Соңғы жаңалықтар
Ғалам ғажаптары • 04 Қараша, 2025
Өртті өздігінен сөндіретін роботтар
Сиэтл қаласында орналасқан «Seneca» стартап-компаниясы әлемдегі алғашқы толықтай автономды әуе өрт сөндіру жүйесін ұсынды.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Еліміздің танымал теннисшісі Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирінің жартылай финалында сүрінді. Бастапқы бәсекелерде Алексей Попырин (Аустралия), Корантен Муте (Франция), Тейлор Фриц (АҚШ), Алекс Де Минордан (Аустралия) басым түскен жерлесіміз жартылай финалда Феликс Оже-Альяссимге (Канада) 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді.
Ғалам ғажаптары • 04 Қараша, 2025
Гуандун провинциясындағы Зияткерлік ғылым және технология институтының (GDIIST) ғалымдары жаңа буындағы BIE-1 атты ықшам суперкомпьютерді көпшілік назарына ұсынды.
Аймақтар • 04 Қараша, 2025
Ұлытау облысының Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде 17 207 адам тұрады. 90-жылдары өндірістің тоқырауына байланысты бұл жерлерден де тұрғындар ауа көшіп, қаладағы, кенттегі көпқабатты үйлер, тұтас кварталдар қаңырап бос қалған еді.
Ғалам ғажаптары • 04 Қараша, 2025
Канаданың батыс жағалауында таңғаларлық өмір салты қалыптасқан. Мұнда адамдар үйлерін жерге емес, су бетіне – арнайы қалқымалы платформаларға тұрғызады.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Қытайдың Уси қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Додада 150 мемлекеттен келген 900-ден аса даян шеберлері күш сынасып, 16 жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Архив • 04 Қараша, 2025
Қазақ тарихында танымал спорт шебері ретінде аты қалған Мұстафа Өзтүріктің руханиятқа да жүрегі жақын болғаны шындық. Спорт саңлағының тіршілігінде көптеген қаламгермен, өнер адамдарымен бірге жүргені хақында да жиі естиміз. Соның айғағындай, бүгінгі жазбамызда біз М.Өзтүрікке тарту етілген кітаптардағы қолтаңбалар туралы айтпақпыз. Бұл деректерді Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Түркия төрінен арнайы жіберді.
Құқық • 04 Қараша, 2025
Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында «Халықтық заңгер» атты республикалық акция өтті. Бұл бастаманың мақсаты – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және мемлекеттік әрі заңгерлік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Өнер • 04 Қараша, 2025
Жетісу облысында Бикен Римова атындағы драма театрда қазақ сахна өнеріндегі жұлдызды жұп – Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбайұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Өнерде – 50, өмірде – 75» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке облыс әкімі Бейбіт Исабаев, сондай-ақ Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұрқанат Жақыпбай, Дариға Тұранқұлова бастаған өнердегі әріптестері, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер жұртшылық қатысты.
Еңбек • 04 Қараша, 2025
Бақытбек Қалдыбаевтың мектептегі ең сүйікті пәні – еңбек сабағы болыпты. Мүмкін мұғалімнің мықтылығы шығар, дәл осы сабаққа келгенде айналасының бәрін ұмытып, іске бар ынтасын салатын. Сондайда «шіркін, басқа пәнді азайтып, тек осы сабақты оқыта берсе ғой» деген бала қиялына қазір өзі күледі.
Театр • 04 Қараша, 2025
Екібастұзда қазақ театры ашылды
Кеншілер шаһарының руханияты үшін айтулы жаңалық десе жарасады. Жаңадан тұсауы кесілген «Ертіс-Баян» театры көрермен қауымның зердесін кеңейте түспекші.
Еңбек • 04 Қараша, 2025
Ауыл шаруашылығындағы алғашқы кәсібін раушан гүлін өсіруден бастаған Тұрсын Тасхожаев араға жылдар салып басқа кәсіпке, яғни жылыжайда көкөніс өсіруге ауысқан. Алғашқыда қызанақ еккен. Бастапқы кезде 1 га жерге егілген қызанақтан 150 тонна өнім алды. Тіпті еккен жартылай ащы бұрышы үш рет өнім берді. Содан бері кәсібін дамытып, бүгінде кешенді агроқұрылымға айналдырды.
