Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
207 материал табылды

Талбесік • 27 Наурыз, 2024

Жер-ана да аңсайды қамқорлықты

Біздің айтқымыз келіп отырғаны – Наурызды тек ұлттық киім, ұлттық тағаммен шектемеу. Күн мен түн теңелетін бұл айда табиғаттағы барлық тіршілік иелеріне жан біте бастайды. Қыстың соңы, көктемнің басында жыл құстарынан хабар алады. Табиғат­тың қайта түлеп, жаңаратын кезі. Демек наурыздың о бастағы философиялық мәні де осында жатыр.

Мереке • 22 Наурыз, 2024

Төл мереке төрге озды

Ұлыстың ұлы күнін биыл Амал мерекесімен басталған Наурызды бүгін қарағандылықтар айрықша атап өтті. Қарағандыдағы орталық саябақта ақшаңқан ақ үйлер тізбекпенен құрылып, ұлттық болмыс салтанат құрды. Мұндай мерекелік думан аудан-қалаларда да ауқымды көрініс тапты, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 22 Наурыз, 2024

Ең үлкен марапат иесі

«Ауылын көріп, азаматын таны» деген тәмсіл ертеден бері еш мәнін жоймай келеді. Нұра ауданындағы шалғайда жатқан Тікенекті аулының тіршілігіне қарап, сіз де сүйсінесіз. Өркениеттен алыс жатса да, ажары бөлек ауыл алдыңғы жылы «Үлгілі ауыл» атанған еді. Мұның бәрі – әрине, Рамазан Әбілдин секілді елге елеңдеп, ауылға алаңдап тұратын жанашыр жандардың қолдауы.

Қоғам • 21 Наурыз, 2024

Қазақтың келіндері-ай!

Қарағандыдағы өзге этнос өкілдері де Ұлыстың ұлы күнін жатсынбайды, қуана қарсы алады. Наурызнаманың онкүндігі басталғалы бері көбі түрлі іс-шарада төбе көрсетіп жүр. Солардың қатарындағы Теміртау қаласы іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Наталья Арыстанова туралы ерекше айтуға болады. Қазаққа келін болып түскен Наталья бауырсақты да, наурызкөжені де енесі үйреткен мәзірімен өзі дайындайды.

Қоғам • 18 Наурыз, 2024

40 дәрігер үйлі болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының ең маңызды он бағытының ішінде тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бар. Әсіресе онда жас мамандарды жан-жақты қолдауға қатысты да мәселе көтерілген. Күні кеше Ұлыс күніне орай жас медицина мамандарына Бұқар жырау ауданының Доскей аулынан 40 пәтердің кілті берілуі – сөзімізге дәлел.

Мәселе • 15 Наурыз, 2024

Мектеп күзетіне күмән бар

Осыдан бір ай бұрын әлеуметтік желіде «Қарағанды мектеп­теріндегі оқушыларды оққа байлаймын» деген суыт мәлімдеме тарап, елді әбден әбігерге салды. Ата-аналар тіпті баласын сабаққа жіберуге қорқып қалды. Қоқан-лоқыны жазып таратқан 13 жастағы тентек дереу ұсталды.

Жоба • 15 Наурыз, 2024

Қатерлі ісікті анықтайтын жоба

Қарағандылық өрендер қатерлі ісікті бірден анықтайтын жоба ойлап тапты. Жақында ғана Digital Almaty алаңында OncoZeroAi атты жоба таныстырылып, бірден көптің көз­айымына айналды. Осыдан-ақ аймағымыздың IT-жобалар жасауда өзгелерден көші ілгері екенін айтуға болады.

Ұстаз • 14 Наурыз, 2024

Жаңашылдыққа жақын ұстаз

Әсем Берікқызы – Қарағандыдағы С.Саттаров атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 26 жыл еңбек өтілі бар педагогтің жаңашылдыққа жаны үнемі жақын.

Ауыл • 14 Наурыз, 2024

Ауылға қамқор азамат

Арқа жері атымтай жомарт азаматтарға бай. Ондай алтын жүректілер ауылды сақтап тұр. Соның бірі Нұрлан Қалтаев Қарқаралыдағы Қоянды аулының ажарын ашып жүр.

Өнер • 13 Наурыз, 2024

«Дала думанның» дүбірі

Күн мен түн теңеліп, Жер ана жаңаратын мерекеге орай Қарағандыдағы «VOGUE» мейрамханасында жылдағы дәстүр бойынша «Дала думан» мерекесі өтті.