Инфографика • 15 Тамыз, 2025
Инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр
Жаңаарқа ауданында электр желілерінің тозығы жеткені соншалық, ауа райы сәл бұзылса болды, жарық сөніп, жұрттың берекесін қашыратын. Бұл саладағы түйткілдер бір күнде пайда болған жоқ, ол – жылдар бойы қордаланған мәселе.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2025
Жезқазғанда жасыл желек неге жайқалмайды?
Жаздың ортасында Жезқазған қаласында ағаш жапырақтарының қурап, сарғайып түсіп қалғанының куәсі болдық. Жасыл желектің күзге жетпей, семіп қалғаны алаңдатпай қоймайды.
Байқау • 07 Тамыз, 2025
Ұлытау облысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени-ағартушылық онкүндік өтіп жатыр.
Экология • 05 Тамыз, 2025
Тазалық қызметі қырағы бақыланады
Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау фактілерін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2025
Жаңаарқа кентінде жас кәсіпкер Жанар Әшірова автокөліктің майын ауыстыруға арналған техникалық қызмет көрсету орталығын ашты. Аталған нысан Жаңаарқа ауданы әкімінің жастарға арналған осы жылдағы гранты аясында жүзеге асқан.
Медицина • 01 Тамыз, 2025
Ұлытау облысына қарайтын екі ауданның денсаулық саласында жасалып жатқан жұмыстарымен жақын танысу барысында бірқатар өзекті мәселеге көз жеткіздік. Жаңаарқа ауданының біраз халқы қалаға тіркелген. Ұлытау ауданына маман тұрақтамайды.
Спорт • 01 Тамыз, 2025
Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылдық округінде ауыл спортшыларының XXII спартакиадасы өтті. Дүбірлі додаға аудан көлеміндегі екі кент пен 12 ауылдық округтен мыңға жуық спортшы қатысты.
Байқау • 29 Шілде, 2025
Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық театрында І республикалық Қойлыбай әулие атындағы «Қобызым – қоңырым» атты қобызшылар байқауы өтті.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы орталығында тұрғын үй кезегінде 109 адам тұр. Оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік қызметкерлер санатында – 61, әлеуметтік осал топ санатында – 17, көпбалалы аналар санатында – 19, жетім бала санатында – 1, баспанасы апатты саналатын 11 адам кезекте тұр. Биыл республикалық бюджеттен әлеуметтік осал топқа 523 млн теңге, жергілікті бюджеттен 50 млн 452 мың теңге бөлініп, 32 пәтер сатып алынды.
Еңбек • 22 Шілде, 2025
Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі қорында қасқыр терісінен тігілген ішік бар. Музей басшысы Зағира Калменова: «Өткен жылы Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында өткен көрмені шетелден келген қонақтар тамашалады. Сонда меймандар 90 жастағы Орынбасар Мырзабаева әженің қолынан шыққан қасқыр ішікке қызығушылық танытып, сапасына жоғары баға берді. Бұл – әжейдің жарына тіккен ішігі», дейді.