Байқау • Бүгін, 08:58

«Қала хикаялары» байқауы жарияланды

1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі жүлде қоры қомақты «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқау жария­лады.

«Қала хикаялары» байқауы жарияланды

Проза жанрына арналған байқау Қазақстан қалаларының тыныс-тіршілігін көркем шығармалар арқылы бейнелейтін жаңа есімдерді анықтауға және қолдауға бағытталады. Байқауға қатысушыларға қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы тақырыптарын көркем туындылар арқылы жеткізу ұсынылады.

Әдеби бәйгеге Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ (бір авторлық бас-па табақтың көлемі 40 мың баспа таңбасын құрайды) болатын, бұрын еш жерде жарияланбаған қала тақырыбындағы романдар қабылданады. Әр автор бір ғана шығармасын ұсына алады.

Жеңімпаздарды белгілі жазушылар мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы анықтайды. Қорытынды шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Нәтижесінде, үздік шығармалардың авторлары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар жүлделі орын алған туындылар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады.

Жеңімпаздарға төмендегідей сыйақылар белгіленген:

Бас жүлде – 100 мың доллар;

 I орын – 75 мың доллар;

 II орын – 50 мың доллар;

 III орын – 30 мың доллар.

Байқау жұмыстары 2026 жылғы қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында қабылданады. Құжат Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, Мәдениет және ақпарат министрлігінің мекенжайы бойынша өткізілуі қажет.

Соңғы жаңалықтар