Шілденің ортасында Қазақстанның ұялы байланыс операторлары абоненттеріне ұлттық қауіпсіздік сертификатын орнату керегін ескертіп, хабарлама жіберді. Хабарламада айтылғандай сертификат «Байланыс туралы» заңның 26-бабына сәйкес интернетке қосылу мүмкіндігі бар әрбір құрылғыға орнатылуы тиіс. Сондай-ақ құрылғыда қауіпсіздік сертификатының болмауы белгілі бір интернет-ресурстарға кіргенде қиындықтар туғызатынын атап өткен. Пайдаланушылар мен интернет сервисі арасында берілетін ақпаратты шифрлау кілті – сертификатты орнатуға қатысты желіде сан алуан пікірлер жазылды. 26 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінің ашық алаңында «Қауіпсіздік сертификатын орнату» тақырыбына байланысты баспасөз конференциясы өтті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының орынбасары Зекен Исмаилов қауіпсіздік сертификатына қатысты сұрақтарға жауап берді.

8 млн вирус пен 130 мың кибершабуылдан қорғады
Интернеттің кез келген сауатты қолданушысы сертификаты бар сайттардың https:// деп басталатынынан хабардар болса керек-ті. Браузерлерде қауіпсіздік сертификаттары қолданушының жеке деректерін сақтап, енгізген құпия сөздері мен интернет банкингтердегі мәліметтерді қауіпсіз етеді. Ал қазақстандық ұлттық сертификаттың артықшылығы – Қазақстанда күмән тудыратын сайттарды құрықтап, террорлық және арандатушылық сипаттағы ақпараттың таралып кетпеуіне ықпал етеді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев смартфонына сертификатты орнатқан соң интернетке кіруде ешқандай қиындық тумағанын айтты. «Қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет деген сұраққа келсек, бүгінде интернетте заңға қарсы түрлі контент көп, одан бөлек бір күнде мыңдаған кибершабуыл жасалады. Интернет қауіптердің қатарына суицидке насихаттау, экстремистік, террористік қимылдарды насихаттау және басқа да ҚР заңнамасына қарсы контенттер жатады», деді ведомство басшысы. Оның айтуынша, бір жарым жылдан бері мемлекеттік қызметкерлер қауіпсіздік сертификатын орнатқан. «Соңғы бір ай ішінде қауіпсіздік сертификаты 8 млн-нан астам белсенді вирусты анықтап берді. Сонымен қатар 130 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен мекемелерді кибершабуылдан қорғады», деді министр.
Заңға қайшы контентті шектейді
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі заңға қайшы мазмұндағы материалдарды анықтау тұрғысында интернет пен әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізеді. Заңнаманы бұзудың қандай түрлері кездесетінін вице-министр Н.Мауберлинова атап өтті. «Бұл ретте бірінші кезекте лаңкестікті, діни экстремизмді насихаттау, суицидке шақыратын материалдарды тарату, есірткі мен қару сататын сайттар және әлеуметтік желілердегі парақшалар секілді заңға қайшы материалдар бар. Күн сайын ондаған немесе жүздеген осы тектес интернет-ресурс пен әлеуметтік желідегі парақшаларды анықтаймыз», деді ол. Вице-министрдің мәліметінше, 2016 жылы – 140 мың, 2017 жылы – 300 мыңнан астам, 2018 жылы – 130 мың заңға қайшы материал анықталған. Яғни, өткен жылы бұл көрсеткіш төмендесе, 2019 жылы 45 мыңнан астам теріс сипаттағы материал белгілі болды. Анықталған заңсыз материалдың
90%-ы лаңкестікті насихаттауға арналған. Қалғандары есірткі тарату, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, суицидті және порнографияны насихаттауға байланысты. Министрлік өкілдері жоғарыда көрсетілген деректерді алға тартып, қауіпсіздік сертификатын орнатудың маңызды екенін түсіндіруде. Ал тұрғындарды жеке деректердің қаншалықты құпия сақталатыны алаңдатады. Осы орайда ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызмет директорының орынбасары Зекен Исмаилов ақпараттың қаншалықты жасырын болатынына жауап берді. «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда қауіпсіздік сертификаты шифрланған трафикті ашуға мүмкіндік беретіні туралы бірнеше рет айтылды. Бірақ бұл онлайн режімде болады және заңға қайшы контентке ғана қолданылады. Ешкім сіздің хаттарыңызды, кіру тарихын, әлеуметтік желідегі парақшаңызды, құпия сөздеріңізді сақтамайды. Уәкілетті органдардың шешімімен анықталған заңға қайшы контент тізімі бар», деді З. Исмаилов. Алайда ведомство өкілі қауіпсіздік сертификатының сенім мәртебесін алу процесінің ұзаққа созылатынын атап өтті. Бүгінге дейін сертификатты қанша адамның орнатқаны туралы мәліметті ала алмаймыз. Себебі оны анықтау үшін әрбір адамның смартфонын «тінтуге» тура келеді.
Сертификатты орнату әркімнің өз еркінде
«Qaznet Trust Network» сертификатын орнатуды министрлік ешкімге міндеттемейді. Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының директоры Арман Әбдірасылов мұндай сертификатты орнатудың билікке не үшін қажет екенін түсіндірді. «Шетелдік арнайы қызметтер қажеттілік туындағанда әлеуметтік желілердің әкімшілігіне жүгінеді және тиісті азаматтың деректерін сұратады. Ал Қазақстан қандай да бір террориске қатысты мессенджерден деректер алу үшін шетелдік ұйымдар мен мемлекеттерден көмек сұрауға мәжбүр. Осылайша қазақстандық арнайы қызметтердің өз міндеттерін орындауға арналған құралы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін Үкіметтің алдында екі жол тұрды. Біріншісі – елдің белгілі бір тұрғынының дербес деректерін алу үшін шетелдік компаниялармен байланыс орнату. Екінші нұсқа – өз сертификатын енгізу», дейді А.Әбдірасылов. Ал орнату не орнатпауға қатысты сарапшы заңға қайшы контентті тұтынбайтындар сертификатты орнатқаннан ешқандай зардап көрмейтінін атап өтті. Әсіресе балалардың гаджеттеріне міндетті түрде орнатып, психологиялық соққының алдын алу керек, дейді.
Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарына жүргізілген қанатқақты жобаның қаншалықты сәтті жүзеге асатыны болашақтың еншісінде. Ең бастысы, қауіпсіздік сертификаты шектейтін зиянды контентті тұтынбағанымыз абзал.
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 19:32
Жібек Құламбаева Сербияда өткен теннис жарысының жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 18:31
Алтын-Емел табиғи паркінде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар