
Үкімет • 27 Наурыз, 2024
Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Отырыста көктемгі егіс науқанын оңтайлы мерзімде жүргізу азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты екені айтылды.
Үкімет • 20 Наурыз, 2024
Қала мен ауыл алшақтығы азаяды
Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл аумақтарын дамыту мәселесі қаралды. Отырыста салықтық және кедендік әкімшілендіру, цифрландыру шараларын жетілдіру мәселелері күн тәртібіне қойылды.
Сұхбат • 19 Наурыз, 2024
Транзиттік әлеуетіміз арта түседі
Жақында Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті шетелге және кері қарай автокөлікпен жүк таситын компанияларға берілетін шетелдік рұқсат құжатты таратудың жаңа жүйесін жасап, ел назарына ұсынды. Бұл туралы комитет төрағасы Алтай Әлімен аз-кем сұхбат құрдық.
Экономика • 13 Наурыз, 2024
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Сондай-ақ ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі де күн тәртібіне қойылды.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2024
Қазақстан үшін транзиттік әлеуетті арттыру – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Транзит дегеніңіздің өзі бірнеше елдің қатысуы арқылы реттелетін шаруа болғандықтан, жақын маңдағы көршілермен «Күлтөбенің басында» күнде кездеседі. Сондағы талқы ететіндері – көлік-логистикалық әлеуетті арттыру жолдарын іздеу. Тараптар үшін тиімді келісімге қолжеткізу.
Инвестиция • 06 Наурыз, 2024
Инвестициялық жобаларға кепілдік беріледі
Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматы қаласында болған жер сілкінісі ахуалы қаралды. Отырыста инвестицияны қолдау және ынталандыру шараларының тиімділігі талқыланды. Үкіметтің кезекті жиынында қалаларды абаттандыру және көгалдандыру мәселесі де талқыланды. Сондай-ақ отырыста Салық кодексі аясында инвесторлар үшін бірыңғай жеңілдіктер пакетін енгізу ұсынылды.
Медицина • 28 Ақпан, 2024
Отандық өндірушіні қолдау күшейеді
Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Сондай-ақ Үкімет Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.
Мәселе • 28 Ақпан, 2024
Елдегі дәстүрлі автобекеттер заман үдерісіне ілесе алмай қалғандай. Бір кездері Астанадағы «Сапаржайда» тәулігіне 150-дей жолаушы автобусы әр өңірге қос-қостан сапар шегіп жататын. Қазір қыс айларында бір күнде 2-3 рейсті әзер жөнелтіп тұр. Негізі, 50-ден астам тасымалдаушы компаниямен жасасқан келісімшарты бар. Бірақ жолаушы жоқ. Адамдар автобекетке ат басын бұруды күрт сиретіп жіберді.
Мәселе • 26 Ақпан, 2024
Жаңа кодекс су мәселесін шеше ме?
Қазір су шаруашылығы саласын ауқымды трансформациялау негізінен үш бағытта жүріп жатыр.
Сараптама • 22 Ақпан, 2024
Сарапшылар даму жоспарына неге қарсы?
«Ашық НҚА» порталында жарияланған Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының жобасы Президент қойған мақсатқа сәйкес келмейді». «Парасат» кәсіпкерлер альянсы, «Байтақ» және «Қазақстан халық партиясы» өкілдері осылай дейді. Құрамына Сенат пен Мәжілістің 15 депутаты кіретін альянс үйлестіру кеңесі өкілдері жоспардың баламалы нұсқасының тұжырымдамасын ұсынды.