Соңғы жаңалықтар
Өнер • 06 Қараша, 2025
Ұлттық қолөнермен ұпайымыз түгенделеді
Жуырда Шымкентте «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының ұйымдастыруымен «Ер-тұрманым күмістен» атты республикалық шеберлік сағаты өтті. Онда еліміздің әр өңірінен жиналған қолөнер шеберлері ер шабу, былғарымен қаптау, күміспен өрнектеу, қамшы өру секілді ұлттық қолөнердің сан түрін көрсетті. Ер-тұрманның жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін түсіндірді. Қолөнершілер осы бұйымдарды көпшіліктің алдында жасап, шеберліктерін паш етті. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ер-тұрман жасау өнерін насихаттап, жаңғырту. Ең бастысы, келген қонақтар шеберлік сағатынан өздеріне пайдалы көп мағлұмат алды. Ұлттық қолөнер бұйымдарымен жақынырақ танысып, шеберлермен бетпе-бет тілдесті. Әсіресе жастардың қызығушылығы зор. Әрбір затты қолдарымен ұстап көріп, таңдана қарасты. Қолөнершілер ұсталық өнер жайында ой өрбітіп, қызықты әңгімелерін де айтты. Шеберлердің қолынан шыққан ең таңдаулы туындылардан арнайы көрме ұйымдастырылды.
Архив • 06 Қараша, 2025
Құжат дегеніміз – уақыттың мөрі. Сол мөрдің ізімен біз кешегімізді танимыз, бүгінімізді бағамдаймыз, ертеңімізді болжаймыз. Бірақ уақыт қағазды сарғайтады, сияны өшіреді, осылайша қарт тарихтың парақтарын тоздырады. Сол үшін архивтерде күн сайын көзге көрінбейтін күрес жүріп жатады: біреу бөлмедегі жылу температурасын бақыласа, екіншісі жарықтың әрбір сәулесін реттейді, енді біреуі ылғалдың әр тамшысымен күресіп, тағы біреуі бактериялармен арпалысады.
Архив • 06 Қараша, 2025
Архив және заманауи технология
Президенттік архив делегациясы Барселонада өтіп жатқан Халықаралық архивтер кеңесінің (ХАК) кезекті конгресіне қатысты. Әлемнің жүзден аса елінен келген 2 мыңнан астам маманның басын қосқан бұл жиында архивтерді цифрландыру, құжаттық мұраны сақтау және архив саласына жасанды интеллектіні енгізу тақырыптары талқыланды.
Аймақтар • 06 Қараша, 2025
Жылыжай ісін ілгерілететін бастама
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Жақында ауданның 15 тұрғыны «Batys AgroHub» жобасының қатысушысы атанды.
Өндіріс • 06 Қараша, 2025
Шаруаларға шарапаты тиген кәсіпорын
Көкшетауда орналасқан «Kazrost Engineering» компаниясы – өңірдегі ауыл шаруашылығына серпін беріп отырған кәсіпорын. Ілкідегі «Вектор» комбайн зауыты» серіктестігінің өндірістік алаңын қайта жаңғыртып, заманауи техниканың модельдік қатарын көбейтуді қолға алған кәсіпорын жұмысы өрге басқан сайын ауыл шаруашылығына септігі тиіп келеді.
Өндіріс • 06 Қараша, 2025
Түркістан облысында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу басым бағыт ретінде белгіленіп отыр. Осы мақсатта «Қазақтелеком» және «Транстелеком» компанияларымен бірлесіп, елді мекендерді интернетпен қамту жұмыстары күшейтіледі. Әр сала бойынша цифрландыруға арналған нақты іс-шаралар жоспары әзірленеді. Сонымен қатар мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздікке бағытталған жасанды интеллектіге негізделген бақылау жүйесін енгізу көзделіп отыр. IT мамандарын даярлау үшін «Woosong Kazakhstan» IT университетін ашу да – өңірдегі елеулі жаңалықтың бірі.
Сұхбат • 06 Қараша, 2025
Еңбек нарығына қажет маман даярлау – замана талабы
Мемлекет басшысы Жолдауында «Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Түрлі салада, тіпті, жалақысы едәуір жоғары жұмыс орындары бар. Бұл орындарды шетелден келіп жатқан адамдар толтыруда. Азаматтардың өндіріске барғаны абзал. Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек» деген еді. Расында, бүгінгі еңбек нарығындағы маман тапшылығының себебі неде? Колледждер даярлап жатқан кәсіп иелері бұл сұранысты қаншалықты өтей алып жүр? Жалпы, жұмысшы мамандығының абыройын көтеру үшін қандай қадамдар жасалуға тиіс? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында біз Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетовпен сұхбаттасқан едік.
