Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Үкімет басшысының сөзінше, аталған бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған.
«Мемлекет басшысы жүк тасымалдайтын отандық әуе компаниясын құруды тапсырды. Бұл жоба қазіргі таңда жүзеге асырылып жатыр. Биыл қазан айында алғашқы жүк борты Қазақстанға жеткізілуге тиіс. Көлік министрлігі осы мәселені ерекше бақылауда ұстасын», деді Олжас Бектенов.
Жиында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан мен Катонқарағай курорттық аймақтарындағы әуежай құрылыстарының қашан аяқталатынын атады. Сондай-ақ Қазақстаннан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстері қашан ашылатындығын жазған болатынбыз.