Саясат • 18 Қыркүйек, 2024
Дамудың жаңа кезеңіне арналған кездесу
«Қазақстан – Германия» бизнес форумы шеңберінде екі тараптың Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары және ұлттық компаниялар мен ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – Германия» дөңгелек үстелі өтті. Оған «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин модераторлық етті.
Сұхбат • 05 Қыркүйек, 2024
Асуан Сиябеков: АЭС қауіпсіздігіне бүкіл әлем мүдделі
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында энергия тапшылығына кеңінен тоқталып, атом электр стансасының құрылысына қатысты жалпыұлттық референдумды 6 қазанға белгілейтінін мәлімдеді. Осы орайда «Қазақстан атом электр стансалары» ЖШС бас менеджері Асуан Сиябековпен сұхбат құрған едік.
Энергетика • 03 Қыркүйек, 2024
Атом электр стансасы туралы қоғамдық тыңдау елдің барлық өңірі мен ірі қалаларда өтті. Онда әрқилы ой мен пікір ортаға салынды. Саладағы саңлақ ғалымдар атомды өркениет игілігіне айналдыруға болатынын айтып, орынды ойлар мен мағыналы мысалды алға тартады.
Көрме • 28 Тамыз, 2024
Атом энергетикасына арналған көрме
Астанада ядролық технологиялар мен атом энергетикасына арналған «KazAtomExpo-2024» халықаралық көрмесі жұмысын бастады. Іс шара аясында қатысушыларға еліміздің атом энергетикасы мен ғылым саласындағы жетістіктері, сондай-ақ осы саладағы мүмкіндіктері таныстырылды. Көрме атом саласына мамандар даярлайтын отандық жетекші университеттердің ғылыми және кадрлық әлеуетін де көрсетті.
Энергетика • 23 Тамыз, 2024
Аймақтың түрленуіне АЭС қалай әсер етеді?
Бірқатар мемлекет атом энергетикасын мақсатты түрде дамытуды мықтап қолға алған. Сол қатарда Түркия да бар. Мерсин провинциясында «Аккую Нуклеар» атом электр стансасы салынып жатқанын бұған дейін жазғанбыз. Құрылысқа ең жақын қала – Силифке. Ауқымды жоба басталғанға дейін негізінен ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлікпен айналысқан өлке тұрғындарының өміріне АЭС өзгеше әсер етті. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны түлеп сала берді.
Құрылыс • 15 Тамыз, 2024
Құрылысты цифрландырудың игілігі
Бүгінде үлестік құрылыстағы мәселені шешу және проблемалық нысан тәуекелін азайту мақсатында құрылыс салушы мен сатып алушы арасында шарт жасасу үдерісін цифрландыру жұмысы мәресіне жақындады.
Экономика • 03 Тамыз, 2024
Тамыз айының алғашқы жексенбісіне орайластырылған көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында Көлік министрлігі салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Сала қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаған ведомство басшысы Марат Қарабаев үздік мамандарды марапаттап, саладағы ардагерлерге сый-құрмет көрсетті.
Саясат • 31 Шілде, 2024
Төтенше қауіптің алдын алу маңызды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жолдағы қауіпсіздік мәселесі қаралды. Отырыста өрт қаупі басым кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасы да күн тәртібіне шығып, талқыланды.
Үкімет • 27 Шілде, 2024
Заңсыз кесілген әр ағаштың жауапкершілігі бар
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын әуеден бақылап, Мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.
Саясат • 24 Шілде, 2024
Ауыл шаруашылығын дамытудың басымдығы
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Сондай ақ күн тәртібінде ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайту бойынша қабылданған іс-шаралар талқыланды.