Әлем • 06 Қараша, 2025
Вашингтон саммитінен не күтеміз?
Бүгін Вашингтонда Орталық Азия елдерінің басшылары мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысуымен «C5+1» форматында саммит өтеді.
Әлем • 06 Қараша, 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған отандық делегация Қатар астанасы Доха қаласында өткен Әлеуметтік даму туралы екінші дүниежүзілік саммитке қатысты.
Саясат • 06 Қараша, 2025
Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті
Үкімет үйінде вице-премьер Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банк делегациясымен кездесті. Кездесуде «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асырудың келесі кезеңдері мен тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда банктің атқаратын рөлі талқыланды.
Аймақтар • 06 Қараша, 2025
Өндірістік цехтар жұмысын бастады
Жақында Маңғыстау облысында «Новые трубные технологии» ЖШС-ның екі жаңа өндірістік цехы ашылды. Ақтау қаласының өнеркәсіп аймағында орналасқан өндірістік алаңдардың ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, өңірдің жетекші мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Тұрғын үйді сақтандыру тетіктері пысықталды
Келер жылдан бастап тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізіледі. Үкімет қазір құжатты пысықтап жатыр. Жаңа норма толыққанды жұмыс істеуі үшін тағы бірнеше заң мен кодекске өзгерістер енгізіледі. Заңның басты міндеті – түрлі табиғи апаттар жағдайында халықты қаржылық тұрғыдан қорғау.
Шаруашылық • 06 Қараша, 2025
Мал ұстағанның табысы неге мардымсыз?
Меңдіқара өңіріндегі елді мекендер аудан орталығындағы «Милх» серіктестігіне сүт өткізіп, қосымша табыс тауып отыр. Алайда бүгінде жемшөп қымбат. Ал сүттің бағасы кейінгі екі жыл бойы өзгермей тұр. Ауыл тұрғындары аталған серіктестік бағаны өсірмесе мал басы азайып кетуі мүмкін деген қауіп айтады.
Экономика • 06 Қараша, 2025
«Қазақмыс» қауіпсіздікке басымдық береді
«Қазақмыс» өндірістегі қауіпсіздік деңгейін көтеру мақсатында АҚШ-тың «JMJ Associates» халықаралық консалтингтік компаниясымен келісімшарт жасасты. Компания барлық өндіріс орнында өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесіне стратегиялық аудит жүргізеді. «Қазақмыс корпорациясы» басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев «JMJ» өкілдерімен кездесіп, бірлескен жұмысты талқылады.
Сұхбат • 06 Қараша, 2025
Денис ЛОКТЬЕ: Ақпарат саласына байсалдылық қажет
Қазір әрбір сала жасанды интеллектіні жұмыс барысында қолдануға тырысып жатыр. Цифрлы технологияның бұл түрінің БАҚ-тағы рөлі қандай? Кеше басталған «Astana Media week» іс-шарасының негізгі тақырыбы да осы мәселеге арналды. Осыған орай «Euronews» телеарнасының халықаралық тілшісі (Франция) Денис Локтьемен әңгімелесудің сәті түсіп, өзекті тақырып төңірегінде бірер сұрақ қойған едік.
Форум • 06 Қараша, 2025
Жасанды интеллект – журналистиканың жаңа тынысы
Жасанды интеллект – бүгінгі заманның ең үлкен жаһан жаңалығы болуымен қатар, медиа саласының дамуына тегеурінді ықпал етіп отырған шешуші факторға айналды. Кейбір сарапшылар ЖИ журналистиканың жаназасын шығарады десе, өзгелері ақпарат тасқыны өрістеген дәуірдегі оның деректі саралау, жаңалықты жедел жеткізу, мәтін мен визуалды контентті автоматты түрде өндіру мен өңдеу мүмкіндігін алға тартып, масс-медиа жұмысына жаңа тыныс бергенін айтады. Кеше Астанада «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» деген тақырыппен басталған «Astana Media Week 2025» форумының бірінші күнінде осы өзекті тақырып пленарлық отырыстардың әңгіме арқауына айналды.
