Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы елорданың көпэтносты қоғамында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Ассамблеяның басты мақсаты – түрлі этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, дамытуға жағдай жасау, елдегі бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!»
«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ, қараймын келбетіңе мен таңырқап», деп әйгілі ақын Қасым Аманжолов айтқандай, біз – бақытты ұрпақпыз. Екі ғасырдың тоғысында өмір сүріп жатырмыз. Кеңестік кезеңнің күрделі белестерінен өттік: бір жайтты естіп, бірін естімей, бірін біліп, бірін білмей жеттік. Ал қазір – егемен елдің алғашқы онжылдықтарындағы дамудың куәсіміз. Шекарамыз нақтыланды, Астанамыз салынды.
Білім • 03 Желтоқсан, 2025
Абай дана – қазаққа, Абай университеті дара – қазақта
Дана Абай жөнінде жазылды, көп айтылды. Ғұламаның елдік шаралары да дүркіреп өтті. Абайтану ұлттанудың өзегіне айналды. Осы ретте қоғам жаңғырған тұста хакім Абайдың ағартушылығы мен зиялылығын жіті және жүйелі зерделей түсуіміз қажет.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан кәсіп ашамын деген азаматтарға жан-жақты мүмкіндік жасалып отыр. Тиімді несие, қайтарымсыз грант секілді бағдарламалардың түр-түрі бар. Ең бастысы, кәсіп көзін тауып, жобаңызды комиссия алдында қорғап шықсаңыз болғаны.
Театр • 03 Желтоқсан, 2025
Жаңалығы жетерлік «ROMEO & JULIET»
«Бұл дүниеде Ромео мен Жульетта туралы хикаядан асқан мұңды повесть жоқ» дейді көне заманнан жеткен әйгілі сөз. Осы бір мәңгілік махаббат туралы аңыз ғасырлар өтсе де, өз мәнін жоймай, көрермен жүрегін тербеп келеді. Уақытқа бағынбайтын әйгілі трагедия жақында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында жаңаша өріліп, өзгеше бояуда көрерменін қуантты.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2025
«Таң қалып отырмын»: Әлімханұлы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестілеуден өте алмағаны туралы ақпаратқа өз таңданысын білдіріп, қайта талдау сұратқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 03 Желтоқсан, 2025
Бір ай шамасы бұрын Болат Өтемұратов қоры, Калифорния университеті, Аралды құтқару халықаралық қорының атқарушы дирекциясы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасында төртжақты меморандумға қол қойылып, қазір сол келісімге байланысты жұмыс басталып кетті.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2025
Біз оқыған ауылдық орта мектепте Сауранбек Елеуовтің «Апатайым, анашым» әнін шырқамайтын бала кем болатын. Әрине, балалықпен өзіміз сүйіп айтатын әннің авторы кім екеніне мән берген жоқпыз.
Архив • 03 Желтоқсан, 2025
Цифрлық дәуірде таспаланған тарих
Отыз жыл уақытты аз деп те, көп деп те айта алмаймыз. Бұл мерзім ел тарихы үшін қас-қағым ғана сәт сияқты көрінгенмен, біздің ұжым үшін тағылымға толы толысу кезеңі болды. Ізденіс пен табандылықтың арқасында архив ісінің кәсіби мектебі қалыптасты, жас мамандар қанатын қатайтты. Отыз жыл ішінде архив ғимаратын мұрағат мұратына үйлестіре құру, қорларды жүйелеу, заманауи стандарттарға бейімделу секілді сансыз жұмыстар атқарылып, Астана қаласы мемлекеттік архиві елдің тарихи жады мен құнды деректерін сақтайтын қасиетті ордаға айналды.
Экология • 03 Желтоқсан, 2025
Айдын ортасында пайда болған арал: Каспий теңізінің екіге бөлінуінің бастапқы нышаны ма?
Мемлекет басшысы Каспий теңізін қорғау туралы ұдайы айтып келеді. Биылғы Жолдауында: «Каспий теңізінің тартылып бара жатқаны жұртты алаңдатып отыр. Тиісті шара қолданбасақ, бұл аса үлкен экологиялық апатқа айналуы мүмкін. Каспий теңізі – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе. Сондықтан жұмылып әрекет ету қажет», деді Президент.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2025
Тағдырдың тасқайрағында ұшталған қалам
Мырзашөл өңірінде жүріп-ақ поэзия, проза, аударма, драматургия жанрында қалам тербеп, шеберлігін шыңдаған Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы Айыпберген Балтабайұлы ағамыз елге сыйлы, табиғаты бөлек жан.
