Мәселе • 21 Мамыр, 2024
Ертістің балық қоры азайып барады
Биыл Ертіс өзеніне су жылдағыдан көп босатылды. Мамандар жайылмалардың шамамен 70-80 пайызын су басқанын айтады. Бұл мол ырыздық балық шаруашылығына да оң әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Алайда өзендегі су мақұлықтарының қорына зиян келтіретін өзге факторлар да аз емес.
Қоғам • 18 Мамыр, 2024
Өткен жылы Ертіс-Баян өңірінде мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 225 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны қайта бейімделген. Қоғамда қолжетімді орта құру міндеттері біртіндеп іске асып келеді.
Шаруашылық • 17 Мамыр, 2024
Ертіс-Баян өңіріндегі дала төсі дүбірге толы. Диқандар көктемгі егіс жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Қазіргі уақытта межеленген егіс алқаптарының 8 пайызына тұқым себіліп, ылғал жабылған. Қазіргідей ашық күндер жалғаса берсе, мамыр айының соңына дейін науқан толығымен аяқталады деп күтіліп отыр.
Жәдігер • 16 Мамыр, 2024
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде ақын Сәбит Дөнентаевтың көзіндей болып тұрған сиясауыт бар. Бұл жәдігерді кезінде Семейде шығып тұрған «Жаңа ауыл» газетінің ұжымы сыйлаған.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2024
Керекудегі қоғамдық көліктер жаңарып жатыр. Былтыр облысқа лизинг арқылы 200-ден аса автобус сатып алынса, биыл бір ғана Павлодар қаласына жаңадан 50 автобус алынуы керек.
Құқық • 15 Мамыр, 2024
Ақша бопсалап, үш жыл арқалады
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарын бопсалап келген әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол лауазымды тұлғадан 20 млн теңге ақша талап еткен.
Театр • 14 Мамыр, 2024
Өнердегі шеберлік пен шынайылық
Керекуге М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы гастрольдік сапармен келді. Театр труппасы Абайдың қара сөздері желісімен жазылған «Қара» драмасын, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат», М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Бернард Шоудың «Менің сүйікті періштем», Д.Исабековтің «Жүз жылдық махаббат» қойылымдарын ұсынып, жергілікті көрерменді рухани сусындатты.
Өнер • 13 Мамыр, 2024
Өнер – адам таңдамайтын құбылыс. Жаратылыстың жарқын тұстарын жүрекпен сездіріп, қиял әлемін елден ерек танытып, адамның қолына құдірет бітіретін дүние. Пендені ғаламмен, жаратылыспен, қоршаған ортамен табыстыратын нәзік қыл – сезім иесі болу. Әйтсе де екінің біріні қолынан келе бермейді.
Жәдігер • 11 Мамыр, 2024
Қимақ қағанаты ескерткіштері: Кереку тарихын тереңдетеді
Ел аумағында, соның ішінде Ертіс-Баян жерінде ежелгі түркі халқының өркениетіне қатысты құнды жәдігерлердің табылып жатқаны тарихымызды жаңаша тұрғыда сөйлете бастады. Қимақ қағанаты астанасы – Имақия Кереку төңірегінде болуы мүмкін деген ғылыми гипотеза жақын жылдарда шындыққа айналып келеді. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Археологиялық зерттеулер институтының директоры Тимур Смағұловпен ежелгі Қимақ қағанатына қатысты табылған археологиялық олжалар туралы сұхбаттастық.
Оқиға • 09 Мамыр, 2024
Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті
Сүңгуірлер суға батқан азаматты кешеден бері іздеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша ол кеме палубасынан суға құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.