Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 08 Қараша, 2025
Әлеуметтік көмек майшелпек емес
Ата заңымызда атап көрсетілгендей, еліміздің ең қымбат қазынасы – адамдарды әлеуметтік қорғауға баса назар аударылып келеді. Мәселен, 2010 жылы 221,8 мың аз қамтылған отбасыға 35 млрд теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетілген болса, биыл осындай 242 мың отбасыға 132 млрд теңге бөлінді. Алайда АӘК алушылардың арасында мемлекет қамқорлығын майшелпек көріп, масылдық пиғылдан арылмақ түгіл, әлеуметтік алаяқтыққа ұрынып жүргендер де бар. Бұған қоса, әлеуметтік жеңілдік алу жолында некелерін заң жүзінде бұзып, іс жүзінде бұрынғыша бірге тұрып жатқан жалған ажырасушылар да аз емес.
Заң мен Тәртіп • 08 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейінгі Жолдауларында прокуратураның жұмысын жандандыруға бағытталған міндеттер мен межелері аз болмады. Соның ішінде инвесторларды сүйемелдеу, отандық кәсіпкерлерді заңсыздықтан қорғау, азаптауларға тосқауыл қою, шетке кеткен активтерді елге қайтару сияқты қадау-қадау тапсырмалардың жүктеліп, ол бойынша іргелі істердің атқарылғанына жұртшылық куә. Ал биылғы Жолдау Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық елге айналдыру міндетін жүктеп отыр. Осындай ауқымды жобадағы прокуратураның рөлі қандай? Көпшілік көңіліндегі сауалдарға Түркістан облысының прокуроры Мұрат ТІлеубердиевпен болған сұхбатта жауап іздеп көрген едік.
Әлем • 08 Қараша, 2025
С5+1: Ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқан саммит
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтон қаласында өткен «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты.
Саясат • 08 Қараша, 2025
Қазақстан – АҚШ: Әлеуетті әріптестікті нығайтуға ниетті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді. Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді.
Саясат • 08 Қараша, 2025
Ырысты ықпалдастық пен байыпты байланыс
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына жасаған нәтижелі сапары аяқталды. Жылдың басты оқиғасының біріне айналған сапар екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге, өзара экономикалық-инвестициялық саланы кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық аренада еліміздің «Орта держава» ретіндегі рөлін арттыруға кеңінен жол ашты. Бұған – екі ел арасында 17 млрд долларға бағаланған келісімдер жасалғаны айқын дәлел.
Шаруашылық • 08 Қараша, 2025
Карбон полигонының мүмкіндігі зор
Жаһандық климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелер жағдайында карбонды егіншілік аграрлық секторды дамытудың стратегиялық бағытына айналады.
Басылым • 08 Қараша, 2025
Басқа басылымдардан: C5+1 саммитінің сыры неде?
АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтонда C5+1 саммиті аясында Орталық Азияның бес елінің басшыларымен кездесті.
Еңбек • 08 Қараша, 2025
Көмір кенін жандандырған іскер жан
Алматы облысындағы іскер әйелдердің көшін бастаушы, «Amanat» партиясы әйелдер қанатының мүшесі Ләззат Ботабекованың Райымбек ауданындағы кен орнын қайта жандандырып, аймақ халқын сапалы отынмен қамтамасыз етіп келе жатқанына ширек ғасыр болды. Бүгінде кәсіпорын жылына 40 мың тоннаға дейін көмір өндіріп, өңірді негізгі отын көзімен қамтып отыр.
Аймақтар • 08 Қараша, 2025
Еңбеккерлердің мерейін тасытты
Алматы облысының Райымбек ауданында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Сабан Fest – 2025» атты еңбек мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы саласында жетістікке жеткен үздіктердің еңбегі дәріптеліп, құрмет көрсетілді.
Қоғам • 08 Қараша, 2025
Әлем чемпионына – пәтер мен автокөлік
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали мен оның жеке бапкері Ғабиден Райымбекпен кездесті.
Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025
Біз ұлттық спортты көбіне әдемі безендірілген мәдениет ретінде қабылдаймыз. Алайда шын мәнінде бұл – орасан экономика.
Қоғам • 08 Қараша, 2025
Алматы облысында кәсіпкерлікті дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Өңірде 140 мыңға жуық белсенді шағын және орта бизнес субъектілері бар. Кәсіпорындар облыстың 250 мыңға таяу тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Облыста кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған бағдарламалар мен қолдау шаралары жүзеге асып келеді. Оның игілігін жергілікті кәсіп иелері көріп, өндірісін дамытып келеді.