Пікір • 06 Қараша, 2025
Ішкі саясат тұжырымдамасы елді басқарудың және стратегиялық дамудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы мен қоғамдық қатынастарды жаңа даму кезеңінде жетілдіру мақсатында әзірленді. Тұжырымдама ішкі саясат саласындағы қызметті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін айқындауға бағытталған.
Пікір • 06 Қараша, 2025
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында ішкі саясатқа қатысты тұжырымдамалық құжат әзірлеу қажеттігі туралы идея айтылды. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, сол кезден бері осы құжатты дайындау бағытында бірнеше кездесу өтті.
Пікір • 06 Қараша, 2025
Президент Қ.Тоқаев Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» құжатта қоғам үшін маңызды тұғырлы идеологиялық мәселелер қарапайым тілмен ұғынықты жүйеленген.
Пікір • 06 Қараша, 2025
Саяси мәдениетті нығайту негізі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі саясатымыздың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы құжатқа қол қойды. Аталған мәселені Ұлттық құрылтай мүшелері, Мәжілістегі әріптестерім – А.Сарым, Е.Жаңбыршин, Н.Шаталов пен бір топ қоғамдық саяси білікті сарапшылар Бурабайдағы отырыста көтерген болатын.
Пікір • 06 Қараша, 2025
Ұлт бірлігі нақты тұжырымдалған
Мемлекет басшысы «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Мұны жай ғана бағдарламалық құжат емес, елімізге кейінгі жылдардағы институционалдық реформалар мен қоғамның әділдікке деген сұранысын біріктіретін ортақ мағыналық негіз беруге бағытталған талпыныс деп атар едім.
Пікір • 06 Қараша, 2025
Айқын бағытты түсінуге мүмкіндік береді
Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен ІV отырысында Мемлекет басшысы бірқатар сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ішкі саясат саласында тұжырымдамалық құжат қабылдау қажеттігі жөніндегі бастамасын қолдады.
Ғалам ғажаптары • 06 Қараша, 2025
Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары мидың электр-химиялық үдерістерін қайталай алатын жаңа буын жасанды нейрондарды жасап шықты.
Қазақстан • 06 Қараша, 2025
Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары
Кіріспе Ішкі саясат – елді тұрақты дамыту үшін мемлекеттік институттарды жұмылдыруға және нығайтуға арналған мемлекеттік саясаттың аса маңызды саласы.
Аймақтар • 06 Қараша, 2025
Павлодарда ғұлама Қаныш Сәтбаевқа арналған мұрал салынды. «Халқым менен де биік» деп атойлап тұрған бейне шаһардың сәулеттік әрін арттыра түскендей.
Үкімет • 06 Қараша, 2025
Мәжіліс банк қызметі туралы заң жобасын мақұлдады
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, жиында депутаттар бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдады.
Білім • 06 Қараша, 2025
Қазақстанда бүкіл ел бойынша ауыл балаларының басын қосқан IQanat 2025 Олимпиадасының І туры аяқталды. Биыл бұл кезеңге оқушылардың рекордты саны – еліміздің 170 ауданы мен 3300 ауылынан 64 000-нан астам сегізінші сынып оқушысы қатысты.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Қазақ тіліне құштар француз қызы
Кейінгі жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде қазақ тілін үйренгісі келетін шетел азаматтарының қатары көбейіп келеді. Әсіресе Еуропа, Түркия, Қытай және АҚШ елдерінде қазақ тілін оқытатын арнайы орталықтар, онлайн курстар мен клубтар ашылып жатыр. АҚШ-тағы Джордж Вашингтон, Гарвард университеттері және Аризона жоғары оқу орындарында қазақ тілі бойынша арнайы бағдарламалар енгізілген.
Ұстаз • 06 Қараша, 2025
Шежірелі Отырар өңірі десе, әрісі адамзат ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби, берісі Өзбекәлі Жәнібек, Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Шаханов, Өмірзақ Айтбайұлы, Әселхан Қалыбекова сияқты әр саланың майталманы еске түседі. Сол топырақта туған біз үшін осы тұлғалар – зор мақтаныш.
Жәдігер • 06 Қараша, 2025
Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның Талаптыдағы тұрған үйі қазір әдеби-мемориалдық қызмет көрсетіп тұрғаны мәлім. Талапты ауылына табаны тиген азаматтар қара шаңыраққа соқпай кетпейді. Мұнда қайраткер қаламгердің шығармашылық мұрасы, өзіне және отбасына тиесілі біраз дүние сақталған.