Президент • 09 Мамыр, 2025

Президент Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Alessandra Tarantino AP/TASS

«Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін», деп жазылған жеделхатта.

Президент әртүрлі діни наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі мәрте сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді.