
Сұхбат • 15 Тамыз, 2024
Әзілхан Тәжекеев: Археология саласы толық жаңаруды күтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында халқымыздың өткенін түгендеу, тарихи жадымызды қалпына келтіру, соның ішінде археология саласын дамытуға қатысты келелі ойларын ортаға салды. Біз Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты Астана филиалының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Әзілхан ТӘЖЕКЕЕВТІ әңгімеге тартып, саладағы қордаланған проблемалар жайында сұрап білдік.
Мәселе • 13 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасының төмендігі жайында жиі айтып келеді. Әлемдегі ірі мұнай өндіруші ел үшін шұрқ тесік жолдардың болуы ұятты жағдай екенін де ескертті.
Жемқорлық • 13 Тамыз, 2024
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару үдерісі басталғалы бері көптің назарын аударған қылмыстық істердің бірі – Қайрат Сатыбалдының ісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды толық көлемде өтеген. Сонымен мемлекетке қанша қаржы қайтарылды?
Сұхбат • 08 Тамыз, 2024
Абай Баймағамбетов: Айкуне – сынықшы кәсібін толықтыратын жаттығу
Қазіргі таңда әлемнің бірқатар елінде танымал болып үлгерген Айкуне жаттығуларының тарихы біздің жерімізден, нақтырақ айтқанда, Керекуден бастау алады. 90-жылдардың соңында оны павлодарлық Абай Баймағамбетов ойлап тапқан. Бірақ өз елімізден қолдау таппаған соң, көрші Ресейге барып, алғашқы «Айкуне» орталықтарын сол елде ашады. Біз жуырда елордаға ат басын бұрған танымал жерлесімізді әңгімеге тартып, «қазақ гимнастикасы» деп айдар тағылып жүрген төл туындысының қыр-сырын сұрап білдік.
Қылмыс • 06 Тамыз, 2024
Параны берген де, алған да – қылмыскер. Осы қарапайым қағиданы түсінгісі келмейтіндер қатары арамызда әлі де көп. Бұған еліміздің әр аймағында пара алу-беру кезінде құрықталып жатқан замандастарымыз жақсы дәлел.
Сұхбат • 21 Маусым, 2024
Ержан Сәденов: Заң мен тәртіп – қоғам әділеттілігінің шарты
Жыл басында Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысқан Президент Қасым-ЖомартТоқаев: «Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет», деді. Одан бері де жарты жыл уақыт өтті. Тәртіп сақшыларының алдына қойылған маңызды міндеттер қалай орындалып жатыр? Елдегі криминогендік ахуал тұрақты ма? Құқық бұзушылықтармен күрестің нәтижесі қандай? Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан СӘДЕНОВТЕН қоғамды алаңдатқан түйткілді мәселелер туралы сұрадық.
Саясат • 13 Маусым, 2024
Қазақстан – Корея: Ынтымақтастықтың маңызды белесі
Елімізге Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль мемлекеттік сапармен келді. Оны «Ақорда» резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұраны орындалды.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Ардагерлер Президент бастамасын қолдайды
Елордамызда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің кезекті пленумы өтіп, жиынға Мәжіліс депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова және еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегаттар қатысты.
Сұхбат • 06 Маусым, 2024
Айдын РЫСБЕКҰЛЫ: Таңбалы тас – Ұлы даланың куәлігі
«Тарихы үнсіз қалғанда, таңбалы тасы сөйлеп кететін Ұлы даламыздың өткенін білмесең, болашағын көзге елестетемін деу бекер», дейді Алаш мұрасын зерттеуші, геральдист Айдын Рысбекұлы. Қазақ геральдикасы дегенде қазақ даласында көптеп кездесетін таңбалы тастар ең бірінші ойға оралатыны сөзсіз. Біздің әңгімеміз де осы тақырыптан басталды.
Сұхбат • 06 Маусым, 2024
Алаяқтықты тыюдың тиімді жолы – ақпараттық сауат
Астана – еліміздегі ішкі көші-қон үдерісінің орталығы әрі басты тартылыс күші. Ұлан-ғайыр Отанымызды былай қойғанда, мұнда алыс-жақын шетелден де ағылған халық көп. Елордамызды айнала қоршап тұрған Целиноград ауданы бұл үдерістен тыс емес. Өйткені халқының басым бөлігінің тыныс-тіршілігі Астанамен тығыз байланысты. Соған орай криминогендік ахуалы да жіті қадағалауды талап ететіндіктен, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Қанат БИТАҚОВТЫ әңгімеге тартып, бірқатар сұрақ қойдық.