Білім • 15 Маусым, 2024
Қарағанды қаласы білім бөлімінің ерекше дәстүрі десек те болады, жыл бойы үздік деп танылған оқушыға «Жыл оқушысы» марапатын табыстайды. Қазылар алқасының шешімімен бұл жолғы жеңімпаз – Қарағандыдағы Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның 6-сынып оқушысы Тоқтар Кәрібаев.
«Таза Қазақстан» • 14 Маусым, 2024
Астанада «Amanat» партиясының бастамасымен бастау алған ауқымды «Таза Қазақстан» Road-эстафетасына Қарағанды облысы да қосылды. Елордадан шыққан еріктілер Осакаров ауданына жетіп, жол бойынан 4 сағаттың ішінде 13 тонна қоқыс жинады.
Маман • 14 Маусым, 2024
Ана мен баланың саулығы – тұтас ұлттың амандығы деген сөз. Бұл ақ халат киген акушерлердің бойтұмар сөзі, ұстанымы. Әу баста тележурналист боламын деген арманын анасының бір ауыз өтінішімен медицина маманына алмастырған акушер-гинеколог Жарқын Нұркеева осы күні өз кәсібінің кәнігі майталманына айналып үлгерді.
Сұхбат • 13 Маусым, 2024
Бекболат ШӘКІРОВ: Сотталғандарды жұмыспен қамту керек
Өңірімізде қауіпсіздігі әртүрлі 10 түрме бар. Онда жазасын өтеп жатқандардың 1 500-ге жуығы – жұмыссыз. Олар қара жұмыстан қашпайды. Тек жұмыс жетіспейді. «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорны түрмеге түрлі кәсіп иелерін тартқанымен, сотталғандардың жартысына жұмыс тауып бере алмай отыр. Ал жазасын өтеушілердің сот үкімі кесіп берген 6 млрд 362 млн теңге төленбеген өтемақысы мен 64 млн теңге алименті бар. Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы, әділет полковнигі Бекболат ШӘКІРОВ сотталғандарды сыртқа шығарып, кәсіпорындарға жұмысқа жұмылдыру керек деген ұсыныс айтады.
Экология • 13 Маусым, 2024
Ең басты міндет – экомәдениетті қалыптастыру
Қарағанды облысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Барлық қала мен ауданда тек сенбілік қана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын түрлі іс-шаралар әлі де ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, жақында Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде жастардың қатысуымен экологиялық квест өтті.
«Таза Қазақстан» • 13 Маусым, 2024
Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы экология мәселесіне ерекше басымдық беріліп келеді. Бұл – бірреттік науқан емес, жалпыұлттық деңгейде тазалық сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді шара екені белгілі. Сондықтан акция тек сенбілікке шығумен шектелмейтіні түсінікті. Осы орайда таяуда Теміртауда «Саф ауа» атты экологиялық форум өтті.
Аймақтар • 12 Маусым, 2024
Шалғай ауыл мектептерінің енді интернеті жақсарады. Олай дейтініміз, «Starlink» технологиясының көмегімен 106 мектептің интернет жылдамдығы артады. Мұндай игілікті іс республикалық ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп жасалды.
Өндіріс • 11 Маусым, 2024
Тоқырау жылдары Теміртау сүт зауыты жұмысын тоқтатып, қараусыз қалған. Зауытты ұры-қары торуылдап, біраз мүлкін қолды қылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін бір кездері дүрілдеп жұмыс істеген зауытты қайта қалпына келтіріп, іске қосу үшін сегіз ай уақыт жұмсалған.
Білім • 11 Маусым, 2024
Жас ұрпақтың сапалы білім алуымен қоса, жан-жақты дамып жетілгені келешек үшін аса маңызды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей назар аударып отырған мәселесі. Осы мақсатта Қарағандыда «Кәусар» оқушылар сарайы есігін ашты.
Театр • 07 Маусым, 2024
Зұлмат жылдардың зобалаңы. Алаш жұртына төнген азап. XX ғасырдағы қасірет. Қанды қасап. Қабырғасына қан қатқан Қарағанды лагері. Ақтаңдақ ақиқат. Алаш жырының ардакүреңі атанған ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэма-реквиемі – ғасырдың қайғысы, адамзаттың аза жыры. Біздің бұл жолғы айтпағымыз сол поэма-реквием негізінде дайындалған қойылымды Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенттері сахнаға сәтті алып шықты.