1209 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz