Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
222 материал табылды

Тұлға • 01 Наурыз, 2025

Ғылымның қия шыңында

Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейтін жадыда жүретін нақылы бар. Бұл – әсіресе ғылым жолына түскен ғалымдарға тән қасиеттер. Мұны атыраулық ғалым Ерсайын Ихсанов темірқазықтай жарқырап тұратын бағдаршамына айналдырды.

Шаруашылық • 28 Ақпан, 2025

Балық өсірушілердің жалақысы неге аз?

Былтыр көктемгі су тас­қыны салдары мұ­­найлы өңірдегі балық өсіру шаруа­шылықтарының жұ­мыс қарқынын бәсең­детті. Алайда Атырау бекіре өсіру зауытын жаңғырту жобасы жағдайды түзетуге серпін беруі мүмкін.

Өнертапқыш • 27 Ақпан, 2025

Қалдық өңдеудің тиімді тәсілі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің сту­денттері қамыс пен тамақ қалдықтарынан фитоқабат өндірудің тиімді тәсілін ойлап тапты. Студенттер бұл үшін «Waste2wear» командасын құрған.

Мәселе • 25 Ақпан, 2025

Газ өңдеу зауытының игілігін қашан көреміз?

Каспий теңізінің біз жақ секторында көмірсутекті шикізат қоры табылған үш кеніш бар. Бұл – Қашаған, Қайраң және Ақтоты. Оның ішінде ең ірі кен орны – Қашағаннан «қара алтын» өндіру 9 жыл бұрын басталды. Бес елге ортақ айдын тереңіндегі мұнаймен бірге екі өнім ілесе шығады. Бірі – ілеспе газ, екіншісі – күкірт. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қашағандағы газ өңдейтін зауыт құрылысы мәселесіне арнайы тоқталды. Жобаға жауаптыларға құрылысты межеленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Өшпес даңқ • 22 Ақпан, 2025

«Сен құрметте оны!..»

Екінші дүниежүзілік соғыс миллиондарды майдан даласында қалдырды. Мил­лион­дарды мүгедек етті. Миллиондарды әкесі мен ұлынан айырды. Сұрапыл соғыстың зардабы талайдың жүрегіне ешқашан жазылмайтын жара салды.

Аймақтар • 22 Ақпан, 2025

Жаман әдеттен жиренген жұрт

Атырау облысында екі ауылдың тұрғындары алкогольдік ішімдіктен бас тартты. Екеуі де – шағын елді мекендер. Алтын бесігінен ірге көтермей отырған қандастар ұрпағының болашағы үшін осындай игі істі қолға алды.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2025

Атырауда ауыл шаруашылығын дамыту қажет

Атырау облысындағы көмірсу­тек­ті шикізат та, су маржаны да – таусылмайтын қазы­на емес. Міне, дәл осы себеп өңір­де ауыл шаруашылығы саласын өркендету міндетін алға шығарады. Жылдар бойы мұнай мен газдың тасасында кенжелеп қалған саланың түйткілі тарқатыла ма?

Экология • 19 Ақпан, 2025

Табиғатқа жанашырлық қажет

Мұнайлы Атырау ауасы ластанып, қоршаған орта тазалығы жиі бүлінетін өңірлердің алдыңғы легінде. Өйткені мұнда тұмса табиғатқа тағылық жасау әлі жалғасып келеді. Теріс әрекет әсіресе мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар тарапынан тоқтамай тұр.

Құқық • 18 Ақпан, 2025

Кәсіпкер құқы қашанда қорғалуға тиіс

Мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлер қызметіне кері әсерін тигізетін кілтипан жиі кездеседі. Бұқара мен биліктің арасына дәнекер болуы, қазақ қоғамының сенімін нығайтуға тиіс мемлекеттік органдар қандай өрескел әрекетке барады?

Аймақтар • 15 Ақпан, 2025

Өңірдің дайындығы қандай?

Атырау облысындағы 51 елді мекенді тасқын су басу қаупі бар. Осыған байланысты елді мекендердің бәріне маусымдық гидробекет орнату көзделген. «Қазгидромет» РМК Атырау филиалының мәліметінше, Ресей Федерациясынан мол көлемде су келуі мүмкіндігіне болжам жасалып отыр.