
Құқық • 12 Қараша, 2024
Бұрын қазақ жұтты жеті ағайынды дейтін. Ал қазір одан да өткен сорақы «жұттың» дәурені жүріп тұр. Ол – жемқорлық дейтін жегіқұрт. Құқық қорғау органдары тарапынан оған қарсы түрлі шара қабылданып жатқанына қарамастан, қоғам өмірінен әлі де жойылмай тұрғанына қарап, жемқорлық та жеті ағайынды-ау деген ойға қаласың.
Digital • 09 Қараша, 2024
«Цифрлық көшпелілер» және жаһандық тартылыс орталығы
Астанада әлемге әйгілі ғалым, геосаясаткер, футуролог Параг Ханнаның қатысуымен «Геосаяси шиеленіс және климат өзгерістері дәуіріндегі жаңа Жібек жолдары» тақырыбында public talk өтті. Іс-шараны Qalam.global мультимедиялық жобасы Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің қолдауымен ұйымдастырды.
Үкімет • 08 Қараша, 2024
Сот жүйесін реформалау – уақыт талабы
Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі тағайындалды. Сондай-ақ депутаттар бастамашы болған сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру туралы заң қаралды.
Айбын • 08 Қараша, 2024
Астанадағы Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің құрылғанына 25 жыл толуына орай іс-шара өтті. Әскери оқу орнының тәрбиеленушілері мен педагогтерін құттықтауға Қорғаныс министрлігінің, ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің, әскери прокуратураның, әскери оқу орындарының өкілдері келді.
Егемен Қазақстан • 06 Қараша, 2024
«Қазақ газеттері» серіктестігінде «Egemen Qazaqstan» газетінің аға тілшісі, биыл «Болашақ» бағдарламасымен Англияның Ланкастер университеті Қытай орталығында тағылымдамадан өтіп келген Гүлнар Жолжанның «Қазақ-қытай байланысы: «Бір белдеу, бір жол» мегажобасының барысы туралы» атты семинары өтті.
Егемен Қазақстан • 31 Қазан, 2024
Таяуда еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күні кең көлемде аталып өтті. Мемлекеттілігіміздің іргетасын қалаған ұлық күннің құрметіне Президент атынан марапат алған азаматтардың арасында біздің газеттің бұрынғы басшылары мен қызметкерлері де бар. «Қазақ газеттері» серіктестігінде өткен жиында бас директор Дихан Қамзабекұлы олардың есімдерін құрметпен атады.
Үкімет • 25 Қазан, 2024
Экология саласындағы ынтымақтастық артады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, онда Қазақстан мен Өзбекстанның экология саласындағы ынтымақтастығы туралы заң қаралды.
Қоғам • 23 Қазан, 2024
Мәслихат сайлауын талдаған еңбек
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «Мәслихат депутаттарын сайлау-2023: ерекшеліктері мен үрдістері» атты жаңа ұжымдық монографияның тұсаукесерін өткізді. Іс-шарада мәслихаттардың құрылуының 30 жылдығына орайластырылып, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына жан-жақты талдау жасалды.
Тағзым • 22 Қазан, 2024
Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақтың даңқты ұлы, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толды. Мерейлі күнге орай 19 қазанда батырдың балалық шағы өткен Ақмола облысының Тайтөбе ауылында батыр атындағы саябақ пен бюст ашылды.
Қоғам • 19 Қазан, 2024
Қазақ руханиятына қосылған сүбелі еңбек
Қазақ руханияты көптен күткен іргелі еңбекпен толықты. Ол – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан әзірленген Ислам энциклопедиясы. Кеше мүфтиятта аталған сүбелі еңбектің алғашқы томының тұсаукесері өтті.