Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Облыс орталығындағы көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер жолына жасанды интеллектімен үйлестірілген «Мерген» бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.
Қоғам • 17 Қазан, 2025
2024 жылы көктемде Батыс Қазақстан облысы алапат су тасқынынан зардап шекті. Табиғат апаты тосын әрі төтенше келіп, бірнеше елді мекен су қоршауында қалды. Тілсіз жаудан үйі бүлініп, жарамсыз болып қалған Сырым ауданы Бұлдырты ауылының тұрғыны Эльмира Жұмағалиева былтырғы мамыр айынан бері жергілікті билік органдарына, сотқа бірнеше мәрте жүгініп, әділдік таппағанын айтады.
Өнер • 17 Қазан, 2025
Шығармашылығы тарихпен, иә болмаса, табиғатпен шектелмеген суретші Мағауия Аманжоловтың болмысы да өзгелерден дараланып тұрған деседі. Қылқалам шеберінің мінезі қандай батыл болса, картина жазудағы стилі де сондай батыл деп баға береді замандастары. Қылқаламы қарапайым натюрморттан бастап, тарихтың тереңіне бойлап кете береді. Жазған портреттері де өзгелерден дараланып тұрады. Өнерден хабары бар адам Аманжоловтың туындыларын бір көргеннен-ақ жазбай таниды. Кенеп бетіндегі қылқалам сілтесі өзгеше.
Өнер • 17 Қазан, 2025
«Олар Бетховеннің «Крейцер сонатасын» ойнады. Бірінші бөлімін білуші ме едіңіз? Білесіз ғой. Түу... бұл соната масқара ғой. Әсіресе осы бөлімі. Жалпы, музыка дегенің масқара ғой. Бұл не бұл? Түсінбеймін мен. Музыка деген не? Ол не істетпейді? Сол істегенін неге істейді ол? Музыка адамның рухын көтеруге көмектеседі деседі. Сандырақ, жалған!» деп салады Лев Толстой «Крейцер сонатасы» повесінде.
Тарих • 17 Қазан, 2025
Зардапты «Кіші қазан»: Кешенді зерттеуге – жаңаша ғылыми көзқарас
Республика күні қарсаңында тәуелсіздік жолындағы күрес пен халқымыздың тар жол, тайғақ кешуін еске түсіріп, тарих сабағын байыптау – парызымыз. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың: «Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуге тиіс», деген сөзі қоғамды жауапкершілікке жетелейді.
Ән • 17 Қазан, 2025
Баланың кіршіксіз, риясыз күлкісінен асқан қуаныш та, бақыт та жоқ шығар. Құлындай құлдыраңдап шапқылап жүрген бейкүнә періштенің жүзіндегі жылылық әке біткенді қанаттандыратыны, шабыттандыратыны анық. Көзінің ағы мен қарасындай болған ұлына кім де болса тек жақсылық тілейтініне ешкімнің таласы жоқ. Балаға арналған әдемі әндер аз емес. Солардың ішінде Ғазизхан Шекербектің орындауында «Ұлыма ақыл» әні кімді де болсын ойландырмай, толғандырмай қоймайды.
Сұхбат • 17 Қазан, 2025
Серікбай ОНБАЕВ: Патриоттық тәрбие талбесіктен басталады
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев жасы жетпістен асса да, қоғамдық жұмыс арқылы елге қызмет етіп жүр. Ардагердің бастамасымен мектеп оқушылары, колледж бен университет студенттері арасында ұлттық, патриоттық тәрбиені насихаттау бағытында тындырымды тірлік атқарылып жатыр. Ендеше, патриоттық тәлім-тәрбиенің көрінісі қандай болу керек деген сауал төңірегінде қоғам қайраткерімен сұхбаттасқан едік.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Таяуда жұмыс сапарымен Арқалыққа барып қайттық. Шалғайда жатқан шағын қаланың жерасты құбырлары кейінгі екі жыл ішінде түгел жаңартылды. Тұрғын үйлердің бәрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді деген жылы хабар естігенбіз. Салып ұрып қалалық жылу-энергетикалық компаниясына қарасты су тазартқыш құрылғылар учаскесіне жеткен бетіміз. Мекеме Горбачев көшесінде екен. Көше атауын алғаш көргенде тіксініп қалғанымыз рас. Су басындағы маманнан көше жайын сұрап едік, жайбарақат қана «Өзіміздің Горбачев қой», деп жауап қатты. «Ә-ә...» дедік те, әрі қарай қазбалауды жөн көрмей, әңгіме ауанын негізгі мәселеге бұрдық.
