Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Мұрат Әйтенов инфекциялық госпиталь жұмысымен танысты
Жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысу барысында Мұрат Дүйсенбекұлына қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Рустам Албаев госпитальдегі қазіргі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Мұрат Әйтенов фарм компания басшыларымен кездесті
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы фарм компания басшыларымен жиын өткізді. Дәрі өндірушілер, дәріханалық қойма басшылары, аптека желілерінің директорлары қатысқан жиын барысында шаһардағы дәрі-дәрмек төңірегінде қалыптасқан мәселе кеңінен сөз болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Шілде, 2020
Тестілеуге қатыстырылмағандар да аз емес
Түркістан облысы бойынша 21-30 маусым аралығында 101 талапкер кіреберісте тыйым салынған заттарды алып кірмек болғандықтан тестілеуге қатыстырылмады. ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 134 тестіленуші аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижесі жойылған. Бұл туралы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Оспанов айтып өтті.
Қоғам • 01 Шілде, 2020
Спорт кешені емдеу орталығына айналды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған әкімдер мен Үкімет мүшелерінің жұмысын сынға алған еді. Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке де сөгіс жариялады.
Коронавирус • 30 Маусым, 2020
Жаңадан стационарлар ашылып жатыр
Кейінгі күндері Шымкенттегі ауруханаларда науқастарға орын жетіспей, індет жұқтырушылар денсаулық сақтау мекемелерінің қақпасына жетпей қайтыс болып жатыр деген сарындағы ақпараттар тарала бастады. Тіпті дәріханаларда ұзын сонар кезек күткен тұрғындар туралы видеолар да әлеуметтік желілерді шарлап кетті. Осылайша, қаладағы эпидемиялық жағдайға байланысты шымкенттіктер үрей құшағында қалғаны жасырын емес.
Аймақтар • 29 Маусым, 2020
Шымкентте тұрғындарға көмек көрсететін iKomek орталығы ашылды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес iKomek орталығы ашылды. Орталық күндіз-түні тұрғындардың қоңырауларына жауап береді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Маусым, 2020
Шымкентте жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға орын жеткілікті
Шымкент қаласында инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында Жеңіл атлетикалық спорт кешенінен провизорлы 150 орын дайындалды. Мұндай провизорлы орындар алдағы уақытта да ашылатынын Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов айтып өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2020
М.Әйтенов эпидемиялық жағдайға байланысты түсініктеме берді
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты, деп жазады Egemen.kz
Медицина • 26 Маусым, 2020
Дәрі-дәрмектің бағасын көтерген шымкенттіктерге айыппұл салынады
Шымкент қаласы әкімдігінде қалада инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева және Шымкент қаласы бойынша Фармацефтика қауымдастығының төрайымы Хадиша Әлжанова БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Бұл туралы Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты кезінде айтты, деп жазады Egemen.kz