Маман • 04 Қазан, 2023
«Маманы» жоқ өндіріс өркен жая ма?
«Қазақстанда жасалған». Осы бір патентпен Қарағанды облысында өз өнімін нарыққа шығарып, тіпті шетелге де жөнелтіп жатқан бірнеше кәсіпорын бар. Ел Президенті биылғы Жолдауында «Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілді қолдану қажет», деді. Яғни отандық өндірістің өркендеуіне қолдау күшейді. Дегенмен бұл салаға кедергі болып отырған мәселелер де бар...
Өндіріс • 03 Қазан, 2023
«KazPlast»: Сапалы өнім сұранысқа ие
Қарағандыдағы «KazPlast» компаниясы – сапалы бұйымдарымен нарықта өз орны бар зауыт. Отандық өнім шығаратын жергілікті кәсіпорынның бірі де, бірегейі. Себебі, өнімдері бірте-бірте брендке айналып келеді. Жыл өткен сайын сұранысқа сәйкес, көлемі де ұлғайып отырады. Түрлі құбыр, пластикалық ыдыс, балалар ойын алаңының жабдықтары да – осы зауыттың өнімдері. Бүгінде өрісі кеңеюде. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да отандық өндіріске тоқталып өтті. Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беру қажеттігін атады.
Еңбек • 29 Қыркүйек, 2023
Қарағанды медицина университеті клиникасының бас хирургі, хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры Нұрқаси Абатов республикалық «Еңбек жолы» байқауынан жеңімпаз атанып, мерейі тасыды. Білікті хирург байқаудың «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымында топ жарды.
Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Ертеде кеншілердің жеті қат жер астына түсерде үйімен қоштасып шығатынын білемісіз? Бірақ қазір де шахтадағы қауіпсіздіктің сын көтеріп тұрғаны шамалы. Осы бір сәтті кеншілер отбасы жан-тәнімен түсінеді. Үйінде қалған жандар кенші ағасының, я болмаса әкесінің, баласының жер бетіне аман шыққанын тілеп отырады. Қанша қатермен бетпе-бет келеді, қауіптен аман қалады. Әрі қарай жұмысын жалғастырады. Еңбек те, ерлік те – бұл.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2023
Шахтадағы өрт: кінәлі – «Арселор»
Бес кенші қаза болған «Қазақстан» шахтасындағы өрт естеріңізде болар. Жедел құрылған Үкіметтік комиссия тобы күні кеше қайғылы оқиғаның тергеп-тексеру қорытындысын жария етті. Апат кезінде пайдаланылған құрылғыларға, жабдықтарға тиісті сараптама жүргізген еді. Сараптама нәтижесіне сәйкес кінәлі – жұмыс беруші. Алпауыт «АрселорМиттал Теміртау». Өрттің басты себептерінің бірі – конвейер таспасының тұтануы. Көмір конвейерінің шығыршығы деформацияға байланысты қарысып қалғандықтан, таспа үйкеліп, көмір тұтанып, өрт шыққан. Бұл таспаны мемлекеттік стандарт бойынша елімізде қолдануға болмайтын көрінеді. Әлгі таспаңыздың Үндістанның бір зауытында жасалғанымен қоса сертификаты жоғы тағы бар.
Білім • 20 Қыркүйек, 2023
Өңірде мұғалім тапшылығы әлі бар. «Teach for Qazaqstan» жобасы қолға алынғалы бері, бұл мәселе ретімен жолға қойылып келеді. Жоба игілігін көрген алғашқы отыз түлек облыс мектептеріне жұмысқа орналасты.
Ұлттық спорт • 24 Тамыз, 2023
Желдей жүйткіген жүйріктің жүгенімен алысу үшін әрине, үлкен жүрек керек. Әсіресе аламандағы дүбірде тұлпар топ жару үшін шабандоздың тақымы тастай, жігері қылыш, білегі құрыш болуы әсте, маңызды. Былайша айтқанда, қазанаттың бабын атбегі тапса, бағын шабандоз бала жағады. Елдің аузында жүрген Арқадағы Мейір Нұрболатов деген шабандоз тақымдаған тұлпарға Жаратқанның нұры түсер ме дерсіз? Түкіріп қоялық, аламан бәйгенің үнемі алдында келеді. Өзі шынашақтай болып-ап, асауға ауыздық салғанын көргенде «мына жігіт жүрегін жұтып алған ба?» деген ойда қаласыз…
Аймақтар • 22 Тамыз, 2023
Қыста қалтырамас үшін қамданыс
Елімізде коммуналдық желілері әбден тозған төрт облыс болса, соның бірі – Қарағанды облысы. Екібастұздағы былтырғы апаттан кейін жылу желілерін жаңарту жұмыстары жандана бастады. Әйтпегенде, алты ай қысты өткеретін Қарағанды, оның ішінде құбырларының тозығы әбден жеткен Теміртау Екібастұздың кебін киеді екен. Кеңес дәуірінен бері келе жатқан жылу желілері жаңартылмаса, қыстан қалтырап шығуымыз әбден мүмкін де еді...
Аймақтар • 18 Тамыз, 2023
Шахтинск қаласы – Қарағанды облысының ірі өнеркәсіптік аудандарының бірі. Шаһардың электр энергиясын заман ағымына сай таратуда тиісті кәсіпорындарының алар орны айтарлықтай. «Шахтинсктеплоэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Шахтинск қаласын жылумен жабдықтайтын жалғыз қайнар көзі. Жылу электр орталығы қолданысқа 1964 жылы тапсырылған. Қазіргі уақытта жылыту кезеңіне дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.