Сайлау • 28 Қыркүйек, 2025

Қазалыда аудан әкімі сайлауы өтіп жатыр

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазалы ауданы тұрғындары 4 жыл мерзім қызмет атқаратын жаңа аудан әкімін сайлайды, деп жазады Egemen.kz.

Қазалыда аудан әкімі сайлауы өтіп жатыр

Саяси науқан ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңының 113-1 бабы, 1 тармағы 2) тармақшасы негізінде бұрынғы әкімнің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтауына байланысты өткізіліп жатыр.

Аудандағы 40 сайлау учаскесінде 266 комиссия мүшесі бар. Аудан бойынша 47219 азамат сайлаушылар тізіміне тіркелген. Барлық учаске таңғы сағат 7.00-де ашылып, жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

Қаладағы аграрлы-техникалық колледжі ғимаратында орналасқан №66 сайлау учаскесіне алғашқылар қатарында келген ассамблея өкілдері өз таңдауын жасады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18