Үкімет • 08 Қараша, 2025
Жасанды интеллект және қастерлі құндылықтар
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Цифрлық технологиялар дәуірінде рухани және адамгершілік болмысты сақтап қалу үшін не істеу керек? Ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында жасанды интеллектінің әлеуетін қалай тиімді пайдалануға болады? Елордадағы Ұлттық музейде өткен кездесуде зиялы қауым өкілдері мен сарапшылар осы мәселелерді талқылады.
Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025
Бельгияның Антверпен қаласында 2003 жылы айласына адам таңғаларлық ұрлық жасалады. Бірақ бір ғана қателік оларды әшкере қылады.
Театр • 08 Қараша, 2025
Кеше «Астана Балет» театрының сахнасында Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының мерейтойлық кеші өтті. Бұл ерекше іс-шара – аты аңызға айналған өнер ордасының 80 жылдығы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде өткен гастрольдік турдың қорытындысы болды.
Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025
1919 жылдың қаңтарында АҚШ-тың Бостон қаласында тарихтағы ең ерекше апат болған. Көшелерді су емес, тәтті шәрбат басып кетеді.
Қоғам • 08 Қараша, 2025
Зейнетақы жинағының көлемі көбейді
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ел тұрғындарының зейнетақы жинағының көлемі 25,73 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,56 трлн теңгеге немесе 21,5%-ға артты.
Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025
Қызық, тарихтағы көп соғыс болмашы ғана дүниеден басталған екен. Мысалы, 1325 жылы Италияның Модена мен Болонья қалалары арасындағы соғысқа шелек себеп болған.
Digital • 08 Қараша, 2025
Смартфон сатып алу кезінде көпшілік назар аудара бермейтін, бірақ аса маңызды бір жайт бар, ол – құрылғының IMEI нөмірін тексеру. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі азаматтарға құрылғының верификация мәртебесін kz-imei.kz ресми сайты немесе «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы тексеруді ұсынады.
Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025
Түкпірдегі түбекте садақ тартқан
Өскеменнің іргесіндегі Глубокое кентінде тұратын Төлеухан әулеті шетінен мерген. Сонау Кореяда өткен дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогінде Қазақстан намысын қорғаған Аяш Қабдоллаева жамбы атудан бірінші орынды иеленсе, оның келіні пұт нысанасы бойынша Ажар Төлеуханова үшінші орын тұғырынан көрінді.
Жұмыс • 08 Қараша, 2025
21,5 мың жас жұмысқа орналасты
Бүгінде елдегі жастар саясатының басым бағыты – 35-ке дейінгі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі. Соған сәйкес мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар тұрақты жүзеге асырылып, бос орындар жәрмеңкесі жиі ұйымдастырылады. Мәселен, жыл басынан бері Жастар практикасы көмегімен 21 мыңнан аса отандасымыз еңбекке араласты.
Архив • 08 Қараша, 2025
Астанадағы Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Архив-2025: архивтегі аманат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның құттықтау хатын оқып, іс-шара шымылдығын ашты.
Өнер • 08 Қараша, 2025
Асығың алшысынан түссін, Аяжан!
Үнемі тың идеяға жақын жүретін Аяжан Қуатбекқызы балабақша балдырғандарына түрлі ойыншық жасауды қолға алған. Балаларға ғана емес, шағын цехтан күнделікті тұрмысқа қажет былғары бұйымдар да шығарып жатыр. Айта кетерлігі, әр жасаған дүниесінен қазақы иіс аңқып тұрады.
Өнер • 08 Қараша, 2025
Италияның Лигурия жағалауының ең романтикалық аймақтарының бірі – көрікті Камольи қаласында көрермендер «Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілхановқа тік тұрып қошемет көрсетті. Танымал скрипкашының гастрольдік өнер көрсетуі 6 қарашада Камольидің Қоғамдық театры сахнасында жетістікпен өтті.
Денсаулық • 08 Қараша, 2025
ЖРВИ: науқастар саны 30 мыңнан асқан
Өңірде жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты деңгейде сақталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Бельгия Қазақстанға қарсы қандай құрамда ойнайды?
15 қарашада Астанада футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Бельгияның ұлттық құрамалары күш сынасатыны белгілі, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 07 Қараша, 2025
27 нысанды іске қосуға қомақты қаражат бөлінді
Әлеуметтік нысандар салу және реконструкциялау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді.
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
Қытайда Aqmola Invest өкілдігі ашылды
Қытай Халық Республикасына ресми сапар аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бастаған өңір делегациясы Шанхай қаласындағы Ұлттық көрме орталығында өтіп жатқан Халықаралық импорт көрмесіне (CIIE 2025) қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2025
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2025
Қазақстанда 1 пайызбен қалай ипотека рәсімдеуге болады?
Елде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы басталды, деп хабарлайды Отбасы банк.