Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
546 материал табылды

Маман • 21 Маусым, 2024

Көзге көрінбейтін мамандық иесі

Криминалист – көзге көріне бермейтін, еңбегі қоғам арасында бағалана бермейтін мамандық. Бұл салада табанды түрде тер төгіп, қоғам қауіпсіздігінің сақталуына үлесін қосып жүрген полиция полковнигі Қанат Сартовты кәсіби мерекесі қарсаңында әңгімеге тарттық.

Өндіріс • 21 Маусым, 2024

Елдің ырысына айналған зауыт

Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) – отандық эконо­миканың қуатын арттыруға елеулі үлес қосып отырған алып өндіріс орнының бірі ғана емес, ішкі нарықты сапалы көлік отынымен қамтитын стратегиялық нысан. Кейінгі жылдары өндіріс орнының технологиясы айтарлықтай жаңара түскен. Нәтижесінде, зауыт еуропалық және ЕАЭО-ға сәйкес сападағы бензин мен битум өндірісін айтарлықтай ұлғайтты.

Қоғам • 21 Маусым, 2024

Жұртқа қызмет – жан қалауы

Май ауданы бір қарағанда шалғайда жатқан бұйығы өңір болып­ көрінгенімен, мұндағы ауыл халқының өмірі қайнап жатыр. Жер­гі­лікті жұртпен етене жұмыс істеп, шіліңгір шілдеде, қаһарлы қыста да ел мәселесімен араласып жүру Жайрангүл Рахманбергенова сияқты өз ісіне берілген жандардың бұлжымас әдеті.

Қоғам • 19 Маусым, 2024

Баспана бақыты: ERG компаниясы мен Отбасы банк жаңа жобаны жүзеге асырып жатыр

Eurasian Resources Group (ERG) және «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ мен «ERG Service» ЖШС қызметкерлері үшін «Арманға жол» атты форум өткізілді. Аталған кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген азаматтар Отбасы банк ұсынатын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған ипотекалық қарыз алу шарттары туралы кеңірек мағлұмат алды.

Аймақтар • 19 Маусым, 2024

Жұрт тілегі – кең мектеп

Аядай ғана Тілектес аулындағы ескі мектептің мәселесі жұрт айтпаса, жабулы күйінде қала берер ме еді. Жергілікті шенеуніктер жауырды жаба тоқып, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қамыстан салынған ғимаратты бастапқыда апатты жағдайда деп танығысы келмеді. Белсенді азаматтардың талап етуінің арқасында биыл сараптама қайта тағайындалып, мектептің әбден қаусап тұрғаны дәлелденді.

Қылмыс • 19 Маусым, 2024

«Қиын аудандағы» кісі өлімі

Керекуде жантүршігерлік кісі өлімі болды. Екі ер адам тұрғын үй ауласында жанжалдасып, бірі екіншісін пышақтап өлтірген. Оқиға күндізгі уақытта, аулада тұратын тұрғындардың көзінше өрбіген.

«Таза Қазақстан» • 18 Маусым, 2024

Акцияны ірі кәсіпорындар да қолдады

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын Ертіс-Баян өңірінің жұрт­шылығы белсенді түрде қолдап отыр. Жергілікті кәсіп­керлер мен ірі өндіріс орындары абаттандыру және сани­та­рлық тазарту жұмыстарын тұрақты жүргізіп жатыр. Кәсіп­орындар «жасыл аймақтардағы» көшеттердің санын көбейте түскен.

Мәселе • 15 Маусым, 2024

Шыбын-шіркей мазаны алып тұр

Павлодарда шыбын-шіркейге қарсы улау жұмыстары шілденің ортасына дейін жалғасады. Биыл өңірдегі дезинсекциялық іс-шаралар аумағы іс жүзінде екі есеге, яғни 71,5 мың гектардан 127 мың гектарға ұлғайтылды. Осы уақытқа дейін Ертіс өзенінің жайылмаларын улау үшін 8 ұшақ жалпы саны 326 рет әуеге көтерілген.

Тәрбие • 14 Маусым, 2024

Балаларды салт-дәстүрге баулиды

Екібастұзда қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын «Ша­ңы­­­рақ» этноқалашығы іске қосылды. «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің аумағында оқушылар қазақ ха­л­­қ­ы­­ның бай мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысады.

Өнер • 12 Маусым, 2024

Симфония сазы

Иса Байзақов атындағы филармониядағы симфониялық оркестрдің маусымжабар концерті үлкен аншлагпен өтті. Дирижер Болат Рақымжанов бұл жолы оркестр тізгінін «Астана опера» театрынан келген жас маэстро Руслан Баймұрзинге ұсын­ған екен. Саз кешіне дирижер өзіндік сән-салтанатын ала келді.