Ауыл • 31 Мамыр, 2023
Қазір ауыл десең, әр қазақтың бір айтары бар. Мемлекет басшысы да ауыл шаруашылығын көтеріп, көсегесін көгертпей ел экономикасы ешқашан еңсе тіктеп, оңалмайтынына Үкіметтің назарын аударды. Нәтиже жоқ емес, ауылды дамыту тұжырымдамасы жасалып, бағдарламалар іске қосылды. Бірақ «әттеген-ай!» деп сан соғатын тұстары да баршылық. Мәселен, бақандай 2 795 ауыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енбей қалған. Бұл қазақ елінің өзегіне түскен алапат өрт іспетті. Себебін төменде тарқатып көрелік.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2023
Көлік-логистика саласындағы ізденістер
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет үйінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте байтақ даламыздан өтетін халықаралық дәліздерге аса мән бергені мәлім. Еліміздің Батыс пен Шығыс елдерінің арасына географиялық жағынан өте қолайлы орналасуын есепке алсақ, сала бойынша Президент тапсырмаларын артығымен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
Инфляция • 09 Сәуір, 2023
Инфляцияның бәсеңдеу үрдісі: өткен айда жеті түрлі азық-түлік өнімі арзандады
Өткен наурыз айының төрт аптасында әлеуметтік маңызы аса жоғары жеті бірдей азық-түлік өнімдерінің бағасы кәдімгідей төмендепті. Атап айтқанда, пияз ай басынан санағанда 2,5 пайызға, картоп 1,1 пайызға, сәбіз 0,1 пайызға, сондай-ақ қарақұмық 4,1 пайызға, қант 1,9 пайызға, күнбағыс майы 1,2 және тауық еті 0,4 пайызға арзандаған.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2023
Бұдан бір ғасыр бұрын Анадолыдағы түрік елінің кемел реформаторы Мұстафа Кемал Ататүрік министрлердің басын қосқан бір жиында «Әйел теңдігін, әйел еркіндігін айтып жүрміз, ендеше түрік әйелдері де ерлерімен қатар кәсіп меңгерсін. Тым болмағанда шағын немесе орта бизнеспен шұғылдансын» деген мағынада тамызықты отқа отын болар ой тастапты. Бұл ізгілікті ойды амалға асыру үшін үкіметке екі-үш айдың мерзімін кесіп беріп, шараны өз бақылауына алатынын нықтап шегелепті.