Дана МЫРЗАҚАДІР
Дана МЫРЗАҚАДІР«Egemen Qazaqstan»
1522 материал табылды

Өнер • 17 Қараша, 2023

Қоқысқа тасталмақ болған картинаны Лувр 24 миллион еуроға сатып алды

ХІІІ ғасырдағы әйгілі флоренциялық суретші Чимабуэнің картинасы қарт француз әйелдің үйінен табылды. Үй жинап жүріп табылған сурет түпнұсқа болып шықты, деп жазады Egemen.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Тағайындау • 17 Қараша, 2023

«Қазақ радиолары» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

Журналист Нұртас Солтанұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем • 17 Қараша, 2023

АҚШ-та алғаш рет тікұшақ такси ұшты

Тікұшақ таксиді «Джоби Авиэйшн» компаниясы құрастырған. Электр қуатымен жұмыс істейтін әуе таксиі Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы тікұшақ алаңында сынақтан өтті, деп жазады Egemen.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Оқиға • 17 Қараша, 2023

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматыда Түрксіб ауданы, Бекмаханов көшесі, 2/16 үй мекенжайы бойынша орналасқан жиһаз қоймасы өртеніп жатыр, деп жазады Egemen.kz Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Мәдениет • 16 Қараша, 2023

«Umai-2023» сыйлығына өтінім қабылдау 5 желтоқсанда аяқталады

Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған «Umai-2023» сыйлығына өтінім қабылдау 5 желтоқсанда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Қоғам • 16 Қараша, 2023

Қазақстан халқының саны 21 миллионға қашан жетеді?

Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев Қазақстанның 21 миллионыншы тұрғыны 2027 жылы дүниеге келуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 16 Қараша, 2023

20 миллионыншы баланың әкесі 20 жаста

Қазақстан халқының санын 20 миллионыншы болып толықтырған сәбидің бірі - Ұлытау облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. 20 миллионыншы тұрғын Ақылбек Томирис Сұңғатқызы үйінің тұңғышы, ата-әжесінің алғашқы немересі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пікір • 16 Қараша, 2023

Халықтың санымен бірге экономика да өсу керек - Серік Негимов

Бүгін ел тарихында елеулі оқиға болды.  Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Ақжолтай ақпаратты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сүйінші хабарды халқымыз зор қуанышпен қабылдады. Соның ішінде қоғам қайраткерлері мен желі белсенділері халықты құттықтауға асық. Осы орайда филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Серік Негимов те жүрек жарды тілегін жеткізді.

Футбол • 16 Қараша, 2023

«Қарсылас та болса, қонақ». Қазақстан Сан-Марино футболшыларын шапан жауып, күй тартып қарсы алды (видео)

Спортшыларды ерекше қарсы алу рәсімін белгілі блогер Аршат Ораз желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Мереке • 16 Қараша, 2023

Қазақстанның бастамасымен дүниежүзі бірге тойлайтын жаңа мереке пайда болды

Енді 20 мамыр күні Дүниежүзілік метрология күні тойланады. Бұл қарарды Қазақстанның бастамасымен ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясының Жаратылыстану ғылымдары жөніндегі комиссиясы бірауыздан қабылдады, деп жазады Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.