Соңғы жаңалықтар
Денсаулық • 11 Қараша, 2025
Науқастарға берілетін тегін дәрі-дәрмектер заңсыз сатылған
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов ел дәріханаларында науқастарға арналған тегін препараттарды сату деректері анықталғанын және осы іс бойынша қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен кездесті
Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізеді, деп хабарлады Ақорда.
Саясат • 11 Қараша, 2025
Еуропалық комиссия өз ішінен барлау және қауіпсіздік бөлімін құрмақ
ЕК өз құрамында барлау және қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын арнайы бөлім құру жоспарын растады. Бұл туралы Еурокомиссияның ресми өкілі Балаш Уйвари брифинг барысында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Қараша, 2025
Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары аясында Мәскеу қаласында «Қазақстан мен Ресей достығы» скверінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа саябақ Мәскеудің Оңтүстік әкімшілік округінде, «Алма-Атинская» станциясының маңында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Қараша, 2025
Мектепке дейінгі дайындық – маңызды кезең
15 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Президент Іс басқармасы Медицина орталығының «Қарлығаш» балабақшасы тоғыз елден педагогтерді, ғалымдар мен сарапшыларды жинаған маңызды алаңға айналды. Мұнда «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 11 Қараша, 2025
Букер-2025: Давид Салайдың «Тән» романы туралы не білеміз?
2025 жылғы Букер сыйлығының лауреаты британ-венгр жазушысы Давид Салай атанды. Жазушы беделді марапатқа «Тән» яки «Flesh» романы үшін ие болды. Қазылар алқасы «айрықша құбылыс» деп бағалаған туындыны біз де зерделеп көрдік, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қараша, 2025
1 қаңтардан бастап ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жұмыссыз қалуы мүмкін
Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Автомобиль көлігі туралы» заңдағы 38-2-бап күшіне енетінін еске салды. Онда жалпы салмағы 25 тоннадан асатын үш осьті жүк көлігімен жалпы жолда жүруге тыйым салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қараша, 2025
AERC шолуы: Шетелге мұнайды көбірек сата бастадық
2025 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірістері 99,5%-ға орындалды. Бұл көрсеткіш қаңтар-тамыз кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайыздық өсімді көрсетті. Сол уақытта республикалық бюджет кірістері 93,5%-дан 94,4%-ға дейін өсті. Жыл басында бұл көрсеткіш небәрі 68,5% болған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Қараша, 2025
Келешекте бағдаршамда ақ түс пайда болуы мүмкін
Солтүстік Каролина штатындағы университеттің зерттеу тобы 100 жылдан аса уақыт қолданыста болған бағдаршам схемасына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қараша, 2025
Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі өсті
Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға жетті, бұл пандемия кезеңіндегі көрсеткіштермен шамалас, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 11 Қараша, 2025
Орал қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық форум өтіп жатыр
Орал қаласында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасындағы XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форум екі күнге созылады. Оның жұмысына екі ел президенттері онлайн қатысады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қараша, 2025
2026 жылы Қазақстанда FEI халықаралық ат спорты жарыстары өтеді
Қытайдың Гонконг қаласында Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) Бас ассамблеясы өтті. Бұл – әлемдік ат спортының даму бағытын айқындайтын жыл сайынғы маңызды жиын. Биылғы жиынға ұйымға мүше 132 елдің ішінде 87 ұлттық федерацияның делегациясы қатысты. Қазақстан 1993 жылдан бері FEI құрамына кіріп, жыл сайын ассамблея жұмысына қатысып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Ресейдің Су-35 ұшақтары Президент Тоқаевтың ұшағымен қатарласып ұшты
Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қатарласып ұшқан, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Жетісу аумағында сирек кездесетін жыртқыш фототұзаққа түсіп қалған
Жыртқыш – Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында байқалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қараша, 2025
«Ұлытау ұланы» сыйлығы табысталды
Ұлытау облысы әкімінің белсенді жастарға арналған «Ұлытау ұланы» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Бұл – жастарды қолдау және олардың жетістігін дәріптеу бағытындағы маңызды жоба, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Түркістан облысында полицей пара алған сәтте ұсталды
Созақ ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі 200 мың теңге көлемінде пара алғаннан кейін ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қараша, 2025
Шорт-тректен екі алтын медаль жеңіп алдық
Шорт-трекші Богдан Вехов ISU Junior World Cup Short Track Astana 2025/26 жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Қазан айында баспана саудасы жанданды: Астана мен Алматы көш бастап тұр
2025 жылдың қазан айында елімізде тұрғын үй нарығында 41 мыңнан астам сатып алу-сату мәмілесі тіркелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Астана мен Алматы қаласында баспана көп сатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 11 Қараша, 2025
1 пайызбен тұрғын үй алуға болатын бағдарлама ашылды
Ауылдық өңірлерде жұмыс істегісі келетін жастар үшін жаңа мүмкіндік пайда болды. «Отбасы банк» «Дипломмен – ауылға» атты жаңа бағдарламаны іске қосқан. Бұл бастама ауылда еңбек етіп, сонда тұрақты өмір сүруге ниетті жас мамандарға нақты қолдау көрсетуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Қараша, 2025
Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 220 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету барысы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 3 миллионнан астам пациент тегін дәрі-дәрмек алған, бұл мақсатқа 219,7 млрд теңге бөлінген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Екі елдегі Қазақстанның Елшілері тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қараша, 2025
ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметіне Қырғызстан өкілі тағайындалады
27 қарашада өтетін Бішкектегі саммитте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы (ҰҚШҰ) төрағалық Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Kabar-ға сілтеме жасап.
Медицина • 11 Қараша, 2025
Енді азаматтар дәрі-дәрмек бағасын Naqty Onim арқылы тексере алады
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасының ашықтығын арттыру мақсатында Naqty Onim қосымшасында жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Енді ел азаматтары дәрінің шекті бағасын тексеріп, шағымдана алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қараша, 2025
Алакөл жағалауын жақсартуға 1 млрд теңге бөлінеді
Абай облысының әкімі Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алакөл көлінің жағалауын абаттандыру мен туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында қолға алынған жобалар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 11 Қараша, 2025
Отандық ғылыми жұмыс Кореяда таныстырылды
Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде отандық ғалымдардың ғылыми жұмысы таныстырылды. Ішкі грант аясында жарық көрген бұл еңбек – Қазақстандағы корей диаспорасының тарихын жеке тағдырлар мен архивтік деректер негізінде баяндайтын бірегей зерттеу, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Қараша, 2025
Темекіге тыйым салу саясаты неге нәтиже бермей отыр?
Өткен жылы елімізде вейп секілді темекі өнімдерін, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ жарнамалауға тыйым салынды. Десе де, сарапшылардың айтуынша электронды шылым шегушілердің қатары азайған жоқ, есесіне көлеңкелі сауда артқан, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 11 Қараша, 2025
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,4%-ға артқан
Биылғы қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,1 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Қараша, 2025
Жинақ қанша теңгеден басталады?
Ұлттық банктің қазан айындағы зерттеуінде ел азаматтарының 9,8 пайызы 500 мың мен 1 миллион теңге аралығындағы қаражатты ған жинақ деп санайтынын көрсетті. Ал 7 пайызы үшін 100 мың теңгеге дейінгі ақшаның өзі жинақ саналады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 11 Қараша, 2025
Бейіндік сыныптарда қанша оқушы кәсіби дағдыларды игереді?
Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде еліміздің орта білім беру ұйымдарында ашылып жатқан 1000 бейіндік сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы білім алып, кәсіби дағдыларды игереді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.