Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
55 материал табылды

Сұхбат • 02 Қазан, 2024

Бақтықожа Ізмұхамбетов: Қарты бар елдің қазынасы ортаймайды

«Ауылыңда қария болса, жазулы тұрған хатпен тең». Қоғамның ақылманы саналатын ақсақалдардың мемлекеттік мұрат-мүдденің сын сәтінде арқалайтын аманаты қашанда ауыр. Қазыналы қарттардың қам­шылауы, демеуі, пана болуы кейінгі толқынға қа­жет. Елдегі бірегей ұжым саналатын «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан­ның Еңбек Ері Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовпен әңгімеміздің желісі де қазыналы қарттар арқа сүйейтін ұйымның тыныс-тіршілігі төңірегінде өрбіді.

Ұлттық спорт • 20 Қыркүйек, 2024

Бекзада өнердің биігі

Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет құсбегілік сайысы енді. Ала жаздай түлекке отырғызып, етін қатырып, дүбірлі додаға қосқан қырандарының қырағылығын көрсеткен саятшылардың сақа өнеріне көпшілік тәнті болды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 14 Қыркүйек, 2024

Дәстүрді асқақтатқан дода мәресіне жетті

Қазақ даласын апта бойы дүбірге бөлеген V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары да мәресіне жетіп, тарих жылнамасына жазылды. Кеше «Көшпелілер әлемі» этноауылында айтулы аламанның жабылу салтанаты өтіп, 2026 жылы өткізетін елге аманаттады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 13 Қыркүйек, 2024

Қыранын қияға салған құсбегілер

Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының бесінші жарыс күнінде құсбегілер шеберліктерін сынады. Ел сенімін арқалаған саңлақтардың барлығы да бүркіт, қаршыға, ителгі салудан финалдық кезеңге өтті. Этноауыл маңындағы алаңда томағасын сыпырып қыранын қалықтатқан құсбегілер бекзада өнердің ұлылығын паш етті.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024

Саңлақтар көш бастады

Дүбірі алты құрлыққа жайылған Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының кезекті жарыс күнінде ел қоржыны жүлдеге тола бастады. Әсіре­се төл спортымыз қазақ күресі мен аударыс­пақ­тан сенім артқан саңлақтар сенімді ақтады.

Мәдениет • 10 Қыркүйек, 2024

Этноауыл есігін айқара ашты

Елорда төрін дүбірге бөлеген V Дүниежүзілік көшпелілер ойын­­дарының басталғанын көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақ­тарға құшағын жайған «Көшпелілер әлемі» этноауыл да жұмысын бастады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 07 Қыркүйек, 2024

Дүниежүзілік көшпелілер ойындары басталады

Төрткүл дүниенің назарын аударған көшпелілер ойындарының ертең салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Апта бойы елорда төрінде этноспорт дода­сы қызып, мәдени, ғылы­ми бағыттағы іс-шара­лар елдігімізді әйгілей түсе­тіні сөзсіз. Он жылдан бері жүлгесі үзілмей келе жат­қан Дүниежүзі­лік көшпелі­лер ойындарында алты құр­лыққа са­уын айтылды. Әлемнің таңдаулы ақ­парат құрал­дары Арқа төсі­нен тікелей хабар таратады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 06 Қыркүйек, 2024

Балуандар барын салады

Астанадағы Дүние­жүзілік көшпелілер ойын­дарында 89 мемлекеттен келетін қа­тысушылар 21 спорт түрінен тартысқа түседі. Ең көп медаль жиынтығы күрес түр­леріне бөлініп отыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 05 Қыркүйек, 2024

«Алуан-алуан жүйрік бар...»

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бәйге түр­лерінен сайыс 13 қыркүйекте «Қазанат» ипподромында өтеді. 12 қыр­­­күйекте мандаттық комиссия мен төрешілер алқасының оты­рысы болады. Өкілдер мен жаттықтырушылар да арнайы жиынға қатысып, бәйге ережесін талқылайды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 04 Қыркүйек, 2024

Көкпарда аттың да күші сыналады

V Дүниежүзілік көшпелілер ойын­дарының түңлігі түрілуіне санау­лы күн қалды. Ұлттық спорт аламанына әр құрлықтан келетін спортшылар апта бойы елорда төрін дүбірге бөлемек. Қалың жанкүйер көкпар додасы мен қырғыздың көкбөрі ойынын асыға күтетіні анық.