Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Түркістанда түркітілдес елдердің қаламгерлері, аудармашылары, әдеби қауым, баспа ұйымдары өкілдері қатысқан «Turkestan Book Fair» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті.
Аймақтар • 29 Қараша, 2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде өңірлерде халықты үздіксіз жылу және сумен қамтамасыз ету үшін энергетикалық, сондай-ақ коммунальдық секторларды жаңғырту бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы атанып, осының аясында көптеген іс-шара өткені белгілі. Кеше осы шаһардағы салтанатты жиында атаулы жыл қорытындыланды. Оған ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері мен тиісті сала өкілдері, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым қатысты.
Пікір • 29 Қараша, 2025
Өмір сапасын көтеру – басым бағыт
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Алғаш рет 2,5 мың ауыл әкімі Астанада бас қосты. Форум бүкіл басқару жүйесін біріктірді.
Саясат • 29 Қараша, 2025
Саяси жүйені жаңғыртудың жаңа кезеңі
Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері мен ауыл әкімдерінің басым көпшілігі қатысқан кездесу осындай ауқымды құраммен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Саясат • 29 Қараша, 2025
Ауылдың даму бағдары – мемлекеттің стратегиялық міндеті
Кеше Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Айтулы жиында Мемлекет басшысы ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындады, сондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Пікір • 29 Қараша, 2025
Президент қатысуымен өткен форум барысында біз бірсыпыра тәжірибе алмасып, өзара пікір бөлістік. Сондай-ақ алда атқарылатын жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Пікір • 29 Қараша, 2025
Мен 2022 жылдан бері жаңа реформа аясында халықтың тікелей сайлауымен осы қызметке тағайындалдым. Ауылдық округ облыс орталығынан 45 шақырым, аудан орталығынан 35 шақырым жерде, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізінің бойында орналасқан.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
«Қаржы жүйесі экономиканың қан айналымы секілді»
Экономикадағы тоқтап тұрған активтерді қайта жандандыратын «Проблемалық кредиттер қоры» бүгінде жаңа деңгейге шықты. Осы орайда «Проблемалық кредиттер қоры» басқармасының төрағасы, танымал қаржыгер, экономика ғылымдарының докторы Калилла АБДУЛЛАЕВПЕН сұхбаттастық.
Білім • 29 Қараша, 2025
Жекеменшік мектеп: талап пен тәртіп
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болатындығын атап айтып, білім сапасын жақсарту міндетін алға қойды. Оны ойдағыдай орындауға көпшілігі мемлекеттік тапсырыс алып отырған жекеменшік мектептер де үлес қосуға тиіс.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі назардан түспейді
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Халықаралық «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясына арналған дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Бұл Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен, БҰҰ-Әйелдер құрылымының техникалық қолдауымен өткізілді.
Талбесік • 29 Қараша, 2025
Ертісті бойлай Төр Алтайға қарай ұшып барамыз. Орман мен жануарларға қорған болып жүрген инспекторларға ілесіп шыққан бетіміз. Күз басталғаннан бері олар әуе рейдін күшейткен. Заң қатал болса да, аң аулап, орман отаған қаскөйлер қолдарын тартар емес. Әсіресе бейберекет балық аулайтындар көп. Етектей жайылған Ертістен көтерілген тұман күнді көлегейлеп, маңайды тұмшалап тұр. Бұған таң-тамаша болып отырғанымыз бергі жағы екен. Сонау түкпірден бастау алған Бұқтырманы өрлей тау арасына енгенде, тікұшақ терезесінен тіпті көз ала алмай қалдық.
Пікір • 29 Қараша, 2025
Елді мекендерге серпін беретін форум
Менің мемлекеттік қызметке келгеніме екі жарым жыл болды. Бұған дейін Астанада 20 жыл жеке кәсіппен айналыстым. Ауылға қызмет ету – әр азаматтың парызы деп білемін. Сол себепті де елордада кәсібім бола тұра, туған жерге ту тігуді көздеп, өскен өлкеге де бір еңбек сіңірейік деген перзенттік жауапкершілікпен ауылға ат басын бұрдым.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Түркістанда көркемсөз бен көсемсөздің шебері, көрнекті қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың 80 жылдығы аясында өткен тағылымды іс-шарада «Мақамы бөлек Мархабат» атты кітап таныстырылды.
Білім • 29 Қараша, 2025
Мамандар біліктілігін шыңдаған байқау
Таяуда Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінде «Chocolatine Kazakhstan-2025» атты халықаралық байқауы өтті. Оған еліміздегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Наубайхана ісі» мамандығының студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен де үміткерлер келіп қатысты.
Руханият • 29 Қараша, 2025
Сарыарқа әдебиетінің жас толқыны
Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен қарағандылық жас қаламгерлердің алғашқы кітаптары жарық көрді. Жақында ғана қолға алынған «Жас қаламгер» жобасы осылайша, жас әдеби буынның шығармашылығына шырақшы болып отыр.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Кең залға енді жайғасып болғанымызда жиынның бағыт бағдары, әуелгі кіріспе сөзі айтылып біткен. Көпшілікті айтқанына иландырып, еріксіз баурап әкететін маманның алғырлығы ма, кей жиында күбір-сыбыр оңайлықпен басылмайтын, не қалғып-мүлгіп салғырт тыңдайтын студенттердің бұл жолғы ынтасы бөлек. Жиыны 150-дің үстінде. Тақырып – орман туралы екен.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық экологиялық-биологиялық орталығы деп аталатын ғажап мекеме бар. Бүгінде орталық жанындағы үйірмелерде 400-ге жуық бала табиғатты зерттеу мен қорғауға бағытталған түрлі іс-шараға тұрақты қатысып келеді.
Білім • 29 Қараша, 2025
Биылғы оқу жылында Сыр бойындағы мектептерде жаңалық көп. Әсіресе Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр атын иеленген №70 орта мектептегі ұстаздар мен шәкірттер үшін ерекше жаңалыққа толы болды. Сыңғыр үні әлемді тербеген күміс көмей әнші, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланова оқыған республикаға белгілі білім ошағы биыл 105-оқу жылын қарсы алып отыр. Тарихы тереңде жатқан мектепті әр жылдары бірталай азаматтар басқарыпты. Солардың бірі – екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Байжігіт Жүсіпов ақсақал еді. Саладағы белгілі маманның жұбайы, Ағарту ісінің үздігі Алмаш Жүсіпова да осы мектепте математика пәнінің мұғалімі болған.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Қазақтың бас ақыны А.Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Абай облысы әкімдігінің қолдауымен өткен «Абай әндері» атты республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды.
Экономика • 29 Қараша, 2025
Инфрақұрылым игілігі мен экологиялық жауапкершілік
Кейінгі жылдары еліміздің экономика мен экологиялық саясатында жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Бұл – мемлекетке артық салмақ салмай, өз табысын өзі тауып, соны қайта халық игілігіне бағыттайтын жаңа модель. Мысалы, бір жағынан ақылы жолдар қозғалысты қауіпсіз әрі сапалы ету арқылы өз-өзін қаржыландыратын жүйеге айналса, екінші жағынан, «Жасыл даму» компаниясы табиғатты қорғау, экологиялық қатерлерді жою әрі өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бағытында ірі жобаларды іске асырып отыр.
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Гуанси аймағындағы шекара бекеттеріне «Walker S2» атты өндірістік гуманоид роботтар жұмыс істейтін болады.
Руханият • 29 Қараша, 2025
Туған жердің топырағы мен жусаны
Вашингтоннан 14 шақырым жердегі Мұхаң (М.Мағауин) өзі «Күміс бұлақ» деп атайтын Силвер Сприң (Silver Sprinq) кентіндегі үйі. Едіге ұлы қашаннан бергі сайма-сай сайлап берген жұмақтай екіқабат мекенде ұлы жазушы хал үстінде жатыр. Үй-ішіне ажал көрігі қайғы уытын сыздықтап жая бастапты. Еңсе зілденіп, үнжұрға түскен... Тымырық тылсымның сызатынан қайыр күтерлік үміт сәулесі сезілмейді, тек Мұхаңның әлсіреген жанарынан сескенгендей маңайды басқалы тұрған қараңғылық қаныпезер қараулығын қатайта алмайтындай босаңсыған. Ұзақ ғұмырында жазуға шүйліккен аялы жанары ғана бұғалыққа көнбеген асаудай қабағын ауырлата түскен кеселге көнбей, ерегісе жылтырайды. Жарық дүниенің соңғы сәулесін жанарына өшпестей етіп сіміріп алғысы бар.
Саясат • 29 Қараша, 2025
Ілкімді істерге бастайтын іскерлік байланыс
Бүгін Астанада вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің V отырысын ашты.
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
BAQ.KZ 15 жылдық мерейтойын атап өтті
Қазақ тілді журналистика кеңістігінде өз орнын айқындап, оқырманын қалыптастырып үлгерген BAQ.KZ ақпарат агенттігі 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде портал оқырман үшін сенімді дереккөзге айналды. Жедел жаңалықтар, сараптамалық мақалалар, ресми хабарламалар, авторлық контент жасау – бәрі осы платформаның күнделікті жұмысы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 29 Қараша, 2025
Сенаторлар Астанадағы білім ошақтарын аралады
Сенат төрағасы мен палата депутаттары Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүргізу аясында елордадағы бірқатар мектептің қызметімен және инфрақұрылымымен танысты. Сенаторлар бастауыш мектептің мамандандырылған кабинеттерінде, IT-зертханаларда, кітапханалар мен спорт залдарында болып, педагогтермен білім және ғылым саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
Саясат • 29 Қараша, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Швейцарияның вице-президенті Ги Пармеланмен кездесті.
Экономика • 28 Қараша, 2025
Алматыда үздік отандық брендтер анықталды
Алматыда кәсіпкерлік, батыл шешімдер мен идеяларды нақты брендке айналдыруға бағытталған ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба – KazBrand реалити-байқауының финалы өтті. Жобаны Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығы (ОАФҚ) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰҚП) және «Respublica» партиясының қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz atameken.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Зейнетақы қоры соңғы 11 жылда 13 трлн теңге табыс тапты
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтері «БЖЗҚ» АҚ-ға (БЖЗҚ, Қор) шоғырландырылған 2014 жылдан бергі жинақталған таза инвестициялық кіріс 13,60 трлн теңгеге тең. Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда 42,3% жетті. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда инвестициялық қызметтің елеулі орын алатынын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz зейнетақы қорының ресми сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 28 Қараша, 2025
Үкімет жаңа Арнаулы салық режиміне арналған қызмет түрлерінің тізімін бекітті
Үкімет осы жылдың 21 қарашасындағы Қаулысымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа Арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға рұқсат етілетін 40 қызмет түрінің тізімін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.