Аймақтар • 09 Қараша, 2023
Құдай бетін әрі қылсын дейік, дегенмен кейінгі кездері дала өрті жиілеп кетті. Мемлекет басшысы Үкіметке дала өртінің алдын алу бойынша бірқатар міндеттер жүктеген еді. Осы орайда жер көлемі ауқымды Шет ауданынан тағы бір өрт сөндіру стансасы ашылды.
Әскер • 06 Қараша, 2023
Жанкештілікпен келген «күрең берет»
Арнайы жасақ сарбаздарына «күрең береттің» иесі атану үшін үлкен күрес қажет. Бұл дәрежеге сапта жүрген жігіттердің бәрі қол жеткізе бермейді. Айтуар Асқар да әуелгіде әлгі ауыр сынақтан сүрінеді. Екінші мәрте бағын сынап, қажыр-қайраты, қайсарлығының арқасында осы дәрежеге қол жеткізген.
Кәсіпкер • 03 Қараша, 2023
«Даму» қорының қолдауы қомақты
Кәсіпкерлер үшін мемлекет қолдауы аса маңызды. Осы орайда түрлі несие бағдарламалары олар үшін орасан көмек. Өңірдегі кәсібін жаңа ашқандарға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық бөлімшесі қомақты қолдау көрсетіп отыр. Қор мамандарымен бірге көмек алған бизнес мекемелерін аралап көрдік.
Мәдениет • 02 Қараша, 2023
Дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақсыгелді Кемаловтың «Айбоз ғұмыр асқақ ән» атты шығармашылық кеші Кеншілер мәдениет сарайында дүркіреп өтті. Өнер кешіне қазақ әнінің абызы Қайрат Байбосынов бастаған небір дүлдүлдер жиналды.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Көмір таппай ел дал, қызығын көрген делдал
Арқаға алғашқы қар жауып үлгерді. Ауылдағы ел-жұрт күздің қара суығы сезіле бастаған бетте пешке от салған. Көп ел көмір сарайын толтырып алған. Қарағандыда былтырғыдай көмір сататын орындарда дүрбелең жоқ. Арнайы орындарда жеткілікті көлемде әзірлеп қойған. Алайда ауылдағы ағайынның қалтасын делдалдар қағып тұр. Қолдарын ысқылаған әлгі алыпсатарлар «апарған көмірімізді бәрібір алады, басқа көмір қайдан келсін?» деген пейілде. Шалғайда жатқан ел шынымен қысқы отынға қалай қол жеткізсін? Амалы жоқ, алады...
Ұстаз • 31 Қазан, 2023
Қарағандыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білім ошағы бар. Мектеп ұжымы ұлт ұстазының есімін білім ошағына беру мәселесін көп жыл бұрын көтергенімен, сәті кейінде ғана түсті. Осы игілікті шараға ұстаз Сәбира Күлпейісованың қосқан үлесі зор.
Төтенше жағдай • 30 Қазан, 2023
Қарағанды тағы да қара жамылды. Костенко шахтасындағы өрттен 45 кенші көз жұмды. Бір жұмыскер іздестіріліп жатыр. Бұл кен орны да алпауыт «АрселорМиттал Теміртау» АҚ иелігінде. Тағы да – трагедия. Кеше қыршын кеткен есіл ерлерді қабырғасы қайыса еске алған қайран елі аза тұтты. Қарағанды шахталарының мұндай апатты жағдайдан арылатын күні бар ма? Жеті қат жер астындағы еңбек етіп жүрген кеншілердің тағдырына кепіл бола алмаған ірі компанияға деген елдің назасы қатты. Бұл ел тарихындағы өндірісте болған ең ірі апат ретінде аталып отыр.
Аймақтар • 18 Қазан, 2023
Көгілдір отын Қарағандыны көк түтіннен құтқарады. Әйтпесе, дәп күздің қара суығынан бастап Қарағанды аспанын қою қара түтін басады. Енді бұйырса, бірер жылда қаланың көзі ашылып, тынысы артады. Көшеге тартылған газды тұрғындар үйіне кіргізіп алудың қамын жасап жатыр. Жергілікті билік пайызсыз несие, әлеуметтік көмек қарастырып қойған.
Өнер • 15 Қазан, 2023
Ауылдан ұзамай-ақ салған әні алты қырдан асқан, шерткен күйі шебер шығатын небір дарын өнерді өлтірмей, өрістетіп отыр. Әйтпесе Құдай берген талантымен танылып кететіндей қауқар жоқ емес оларда. Ақтоғайда тұратын тоқсанға толып қалған Күлмара Рахымбекқызы – көненің көзі, шебер күйшінің өзі. Атақты Аққыз күйшінің төл шәкірті. Құдай қуат берген. Алтын құрсағынан тараған ұл-қыз бір рулы елге айналғалы тұр.
Ауыл • 11 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ет, сүт, астықты терең өңдеу және жылыжай шаруашылығын дамытуға басымдық бере отырып, сапалы өнімді тұрақты ұсына алатын кәсіпорындарды қолдауды тапсырғаны белгілі. Сондай әлеуетті шаруашылықтар шоғыры Қарағанды облысының Нұра ауданында орналасқан. Елорданың азық-түлік белдеуіндегі астықты ауданда қазір қызу науқан. Күзгі жиын-терім жұмыстары қауырт жүріп жатыр. Алқаптағы егін орағы, жемшөпті жинау аяқталуға таяу. Ауылдағы ағайынның алаң көңілі де орнына түсе бастаған.