Елорда • 03 Желтоқсан, 2025
Елордада саябақ ашып, аулаларды абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. Халықтың жайлы, қауіпсіз әрі таза ортада өмір сүруіне қажетінше жағдай жасалады. Қаланың ажарын ашатын осындай бір ізгі іске Nazarbayev University (NU) бастамашы болып отыр.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2025
Жиырма бесінші мәрте жалауы желбірейтін қысқы Олимпия ойындарының да дүбірі жақындап келеді. Спортшыларымыз ақ Олимпиада лицензиясына қалай қол жеткізеді? Төрт жылда айналып соғар дүбірлі аламанда 1998 жылдан бері бізге алтын медаль бұйырмай тұр. Әл әзір саңлақтарға жолдама олжалаудың өзі орасан жауапкершілік жүктеп отыр.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Қостанайда екі жүзге жуық белсенді әйел бас қосқан ауқымды форум өтті. Аталған жиын аясында «Іскер әйелдер қауымдастығының» өкілдері «Еңбегі жанған арулар» байқауының қорытындысын жариялап, 30 аталым бойынша жеңімпаздарды марапаттады.
Мәселе • 03 Желтоқсан, 2025
Ауызсудан тарыққан Ақши тұрғындары
Іле ауданы Ақши ауылында 5,5 мыңнан астам халық тұрады. Ауылдағы екі мектепте 1 мыңнан астам бала оқиды. 2 медициналық мекеме мен 100 орындық балабақша, «Дәулет-Бекет» ЖШС-ның түйе сүтінен құрғақ шұбат өндіретін кәсіпорны мен «Aruana» шипажайы жұмыс істейді. Тарихы тереңнен сыр шертетін ауылда ауызсу мәселесінің бірталай жылдан бері түйіні тарқатылмай келеді.
Ғалам ғажаптары • 03 Желтоқсан, 2025
Лондондағы «King’s College» университетінің ғалымдары түпнұсқа картина мен көшірме суретті көру адамға қаншалықты әсер ететінін анықтады.
Ғалам ғажаптары • 03 Желтоқсан, 2025
Технология адамның тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, денсаулығына да тікелей қызмет ете бастады. Бұған жаңа шыққан «AirPosture» қосымшасы дәлел.
Жәдігер • 03 Желтоқсан, 2025
Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында сармат алтындарының жиынтығы бар. Талайғы тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлер Қарабау-2, Қарақұдық-1, Қарақұдық-2 қорғандарынан табылған.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Киік санын реттеу мәселесі қаралды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен киіктер популяциясын тұрақты басқаруға қатысты өткізілген іс-шаралардың қорытындылары тыңдалды.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Қаланың қарбаласынан қолы қалт еткендер дәстүрлі Салбурын фестивалінің 5 жылдық мерейтойына орай өткізіліп жатқан көрмені тамашалауға жиналды. А.Пушкин кітапханасындағы бұл көрмеге өңірдегі фотографтардың отыз шақты жұмысы қойылды. Олар бес жыл бойы қыран қалықтаған фестивальге барып, сәтті кадр іздеумен, іс-шараны насихаттаумен айналысып келген.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Жанармай жайын талқылаған кеңес
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, отынды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мен жанар-жағармай материалдарының айналымын цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Алматы музейінде Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А.Пушкин музейі, М.Шолоховтың мемориалдық музейі және Семейдегі Ф.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі қорларынан жасақталған «Орыс әдебиетінің классиктері қазақ жерінде» атты көрме ашылды.
Саясат • 03 Желтоқсан, 2025
Қасиетті Тақтың өкілімен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың еліміздегі Апостолдық нунциі Джордж Джордж Панамтундилмен кездесті. Онда рухани дипломатияны ілгерілету мен халықаралық серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.
Саясат • 03 Желтоқсан, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палестинаның Жоғарғы судьясы, Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Доктор Махмұд Седки Әл-Хаббашпен кездесті. Тараптар халықаралық ұйымдар шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады және Газа секторындағы гуманитарлық ахуал жөнінде пікір алмасты.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру мен терең өңдеу жөніндегі инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Заң • 03 Желтоқсан, 2025
Мүгедек балалардың ата-аналарын қорлаған блогерге сот үкімі шықты
Астана сотында мүгедек балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтқан блогерге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
The Ring: Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өтпей қалды
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар уақытша жабылды
Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2025
Шертпе күйдің шебері Нұрымбай Сүлейменұлы өмірден озды
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі күйші, шертпе күй дәстүрінің көрнекті өкілі, композитор Нұрымбай Сүлейменұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасына және туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 02 Желтоқсан, 2025
Алматыда бір түнде 6 мас жүргізуші ұсталды
Алматыда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.