Қоғам • 17 Қазан, 2025
Бұған дейін сайын даладан саумалдың иісін аңқытып, бір мезетте 1000 күбі пісіп, рекорд орнатқан аудан жұртшылығы тағы да рекордтар кітабының жаңа парағын ашты. Жаңаарқаның 500 шапаны мен 500 табақ еті КИнЭС рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді.
Таным • 17 Қазан, 2025
Бертін келе анау Аршатының арғы жағынан төтелей өтіп жүрген Шүй бойындағы ағайыннан алыстап кеттік. Екі араға шекара бекімегенде, Қосағаш пен Жазатырға салт атпен жарым күнде жетіп барар едіңіз. Әттеген-айы, төрт түлігіміз қоралас жатқан іргедегі жұртқа мыңдаған шақырымды айналып жүретін болдық. Анығында, жол түссе ғана жүреміз. Алтайды қақ бөлген тікенекті сымнан тура аса алмаған соң, туысшылауды да сиреттік. Аяқасты болмаса, арнайы баратындар ілу де біреу. Біз-дағы ойда жоқта атқа қондық. Бағыт – Қосағаш, одан әрі Баян Өлгей.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Ұлытау өңіріндегі оң өзгерістер
Ұлытау облысының жаңадан ашылғанына үш жыл болғанына қарамастан, өңірді дамыту, түрлі жобаларды іске асыру, тұрғындарды үймен қамтамасыз етуде алға ілгерілеушілік байқалады. Инфрақұрылымды жаңғырту облыстағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық ахуалына оң әсерін тигізіп отыр.
Экономика • 17 Қазан, 2025
Қытай мен Ресейді жалғайтын жол ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Көлік-логистиканы одан әрі дамыту керек. Еліміз Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұрған аса маңызды көпір болып саналатыны кеңінен белгілі. Былтыр территориямыз арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 млрд тоннадан асты. Сонымен қатар еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға әлі де зор мүмкіндік бар», дей келе, транзиттік логистиканы дамытуды тапсырған еді.
Ғалам ғажаптары • 17 Қазан, 2025
Зоопаркте қоқиқаз саны аз болған жағдайда олар көбеймей қояды. Өйткені табиғатта бұл құстар тек үлкен топ ішінде ғана өзін қауіпсіз сезініп үйренген.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Орал – Бейжің: 14 іргелі жоба жүзеге асады
Батыс Қазақстан облысы (БҚО) мен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) арасында іскерлік байланыстың жаңа парағы ашылды. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев бастаған делегация Қытайда болған үш күн ішінде жалпы құны 134 миллиард теңге болатын 14 ірі инвестициялық жоба жөніндегі меморандумға қол қойды.
Ғалам ғажаптары • 17 Қазан, 2025
Ғылым тілінде бір ағзада әрі аталық, әрі аналық белгілердің қатар дамуын гинандроморф деп атайды. Бұл құбылыс көбіне жыныстық айырмашылығы айқын байқалатын жәндіктер мен құстарда кездеседі.
Қоғам • 17 Қазан, 2025
Баспананы жекешелендіру мәселесі заң аясында шешіледі
Аягөз қаласындағы 267 тұрғын үй әлеуметтік аз қамтылған, мүгедек жандар мен көпбалалы, толық емес отбасыларға берілген. Дегенмен биыл аталған үйлерді жекешелендіруге байланысты бірқатар қиындық туындады.
Ғалам ғажаптары • 17 Қазан, 2025
Африкалық тотықұс Алекс 31 жыл өмір сүріп, ерекше қабілетімен есте қалды. Зерттеушілердің айтуынша, ол 100-ден астам сөзді үйреніп қана қоймай, түстерді, пішіндерді, сандарды ажыратып, кеңістік ұғымдарын меңгерген.
