Соңғы жаңалықтар
Жоба • 27 Қазан, 2025
Елорда оқушыларының өнертабысы теміржол саласына жаңалық әкелді
11-сынып оқушылары Дінмұхамед Матай мен Әмір Жәнібек теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған «Теміржол рельстерін қосудың инновациялық технологиялары» атты жобаларын таныстырды. «ҚТЖ» компаниясының хабарлауынша, жас өнертапқыштар рельстерді біріктірудің төрт бірдей жаңа әдісін ұсынып, олардың барлығы Қазақстан Республикасында патенттеліп, Женевадағы халықаралық тіркеуге жолданған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қазан, 2025
Оман астанасында өткен Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 турнирінде ел құрамасы барлық қарсыласын ойсырата жеңіп, чемпион атанды. 12 елдің үздіктері жиналған додада спортышаларымыз бірде-бір ойында ұтылған жоқ, нәтижесінде Азияның жоғары дивизионына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Қазан, 2025
Абзал Нүкенов қызметінен босатылды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Абзал Нүкенов Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 27 Қазан, 2025
Марихуана тасымалғандар ұсталды
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің және Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз тасымалдаған күдіктілер тобын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Қазан, 2025
Астанада журналистер арасындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті
Elorda Aqparat медиахолдингінің ұйымдастыруымен Республика күніне, сондай-ақ «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 35 жылдық мерейтойына орай журналистер арасындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Қазан, 2025
Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік сенім мен инвестицияға негізделген
«Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші орынға ие, өңірге тартылған жалпы инвестициялардың 60 пайыздан астамы біздің үлесімізге тиесілі. Бұл – халықаралық бизнестің сенімінің және экономикалық саясатымыздың тиімділігінің айғағы», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.
Заң • 26 Қазан, 2025
Жетісуда «Ақылды полиция» жүйесі іске қосылды
Жетісу облысының Қаратал ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кіші жедел басқару орталығы (ЖБО) ашылды. Нысанның құрылысына 320 млн теңге облыстық бюджеттен бөлінген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қазан, 2025
«Егемен» көтерген мәселе: ауылдарға су жетті
Ұлық мереке республика күні Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Қайыңды ауылдық округіндегі Сөгеті және Мамай ауылдары таза ауыз суға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен Ирландия президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Кэтрин Конноллиді Ирландия президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Қазан, 2025
Тобыл қаласында 450 отбасы баспаналы болды
Тобыл қаласының «Астана» шағын ауданында жаңа бой көтерген 10 тұрғын үй пайдалануға берілді. Заманауи тұрғын үй кешеніндегі 450 пәтерге шамамен 1000 адам қоныстанды.
Президент • 26 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Дональд Трампқа хат жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Республика күні • 26 Қазан, 2025
Жетісуда 25 нысан пайдалануға берілді
Республика күні қарсаңында Жетісу облысында 25 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Қазан, 2025
«Алтын ағыс»: қымбат металдар бағасының өсуі Орталық Азия экономикасын қалай нығайтып отыр
Қымбат металдар нарығында оң серпін байқалады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 26 Қазан, 2025
Ұландықтар жоғалған смартфондарды иелеріне қайтарды
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде адалдық пен жоғары жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Бір күнде олар бірден үш ұялы телефонды иелеріне қайтара алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Қазан, 2025
Бүгін шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттері доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бойынша орташа бағамдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 26 Қазан, 2025
Құс етінің ешкім күтпеген қаупі анықталды
Джордж Вашингтон университетінің ғалымдары зәр шығару жолдарына инфекция түскен әрбір бес науқастың біреуі жануарлар өнімдері арқылы берілетін ішек таяқшасынан (E. coli) зардап шеккен деген қорытындыға келді. Зерттеу нәтижесі mBio журналында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 26 Қазан, 2025
Арыста түнгі уақытта дәрігерді оята алмаған ана 4 жасар ұлынан айырылды
Арыс қаласында төрт жасар Әлирахман Сейітхан аурухана қабырғасында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 26 Қазан, 2025
«Жаңа адамдар» қозғалысы Республика күнімен құттықтады
Республика күні қарсаңында «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы ел азаматтарына арналған құттықтауын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 26 Қазан, 2025
Ұландықтар Республика күнін атап өтті
Алматы қаласындағы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күніне арналған салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 26 Қазан, 2025
Алматы облысында Республика күні ерекше форматта аталып өтті
Қонаев қаласында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған ерекше көріністі тамашалау үшін Орталық алаңға 15 мыңға жуық адам жиналды. Әуеде 550 дронның көмегімен ерекше композициялар көрсетілді, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 26 Қазан, 2025
Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстанның көк туымен көмкерілді
Әлемнің ең биік ғимараты – Бурдж-Халифа биігінен Қазақстанның көк туы желбіреді. Көк байрағымыз бейнеленген сәтте мемлекеттік Әнұранымыз да шырқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 26 Қазан, 2025
Қазақ ертегілері украин тілінде жарық көрді
Бүгін Украина астанасы - Киев қаласында Қазақстан Республикасы күніне орай украин тілінде жарық көрген «Ұлы Даланың сиқырлы аңыздары» атты қазақ ертегілері жинағының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Украинадағы Қазақстан Елшілігі хабарлады.
Президент • 26 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Қазан, 2025
Белбасарда көкпар алаңы ашылды
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында көкпар ойынынан додалар өткізуге арналған жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 25 Қазан, 2025
Өз иесін тапқан көлік: Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
25 қазанда Шымкент қаласында көне ұлттық спорт түрлерінің бірі - асық ату бойынша еліміздегі ең ірі жарыс - екінші республикалық Respublica Asyq Atu турнирінің финалы өтті. Бас жүлде - жеңіл автокөлік үшін елдің барлық өңірінен келген 40 үздік ойыншы бақ сынады.
Қоғам • 25 Қазан, 2025
Батыс Қазақстанда газ бағасы арзандады
Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі облыс тұтынушылары үшін тауарлық газдың жаңа бағасы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 25 Қазан, 2025
Қазақы тазының тұқымын жандындыру мақсатында көрме өтті
Бүгін Алматыда «Қазақы тазы» моно тұқымды көрмесі мен «Қазақстан кинологтар одағының кубогы» өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Қазан, 2025
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылында 90 орындық жаңа ауылдық клуб ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда Мемлекет басшысының Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлады.
Аймақтар • 25 Қазан, 2025
Жетісуда Республика күніне орай 35 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды
Бүгін Республика күніне арналған салтанатты жиында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің 35 тұрғынына мемлекеттік наградаларды табыс етті. Марапаттар ел тәуелсіздігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық, мәдени, қоғамдық өмірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға берілді. Шара Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында өтті, деп жазады Egemen.kz.