Бану ӘДІЛЖАН
Бану ӘДІЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
49 материал табылды

Президент • 28 Тамыз, 2024

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Бүгінгі жетістік – ертеңгі жеңістеріміздің бастауы

«Аламан басталған сәттен бәріміз бір ел, бір халық болып, спортшыларымызға қолдау көрсеттік. Сіздерге 20 миллион отандасымыз жанкүйер болды деп айтсақ, артық болмайды. Әрбір жеңіс – зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі». ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойын­дарының жүлдегерлерімен кездескен Мемлекет басшысы сөзін барша қауымды Париж Олим­пиадасындағы жеңістермен құт­тықтаудан бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүлдеге ие болған әр спорт­шының бүгінгі жетістігі ертеңгі жеңістеріміздің бас­тауы екеніне назар аударды.

Саясат • 24 Тамыз, 2024

Қазақ-тәжік қатынасының жаңа кезеңі

Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші күні осы елдің Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзодамен кездесті.

Президент • 23 Тамыз, 2024

Қазақстан – Тәжікстан: Ынтымақтастыққа тың серпін берген сапар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге мемлекеттік сапар­мен барды. Сапар аясындағы шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында екі ел басшылары стратегиялық серік­тестік пен экономикалық байланыстарды нығайтатын бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды.

Пікір • 22 Тамыз, 2024

Парықсыз пранк

Еңгезердей жігіт әке-шешесіне балмұздақ әкеліп береді. Алпыстың айналасындағы ата-анасы әлгіні жей бастағанда түрлері бұзылып, тыжырына түседі. Сөйтсе, ұлд­арының балмұздақ деп ұсынғаны құ­рылыс­та пайдаланатын ақ желім екен. Әке-шешесін алдағанын алдын ала қосып кеткен ұялы телефонына түсіріп алған әлгі әумесер «Бұл пранк болатын!» деп ыржалаңдап тұр...

Президент • 28 Маусым, 2024

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді

28 маусым Бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиынға республикалық және өңірлік жетекші газет-журналдар­дың, телеар­на­лар­дың, ақ­параттық ресурстардың өкілдері қа­тысты. БАҚ саласын кәсіби мерекесімен құт­тықтап, журналистиканың мәр­те­белі мамандық екенін атап өт­кен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің де, журналистің де ұлт үшін қызмет ететінін, ел тағдырына бірлесе жауапты екенін атап өтті.

Президент • 14 Маусым, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев: Туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік бар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен туризмді дамыту жөніндегі кеңес өтті. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Бас прокурор Берік Асылов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Үкімет мүшелері, Астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдері, ұлттық компаниялар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшілері, туризм секторындағы бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты.

Әлем • 07 Маусым, 2024

Жаңашыл түркі медиа платформасы – ортақ қажеттілік

Баспасөз хатшысы қызметінің тамырына қан жүгірту үшін қандай кәсіби біліктілік қажет? Билік, халық пен журналистка – осы үш тағанды байла­ныстыратын ортақ құндылықтар қандай? Үшеуінің арасында ақпараттық дәнекер болудың маңыздылығы неде? Технология қарыштап дамып, әлемдік сын-қатерлер күн санап асқынып бара жатқанда бұл қызметтің ауырт­палығы неде, жауапкершілігі қандай? Өзбекстан аста­на­сы Ташкентте бас қосып, осы және өзге де өзекті мәселені кеңінен тал­қылаған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше ел­дер­дің министрліктері мен ведомстволарының баспасөз хат­шы­­лары қазіргі заманғы медиа кеңістікте ақпарат берудегі жа­санды интеллектінің әлеуетін сарапқа салып, әлеумет­тік желі платформаларының жаңа мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырды. Аталған жиынға еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бір топ әріптестеріміз қатысып қайтты.

Сұхбат • 28 Мамыр, 2024

«Мақсат – тарихқа әділетті көзқарас қалыптастыру»

Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия аясында жасалған жұмыстың маңызы ерекше. Абай облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау комиссиясының мүшесі, Шәкәрім атындағы университеттің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Тоты КАРИЕВА осы ауқымды еңбектің тарихи мән-мағынасын түсіндіріп берді.

Сұхбат • 16 Мамыр, 2024

Оңайгүл ТҰРЖАН, ақын: Айналамнан биіктік пен ірілікті іздеймін

«Неге екенін білмеймін... анам мен Фариза апай туралы өлең жаза алмадым. Фариза апай жайында керемет мақала да жазғым келді. Бірақ жаза алмадым». Ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің доценті Оңайгүл ТҰРЖАНМЕН сұхбат кезінде осы сөздері еріксіз елең еткізді. «Неге?» деп қайтара сұраған жоқпыз. Себебі осы сөздерді айтқаннан кейін ақын өзі де бір сәт үнсіз қалды. Мүмкін кейіпкеріміздің «Ұлы ақындық деген де ұлы жұмбақ, ешкім әлі шешуін таба алмаған» дегені осы болар. «Өмірдің күнделікті алдыңа қоятын сұрағы әртүрлі. Сол сұрақтарға түрлі мінез көрсетуге тура келеді. Әр сұраққа түрліше жауап қайтаратын кездері болады», деген ұстаз сұхбат барысында «Қоғамда, отбасында өз орнын таба алмаған, қолдау көрмеген әйел баланы да дұрыс тәрбиелей алмайды», деген ойын да ашық білдірді.

Марапат • 07 Мамыр, 2024

Тыныштық пен тұтастықтың қалқаны

Мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнау­лы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысқан Мемлекет бас­шысы – Қазақстан Қару­лы күштерінің Жоғар­ғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттық­та­ды. Президент осы екі мей­рам жауынгерлік дәстүр­дің сабақтастығын паш ете­тінін, батыр баба­лары­мыздың даңқты жолын қазір өскелең ұрпақ жалғас­тырып келе жатқанын атап өтті.