Саясат • 07 Ақпан, 2025
Саяси ойлауды жаңарту бағытындағы реформалар
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптама алаңында «Қ.К.Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелері» атты «отырыс өтті. Жиын барысында іс-шараға қатысушылар – мемлекеттік органдар мен парламент өкілдері, жетекші талдау орталықтарының басшылары, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлері елімізде кейінгі үш жылда жүзеге асырылған саяси реформалардың негізгі аспектілерін, оларды мемлекеттік басқаруды, құқықтық жүйені және азаматтық қоғамды дамытуға ықпалын талқылады.
Үкімет • 06 Ақпан, 2025
Еларалық келісім тауар айналымын арттырады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде еліміздегі экологиялық ахуал, азаматтық қорғаныс саласындағы түйткілдер қаралып, кейбір халықаралық келісімдер ратификацияланды. Мәжіліс депутаттары азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Әлем • 05 Ақпан, 2025
АҚШ-тың Ақүйіне қайта келген президент Дональд Трамп елдегі бірқатар заңды дереу өзгертіп, тіпті Байденнің билігі тұсында заңнамаға енгізілген біраз норманың күшін жойып та жіберді. Әсіресе елдегі көші-қон саясатындағы «былыққа» шүйліккен Трамп командасы заңсыз жүрген мигранттарды күнделікті депортациялауды қолға алды.
Үкімет • 28 Қаңтар, 2025
Мәжілісте палата спикерінің орынбасары Дания Еспаеваның төрағалығымен Үкімет сағаты өтіп, онда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды. Аталған мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.
Үкімет • 23 Қаңтар, 2025
Отандық өндірісті дамыту мүмкіндігі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, оның күн тәртібінде экологиялық мәселелер, кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер қаралып, Қазақстан мен АҚШ, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы үкіметаралық одақтастық қатынастарды реттейтін шарттарды ратификациялауды қамтамасыз ететін заң жобалары қаралды. Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.
Әлем • 22 Қаңтар, 2025
Беларусь халқы көшбасшысын таңдайды
Осы жексенбіде, 26 қаңтарда Беларусь Республикасында кезекті президент сайлауы өтеді. Елдің басты саяси науқанына дәл қазір президенттіктен 5 үміткер қатысып жатыр. Олардың қатарында қазіргі президент Александр Лукашенко да бар. Саяси тартыстың сын сағаты таяған сайын үміткерлердің де бағы мен бабы белгілі бола бастағандай. Әзірге А.Лукашенко өзге кандидаттардан алда келе жатыр.
Сұхбат • 17 Қаңтар, 2025
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздің стратегиялық дамуының негізгі алғышарттарының бірі. Сол себепті де қоғамда патриотизмді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ең маңызды мәселе болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресуді қатаң тапсырып, онымен күрес қызметінің барлық бағыттағы жұмыстарына жаңа серпін беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстарын күшейтті. Осы ретте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен сұхбат құрып, саладағы заңнамалық жаңашылдықтар турасында әңгіме өрбіттік.
Заң мен Тәртіп • 16 Қаңтар, 2025
Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қордай ауданында «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты жастар форумы ұйымдастырылды. Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің қатысуымен өткен іс-шарада заңдылық пен құқықтық тәртіпті, жастардың құқықтық сауатын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдар, отансүйгіштік пен азаматтық борыш турасында келелі ойлар мен кесімді ұсыныстар айтылды.
Баға • 14 Қаңтар, 2025
Жылдың басы Қазақстан мұнай секторы үшін жағымды жаңалықпен басталды. Себебі өткен жылдың соңғы күндерінде әлемдік шикізат нарығында мұнай бағасы аздап көтерілді. «Қара алтынның» қазіргі бағамы (Brent маркасы) барреліне 80 доллардың ар жақ-бер жағында құбылып тұр. Әрине, бұл – бөрікті аспанға ата қуанатындай көрсеткіш емес. Бірақ ел бюджетінің жартысын қамтамасыз етіп отырған мұнай секторы үшін уақытша болса да тұрақтылықтың кепілі. Себебі 2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында мұнай бағасы барреліне 75 доллар деңгейінде бекітілген.
Саясат • 01 Қаңтар, 2025
Ел дипломатиясының әлемдік межесі
Өткен жылы еліміздің ұстанымы мен халықаралық беделіне елеулі әсер еткен сыртқы саясатта маңызды оқиғалар аз болған жоқ. Бастысы бірқатар маңызды халықаралық ұйымдар мен құрылымдарға жасаған төрағалығымыз сәтті аяқталды. Биыл да Қазақстан өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық, экономикалық интеграция тұрғысынан сыртқы саясаттағы өзіндік ұстанымдарын айшықтайтын маңызды саяси оқиғалардың бел ортасында болмақ.