Мәдениет • 04 Қараша, 2025
Фотокөрмеде полицияның бір күні
Жақында солтүстікқазақстандық полицейлер өздерінің өмірі мен қызметінің бір күнінен «Заң мен тәртіп» деген тақырыпта көрермендерге фотокөрме ұсынды. Қаланың «Dostyq Mall» сауда-ойын-сауық орталығының фойесіне қойылға бұл көрмені көрермендер ұзақ тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2025
«Қайрат» пен «Семей» плей-оффқа жолдама алды
Алматының «Қайраты» мен Абай облысының «Семей» клубы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф додасына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2025
Таеквондодан әлем чемпионатында жерлестеріміз бір-ақ алтын алды
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Аталған додада 150 мемлекеттен келген 900-ден аса даян шеберлері күш сынасып, 16 жүлде жиынтығын сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2025
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында жанкүйерлердің ең көп қолдауына ие болған командалардың тізімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Қараша, 2025
Алдағы күндері елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2025
Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңді
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте №6) Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA финалдық турнирінің екінші кездесуінде әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекті жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қараша, 2025
Қырғызстанда жаңа үлгідегі паспорттар беріліп жатыр
Елде 3 қарашадан бастап 2025 жылғы үлгідегі жаңартылған дизайны мен күшейтілген қорғаныс элементтері бар жалпыазаматтық паспорттар мен ID-карталар айналымға енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 03 Қараша, 2025
Қараша айында қазақстандықтар қандай салықтар мен есептер тапсыруы керек
Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы қараша айында төленуі және тапсырылуы тиіс салықтар мен есептіліктер тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 03 Қараша, 2025
Ипотеканы мерзімінен бұрын өтеп, қаржыны қалай үнемдеуге болады?
Ипотеканы мерзімінен бұрын өтеу – несие мерзімін қысқартып, артық пайыздық төлемдерден құтылудың тиімді жолы. Дегенмен, мұндай шешім қабылдамас бұрын банктік шарттарды мұқият зерделеу қажет, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 03 Қараша, 2025
Әлемдік аниме нарығының көлемі 34 миллиард доллардан асты
Әлемдік аниме индустриясы жыл сайын тұрақты өсім көрсетіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 03 Қараша, 2025
Зейнетақы жинағын басқару 2026 жылдан бастап қалай өзгереді?
Қазақстанда зейнетақы активтерін басқарудың жаңа ережелері бекітілді. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Қылмыс • 03 Қараша, 2025
Қызылордада қаржы пирамидасының жолы кесілді
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «HRT» атауымен қаржы пирамидасын ұйымдастырған азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Тергеу барысында анықталғандай компания өз қызметін самокаттарды салымшыларға сату және жалға беру арқылы пайда табу жүйесімен жүзеге асырған, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 03 Қараша, 2025
Алматыда жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Алматыда алдағы күндері жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауысты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Қараша, 2025
2025 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстан экономикасының өсімі 6,3 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш елдің тұрақты даму қарқынын айғақтайды, деп жазады Egemen.kz. Бұл туралы экономист Руслан Сұлтанов Tengenomika телеграм-арнасында түсіндірді.
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Санайғақ: Қазақстан халқы санының қаншаға жеткені хабарланды
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының жаңа деректерін жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 445 231 адамды құрады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Қараша, 2025
Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстары талқыланды
Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 03 Қараша, 2025
Желіде қазақтарға тіл тигізген Алика Мухамадиеваға сот үкімі шықты
Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық соты Алика Мухамадиеваға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қараша, 2025
Шортандыда карбон полигоны ашылды
Жаһандық климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелер жағдайында карбонды егіншілік аграрлық секторды дамытудың стратегиялық бағытына айналып келеді, деп жазады Egemen.kz.