Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ
Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
9 материал табылды

Сұхбат • 05 Маусым, 2020

Сәкен Ділдахмет киікті қорғау, Арал, қорықтар мен ұлттық парктер туралы

5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Жердің әрбір тұрғыны бейжай қалмауы тиіс бұл күні әртүрлі экологиялық акциялар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Осы орайда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметпен сұхбаттастық. Әңгіме барысында еліміздегі саны көп жабайы жануар киік туралы, Арал аймағындағы сексеуіл отырғызу процесі және Каспий теңізіндегі итбалықтар туралы айтылды. Сондай-ақ Сәкен Ділдахмет алдағы жазда қазақстандықтар баруға болатын еліміздегі ұлттық парктердің үздік бестігін ұсынды.

Руханият • 04 Наурыз, 2020

ПРЕМЬЕРА: «Ханзада» (Hamlet) көрерменін несімен таңғалдырмақ?

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрында премьера! 5 наурыз күні сағат 19.00-де театр сахнасында ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы өзгеше үнде көрерменге жол тартады. Елорданың елеулі жаңалықтарын қалт жібермейтін «Егемен Қазақстанның» тілшілері Жастар театрына арнайы барып, шығармашылық ұжымның премьераалды жаңалықтарымен танысып қайтқан болатын.

Қазақстан • 29 Шілде, 2019

Көпшілікті алаңдатқан «қауіпсіздік сертификаты»

Шілденің ортасында Қазақстанның ұялы байланыс операторлары абоненттеріне ұлттық қауіпсіздік сертификатын орнату керегін ескертіп, хабарлама жіберді. Хабарламада айтылғандай сертификат «Байланыс туралы» заңның 26-бабына сәйкес интернетке қосылу мүмкіндігі бар әрбір құрылғыға орнатылуы тиіс. Сондай-ақ құрылғыда қауіпсіздік сертификатының болмауы белгілі бір интернет-ресурстарға кіргенде қиындықтар туғызатынын атап өткен. Пайдаланушылар мен интернет сервисі арасында берілетін ақпаратты шифрлау кілті – сертификатты орнатуға қатысты желіде сан алуан пікірлер жазылды. 26 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінің ашық алаңында «Қауіпсіздік сертификатын орнату» тақырыбына байланысты баспасөз конференциясы өтті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының орынбасары Зекен Исмаилов қауіпсіздік сертификатына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Президент • 09 Шілде, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 05 Шілде, 2019

Жас балуандар елордаға жиналды

Кеше Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия біріншілігінің жалауы желбіреді. 7 шілдеге дейін созылатын бәсекеге 19 мемлекеттен, яғни Қазақстаннан бөлек, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Иран, Ирак, Жапония, Сауд Арабиясы, Сингапур, Иордания, Қырғызстан, Түрікменстан, Моңғолия, Солтүстік Корея, Сирия, Тайпей, Тәжікстан, Таиланд және Өзбекстаннан келген 308 балғын балуан бақ сынап жатыр.

Аймақтар • 25 Маусым, 2019

«ҚазТрансГаз» АҚ «Үздік маман» байқауын қорытындылады

«ҚазТрансГаз» ұлттық газ операторы – еліміздің аймақтарын газдандыру ісіне қомақты үлес қосып келе жатқан іргелі компания. Осы бағытта атқарылған іргелі жобалар ең қолайлы отын түрінің ел игілігіне бағытталуына кең жол ашты. Қысқа уақытта ұлттық оператордың үлкен жұмыс тындырғанына сайын Сарыарқаға газ берудің табалдырығында тұрған «Қараөзек» жаңа компрессорлық стансасының базасында өткен «Үздік маман – 2019» жұмысшылардың кәсіби шеберлігінің дәстүрлі байқауына арнайы барғанда тағы да көз жеткіздік.

Қоғам • 24 Маусым, 2019

Жаңғырған Жетісудағы жаңа жобалар

Осыдан 2 жылдан астам уақыт бұрын еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланған болатын. Бұл мақала өңірлердің руханият саласына жаңа серпіліс әкеліп, тың жобалардың туындауына жол ашты. Осы орайда рухани тұрғыдан жаңғыру жұмыстары Жетісу өңірінде де қарқынды жүріп жатыр. Соның бір парасын ой елегінен өткізуді мақсат етіп отырмыз.

Үкімет • 26 Сәуір, 2019

Үкіметтік жұмыс тобы Алматының әлеуметтік мекемелерінің жұмысын тексерді

Премьер-Министрдің орынбасары Г. Әбдіқалықованың басшылығымен Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі Үкіметтік делегация Алматы қаласына барды деп хабарлайды primeminister.kz

Қазақстан • 17 Сәуір, 2019

Жүрек сырқатының жаңа себептері анықталды

Жуырда Назарбаев Университет ғалымдары кенеттен жүрек соғуын тоқтататын жаңа генетикалық факторларды ашты. Бұл жаңалық жүрек ауруларының табиғатын жақсы түсінуге және дені сау адамдарда жүрек ауруларының даму қаупінің алдын алуға көмектеседі. Бұл соны жаңалық бірегей зерттеу нәтижелері рецензияланатын Plos One ғылыми журналында жарияланды.