Жәдігер • 17 Қазан, 2025
Арқалық қаласындағы Далалық өлке музейінде халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің домбырасы сақтаулы тұр. Көне жәдігерді музейге ақынның келіні әкеліп тапсырған.
Қоғам • 17 Қазан, 2025
Елордада қазақ тіліндегі алғашқы мобильді ойын ресми түрде таныстырылды. Мемлекеттік тілді меңгеруге, ақыл-ойды дамытуға арналған түрлі тапсырмадан тұратын, қиындықты еңсеріп, белестерді бағындыруға жетелейтін жобаны Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тіл-қазына» ұлттық орталығы әзірлеген. Тұсаукесерге тіл жанашырлары, Үкімет, Сенат мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ата-аналар мен балалар қатысты.
Сенат • 17 Қазан, 2025
Күмәнді кірістерге тосқауыл қойылады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босату туралы мәселені қарап, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті күшейтуге бағытталған заңды қарады.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Түркістан облысында Рухани келісім күніне орай өзара сыйластық пен бірлікті насихаттау мақсатындағы түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Үкімет • 17 Қазан, 2025
Президент тапсырмасы: Үкімет халықтың тұрмысын жақсарту шараларын әзірледі
Премьер-министр Үкімет мүшелері, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен Президенттің азамат мүддесі үшін экономикалық реформа бағдарламасын жүзеге асыруды ретке келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Ұлттық спорт • 17 Қазан, 2025
Кішкентай шабандоздың төрт жүлдесі
Мұнайлы өңірде де ат бәйгесіне қызығушылық артып келеді. Республика күні қарсаңында Жылыой ауданында өткен аламанда 10 жасар шабандоз төрт жүлдеге ие болды.
Экология • 16 Қазан, 2025
«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
Каспий теңізі — жойылып кету қаупінде тұр. Су айдыны жылдам тайызданып барады, бұл — тек бір елдің ғана мәселесі емес, миллиондаған адамның өмір салтына әсер ететін жаһандық экологиялық қауіп. Бұл жағдайды тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана түзетуге болады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 16 Қазан, 2025
Ғалымдар Кореяда жасанды интеллект, инновациялар бағытындағы келісімге қол жеткізді
Кореяда өткен Халықаралық университет президенттері қауымдастығының (IAUP) мерейтойлық конференциясына Алматыдағы жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Қазан, 2025
Ауылшаруашылығы санағы аяқталып келеді
Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылғы ауылшаруашылығы санағының негізгі кезеңі аяқталды. Санақшылар барлық ауылдық елді мекендерге барып, жоспар бойынша белгіленген жұмыстарды толық атқарып шықты деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Қазан, 2025
Мемлекет аумағынан күштеп шығарылды
Солтүстік Қазақстан облысында «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 200-ге жуық дерегі анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 16 Қазан, 2025
380 мыңнан астам алматылық комьюнити орталықтарға барған
Жыл басынан бері Алматыда тұратын 380 мыңнан астам жас комьюнити орталықтардың қызметіне жүгінген. Бұл 14 пен 35 жас аралығындағы жастарға арналған заманауи кеңістіктер, мұнда олар білім алып, жұмысқа орналасып, әлеуметтік және психологиялық қолдау ала алады. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы хабарлады.
Экология • 16 Қазан, 2025
Алматыда түтіні будақтаған автокөліктерді тексеру күшейді
Қазіргі таңда Алматыда жылжымалы экологиялық зертханалар арқылы автомобильдерді тексеру рейдтері жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Қазан, 2025
Алматы облысында әр екінші түлек грант иегері атанды, 27 түлек Қытайда оқуға мүмкіндік алды
Алматы облысында 2025 жылғы бітірушілер науқанының қорытындысы шығарылды. Биыл өңір мектептерін 17 мың 940 оқушы тамамдады. Соның ішінде 7 681 түлек мемлекеттік білім грантының иегері атанды, деп жазады Egemen.kz.