Өнер • 19 Желтоқсан, 2025
Алтай әндерінің әуезі қандай сұлу болса, сөздері соған сәйкеседі. Тыңдаушының жанын жадыратып, жадында жатталып қалатыны да содан. Сол өр Алтайдың арғы бетінде өз ұлтымыздың өкілдері, қарагөз қандастарымыз бар. Өнерді биіктетіп, оның ішінде дәстүрлі ән мен байырғы терме-дастандарды алтын сандыққа сақтағандай бағалы етіп келеді.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Қазіргі жаһандық бәсеке дәуірінде ғылым мен технологияның дамуы елдің экономикалық қуаты мен халықаралық беделінің басты көрсеткішіне айналып отыр. Әсіресе жасанды интеллект пен роботтехника саласындағы серпінді өзгерістер мемлекеттер арасындағы даму қарқынын қайта айқындады. Осындай отандық жаңашыл бастамалардың алдыңғы шебінде тұрған өңірлердің бірі – Қарағанды облысы. Кеншілер өңірі кейінгі жылдары роботтехника бағытында еліміз бойынша көш бастап келеді.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Қарағанды өңірінен кейінгі он айдағы көрсеткіш бойынша 4 трлн теңгенің өнімі шығарылыпты. Осыған орай облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы көшелі көрсеткішке үлес қосып отырған «Kaz-metiz» ЖШС мен «WEC Trade» кәсіпорнына баспасөз турын ұйымдастырды.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Ауыл жастарын қанаттандырған жоба
Ауыл жастарының көзіндегі үміт ұшқынын маздатқан «Ұлт қазынасы» жобасы үш айлық жұмысын табысты аяқтады. Бұл бастама – ауылдан түлеген әрбір ұл-қыздың үлкен арманға құқылы екенін дәлелдеген әлеуметтік бағдарлама ретінде бағалы, салмақты.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Күш атасы Қажымұқанның белдескенінен бөлек, жиын-тойдағы өнерін естігенде таңдай қағатынбыз. Аңызға айналған тұлға туралы түрлі әңгімені құлағымыздың құрышын қандырып тыңдадық та. Көзбен көріп, әсерін сезінгендер қандай күй кешті екен деп ойлаймыз кейде. Айтқымыз келгені – күш атасын үлгі тұтып, ізін жалғастырушы бар екен бізде де. Шет ауданы Ақжал кентінде «Терминатор» атанған Алшынбай Мұқышев есімді ақсақал тұрады.
Білім • 04 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қолдауымен Теміртау қаласының 30 мектебінде заманауи спорт алаңы ашылды.
Технология • 02 Желтоқсан, 2025
Қатердің алдын алатын заманауи құрылғы
Қарағанды – көмір, кен өндірісінің алтын аймағы. Бүгінде осы өндірістік өлке жаңа технологиялық серпілістің де ордасына айналып келеді. Өңір инженерлері тау-кен қауіпсіздігін күшейтуді көздейтін тың жобаны қолға алып, жерасты кеңістігін барлауға арналған жоғары функционалды дрондар топтамасын әзірлеп жатыр. Бұл – шахтаның терең түкпірінде, аса қауіпті қуыста жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заманауи құрылғы.
Руханият • 29 Қараша, 2025
Сарыарқа әдебиетінің жас толқыны
Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен қарағандылық жас қаламгерлердің алғашқы кітаптары жарық көрді. Жақында ғана қолға алынған «Жас қаламгер» жобасы осылайша, жас әдеби буынның шығармашылығына шырақшы болып отыр.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Қарағанды облысы мүгедектігі бар адамдардың саны жөнінен республикада үшінші орында. Қарағанды қаласының өзінде 25 мыңнан астам мүгедектігі бар жан тіркелген. Олардың көпшілігі өз құқығын біле бермейді, мемлекет тарапынан жасалып жатқан тиесілі көмекті толық көлемде алмайды. Қарағандыдағы «Ten Qogam» әлеуметтік бейімдеу орталығы осы бағытта біршама шаруаларды өз міндетіне алған.
Саясат • 26 Қараша, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысында өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті. Сондай-ақ ол мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, жергілікті жұртшылықпен және бірінші өңірлік «Талдау мектебінің» тыңдаушыларымен жүздесті. Іс-шаралар барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жолындағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары айқындалып, палатаның мәслихаттармен және сарапшылармен өзара іс-қимыл форматтары талқыланды.