Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
59 материал табылды

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024

Қалада жылу қалыпты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас басылымымызға берген сұхбатында жылу желілерінің үздіксіз берілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Үкіметтің де күн тәртібінде тұрған мәселесі – бұл. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары, әсіресе Балқаш қаласында биыл қызу жүргенін атап өткеніміз жөн.

Кәсіпкер • 12 Қаңтар, 2024

Жоба – кәсіпкерден, қолдау – әкімнен

Қазір шағын бизнес ашамын дегендерге Үкімет­тің тигізетін шарапаты көп. Әсіресе, әкім гранты – жастарға әжептәуір қолдау. Бұл жолы Нұра ауданы әкімінің грантын 9 жас кәсіпкер жеңіп алды.

Технология • 11 Қаңтар, 2024

3D көшірме жасайтын кәсіпорын

Бұрын мүмкін емес болып көрінген дүние бүгін таңсық болмай барады. Дегенмен 3D сканердің жаңалық болып келгені рас-ты. Яғни қажет затыңызды өзінің цифрлық «көзімен» сызбасын сызып, көлемін дөп құяды. Сосын дайын нұсқаны 3D принтердің жадына жолдайды. Таңдаған материалыңыздан көшірмені айнытпай дайындап береді. Сынған бөлшегіңізді басқа жерден таппасаңыз, 3D технологияның көмегімен жасап алуға болады. Қарағандыдағы «KZ Transit» компаниясы жаңа­шылдықтың жалына жармасып, тұрғындарға дәл осындай қыз­меттерді ұсынып отыр.

Саясат • 11 Қаңтар, 2024

Пайдалы кездесулер

Мәжіліс депутаттарының жұмыс сапары Қарағанды облысында жалғасып жатыр. Сапар барысында сайлаушылармен бірқатар кездесу, сондай-ақ өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарға бару жоспарланған.

Денсаулық • 10 Қаңтар, 2024

Тұмау өршіп тұр

Тұмаумен ауырғандардың көптігі соншалық, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда екі есе артық екен. Өткен жылдың қазан айынан бастап 28 мыңға жуық облыс тұрғыны жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырған. Оның жартысынан астамы – балалар.

Өнер • 09 Қаңтар, 2024

Оркестр Испанияны ұйытты

Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі Испанияда гастрольдік сапармен жүр.

Мәселе • 08 Қаңтар, 2024

«Қорғансыздың күнін» кешкен Бектауата

Бектауатаның берекесін қашырғалы қашан? Осыдан үш-төрт жыл бұрын «Қарағанды – Балқаш» күрежолының құрылысына таудың тасын тасып, жұрттың ашуына бір тиген еді. Енді сол тауды тегістейміз деген ниетпен жарылыс жасап, ел ашуына екі тиіп отыр.

Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2023

Сайланған әкім: Сенім үдесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруге ерекше ден қойды. Осы саяси реформа аясында биыл Қарағанды облысында екі аудан, бір қалада сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметіне кірісті. Алаш арыстарының алтын бесігі Ақтоғай өңіріне іссапарменен жол түсіп, мұндағы халық таңдауы түскен әкім Руслан Кенжебековпен жолығып, сайлауалды бағдарламасындағы ауданның экономикалық әлеуеті жөнінде әңгіме өрбіткенбіз.

Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023

«Qarmet» көлік сыйлады

«Qarmet» кәсіпорны құқық қорғау органы мен медицина қызметкерлеріне арнайы көліктердің кілтін табыстады. Жаңа көлік кілттері облыс орталығымен қоса қанаттас Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, қала­ла­рына берілді.

Еңбек • 12 Желтоқсан, 2023

Жаңа мамандықты меңгереді

Қысқамерзімді кәсіптік оқыту арқылы мамандықты ауыстыруға болады. Қарағанды облысында 571 адам кәсіптік білім алуға жіберілген. Оның көпшілігі жаңа мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, жұмысқа да орналасқан.