Жуырда Назарбаев Университет ғалымдары кенеттен жүрек соғуын тоқтататын жаңа генетикалық факторларды ашты. Бұл жаңалық жүрек ауруларының табиғатын жақсы түсінуге және дені сау адамдарда жүрек ауруларының даму қаупінің алдын алуға көмектеседі. Бұл соны жаңалық бірегей зерттеу нәтижелері рецензияланатын Plos One ғылыми журналында жарияланды.

АҚШ-тың кардиолог ғалымдарының мәліметінше, жүректің соғуын кенеттен тоқтатуы әлемдегі табиғи себептермен қайтыс болатын әр төртінші адамға тән екен. Жүрек соғуының кенеттен тоқтауының екі негізгі сценарийі бар. Атап айтқанда, жүректің пароксизмалды қарыншалық тахикардиясы, кенеттен пайда болатын және минутына 150-300 соққы жиілікпен жүрек соғуының кенеттен тоқтайтын ұстамасы немесе қарыншалар фибрилляциясы, қарыншалардың үйлестірілген қысқаруының болмауы. Қарыншалар фибрилляциясы және оған ауысатын қарыншалық тахикардия асқынған инфаркт пайда болғаннан кейін алғашқы сағат ішіндегі өлімнің ең жиі кездесетін себебі екенін атап өткен жөн.
Электркардиограммалар деректерін талдау кенеттен жүрек соғуының тоқтауы кезінде қайтыс болғандардың 83,5%-да қарыншалық аритмиялар немесе сирек жүрек асистолиясына ауысатын брадикардиялар пайда болғанын көрсетеді. Ал шамамен 5-тен 12%-ға дейін кенеттен өлу жағдайлары бұрын ауру белгілері жоқ сау адамдарда ешқандай симптомдарсыз орын алады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар жүрек ырғағының қарыншалық бұзылулары өлімге қарсы аритмиялардың жоғары даму ықтималдығымен немесе кенеттен аритмиялық өлім деп аталуымен байланысты екеніне сенімді.
– Генетикалық негізделген аурулар немесе каналопатиялар жүректің бұлшықет жасушаларындағы калий немесе кальций иондарының бұзылуымен байланысты. Сондай-ақ бұл әлемдегі жүрек жетіспеушілігі мен жүрек соғуының кенеттен тоқтауының негізгі себебі болып отыр, – дейді медицина ғылымдарының докторы, National Laboratory Astana Геномдық және дербес медицина зертханасының меңгерушісі Айнұр Ақылжанова.
Генетикалық мутациялар жүрек соғуының кенеттен тоқтауына әсер ете ме? Генетикалық фонды модельдеу қалай жүргізіледі және өмір салты, қоршаған орта факторлары сияқты генетикалық емес факторлар жүрек ауруларының дамуында қандай рөл атқарады? Аталған мәселелерге NLA генетик-ғалымдары зерттеу арқылы жауап беруге тырысты. Ғалымдар кальцийдің саркоплазмалық ретикулумнан цитоплазмаға өтуіне әсер ететін негізгі ойыншылардың бірі – рианодинді рецептор-2 (RYR2) генінің мутацияларын зерттеді. Бұл гендегі мутациялар катехоламинергиялық полиморфты қарыншалық тахикардия (CPVT1) дамуының себебі болып отыр.
Жоба аясында ғалымдар қарыншалық тахикардияның түрлі нұсқалары бар 70 қазақстандық науқастың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің ДНҚ-сында RYR2 генінің генетикалық мутацияларын зерттеді. Назарбаев Университет ғалымдары қарыншалық тахикардияның дамуына әсер ете алатын бұрын белгісіз екі генетикалық нұсқаны, сондай-ақ 2-ші типті оң қарыншаның аритмогенді дисплазиясымен (ARVD2) байланысты бұрыннан белгілі генетикалық мутацияны анықтады. Сонымен қатар ғалымдар диагностикаланған қарыншалық тахикардиясы бар қазақстандық науқастарда және олардың клиникалық-фенотиптік дені сау отбасы мүшелерінде аритмияның дамуындағы жаңа сирек генетикалық факторлардың клиникалық маңызын бағалады. Бұл нәтижелер Қазақстанда жүрек патологиясы мен жүрек соғуы кенеттен тоқтауының даму қауіптерін бағалауға және олардың алдын алуы бойынша іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
А.Ақылжанова 2000 жылға дейін әлемде CPVT емдеу кезінде генетикалық тәсіл қолданылмағанын атап өтті. 2001 жылы CPVT1 дамуындағы RYR2 жүректің рианодин рецепторы геніндегі мутациялардың рөлі алғаш рет дәлелденді. Катехоламинергиялық полиморфты қарыншалық тахикардия балалар мен ересектер арасында кенеттен орын алатын өлімнің себебі болуы мүмкін екендіктен, Жүрек ырғағы қоғамы және Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығы отбасы мүшелеріне ерте генетикалық тестілеуді өткізуді ұсынады. Назарбаев Университет ғалымдары генетикалық факторларды тасымалдайтын науқастарды клиникалық бақылау одан әрі қауіп факторлары мен олардың жүрек ауруларының дамуына әсерін түсінуге ықпал ететінін атап өтті.
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 19:32
Жібек Құламбаева Сербияда өткен теннис жарысының жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 18:31
Алтын-Емел табиғи паркінде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар