«ҚазТрансГаз» ұлттық газ операторы – еліміздің аймақтарын газдандыру ісіне қомақты үлес қосып келе жатқан іргелі компания. Осы бағытта атқарылған іргелі жобалар ең қолайлы отын түрінің ел игілігіне бағытталуына кең жол ашты. Қысқа уақытта ұлттық оператордың үлкен жұмыс тындырғанына сайын Сарыарқаға газ берудің табалдырығында тұрған «Қараөзек» жаңа компрессорлық стансасының базасында өткен «Үздік маман – 2019» жұмысшылардың кәсіби шеберлігінің дәстүрлі байқауына арнайы барғанда тағы да көз жеткіздік.

Қызылорда облысынан бұралаңдап шыққан қасқа жол Жезқазған трассасына жалғасады. Екі облыстың ортасын бес жүз шақырымға жуық дала жалғап жатыр. Марғау, маңғаз дала жолаушы үшін жылдың қай мезгілінде де сынақ. Ортада шаңытқан аязда, аптап ыстықта жанға сая болар тірек аз. Біз мінген көлік құлдилап батыс беткейге бұрылған. Жаңа ғана қоянсүйек, жыңғылдан көз сүрінген сайын даланың бір түкпірінен көк күнікелері күнге жарқырап шағын қалашық шыға келді. Жапандағы қала. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның су жаңа компрессорлық стансасы.
Осында республикамыздың газ саласының мамандары 15 кәсіп бойынша үздікті анықтау үшін сынға түсті. Еліміздің 9 млн тұрғынын көгілдір отынның рахатына кенелтіп отырған – газ саласының мамандары. Мыңдаған шақырымдық жерге газды ысырапсыз және ең бастысы, қауіпсіз жеткізу – асқан жауапкершілікті талап ететін іс. Қызылорда облысында бас қосқан газ саласының нағыз шеберлері өзара бақ сынасып, үздіктерді анықтады.
«Үздік маман – 2019» байқауы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруда, газ саласындағы еңбек жетістіктері мен озық тәжірибені насихаттауда маңызды элемент болып табылады. Оны өткізу жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту мен еңбекке орналастыру үшін жастарды тартуға да ықпал етеді.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Біріншісі, сәуір айында Жамбыл облысындағы «Ақыртөбе» жерасты газ сақтау қоймасының базасында төрт мамандық бойынша, «Мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор», «Бұрғылаушы», «Бұрғылаушының көмекшісі» және «Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор» мамандықтары бойынша өткен болатын.
Екінші, шешуші кезең 11 мамандықты қамтыды. Үш күн бойы байқауға қатысушылар өндірістік қауіпсіздікке қатысты сұрақтарды білуін қоса алғанда, өздерінің теориялық және практикалық дағдыларын ортаға салды.
«Қараөзек» компрессорлық стансасының стадионында өткен салтанатты жиынды ашқан «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, конкурстық комиссия төрағасы Мұхатай Шаңбатыров «Үздік маман – 2019» байқауының басты мақсатын жан-жақты талдап берді.
– Газ өнеркәсібінің бүкіл даму тарихы – ерекше төзімді, батыл адамдардың табандылығы мен ерлігінің үлгісі. Газшылар әрқашан жоғары беделге, зор құрметке ие болып келеді.
Бүгін мұнда үздіктердің үздігі бас қосып отыр. Олар өздерінің кәсіпқой маман екендерін өз филиалдарында қатаң іріктеуден өтіп, дәлелдеген жандар.
Әділқазылардың алдында аса маңызды міндет тұр. Ол – сіздердің араларыңыздан ең лайықтысын таңдау. Біздің атқарып жатқан шараларымыздың бәрі ең алдымен сіздердің табиғи газды апатсыз тасымалдау бойынша өз міндеттеріңізді бұрынғыдан да сапалы, білікті орындауларыңыз үшін бағытталған. Сіздерге сәттілік тілеймін! Төрешілер мен жолдастарыңыздың алдында кәсіби білімдеріңізді барынша көрсетуге тырысыңыздар! – деді ол.
«Қараөзектегі» байқауға қатысқандар – бұған дейін өз филиалдарындағы қатаң іріктеуден өткен кәсіби мамандар. Олардың біліктілігі еліміздің осы саладағы жұмысы үшін аса маңызға ие. Өйткені сонау Бейнеу мен Бозойдан тартылған газ магистралі елімізді көгілдір отынмен қамтып қана қоймай, Қытай сияқты әлемдегі ең әлеуетті мемлекетке де экспортқа газ шығарады. Ал ол оңай шаруа емес. Мәселен, дәнекерлеуші үшін үлкен сынақ бар. Құбыр бойында иненің жасуындай тесік қалдырылса, ол үлкен апаттың бастауы болмақ. Сол сияқты, әр мамандықтың өз сыры, өз құпиясы бар. Үздік мамандар конкурсының бір ерекшелігі, жүзден озғандар өз біліктілігін әріптестерімен бөлісіп, кәсіби тұрғыда өсуіне алғышарт жасайды.
Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесінің төрағасы Павел Климов сала еңбеккерлерінің кәсіби жағынан елеулі өсіп келе жатқанын, жоғары кәсіби мамансыз бұл салада табысқа жету мүмкін еместігін атап өтті.
Үздіктердің үздігі қай құрметке де лайық. Бүгінде «ҚазТрансГаз» газ және газбен жабдықтау саласының ұлттық операторы әлемдегі ең озық жаңа технологиялармен, жаңа қондырғылармен жұмыс істеп келеді. Бұл күрделі құрылымды тек білігі мен білімі мықты нағыз шеберлер игеріп отыр.
Қызылорда облысы
Жібек Құламбаева Сербияда өткен теннис жарысының жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 18:31
Алтын-Емел табиғи паркінде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар